Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 493–498 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 15 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 493,85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,97 теңге. Еуро — 519,04.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 496,3 теңге. Еуро 520,5—524,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Оқи отырыңыз: "Валюталық интервенция жүргізуге дайынбыз". Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы құлдырауын түсіндірді
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 493 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 аралығында саудаланып жатыр.