15 наурыз – Қайырымдылық күні. Қазақстанда түрлі игі іс-шаралар ұйымдастырылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Зейнеткерлер мен көпбалалы аналар операны тегін тамашалайды.

15 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің екінші күні – Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Аталған күн мейірім мен жанашырлықты насихаттауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және қоғамда игі істер мәдениетін нығайтуға арналған.

Министрлік мәліметінше, бұл күні республикалық мәдениет ұйымдары түрлі қайырымдылық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырады. Мәселен, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі "Наурызым мерекем – Наурызым берекем!" атты қайырымдылық акциясын өткізеді. Сонымен қатар елордада "Жүректен жүрекке" акциясы ұйымдастырылады.

Ал Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасында Жорж Бизенің Інжу іздеушілер операсын зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға тегін тамашалау мүмкіндігі беріледі.

Қайырымдылық шаралары тек ірі қалалармен шектелмейді. Астана қаласында "Он игі іс" акциясы өтеді. Оның аясында елордалық кәсіпкерлер тұрғындарға арналған түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.

Ал Ақмола облысында "Жақсылық жасауға асығайық!" және "Жүректен жүрекке" акциялары өткізіліп, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ Атырау облысында жалғызбасты азаматтарды, көпбалалы отбасыларды және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдауға бағытталған "Игі істер марафоны" мен "Жүректен жүрекке" қайырымдылық бастамалары ұйымдастырылады.

Пікірлер

1
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Жазира avatar
Sirius
✓ Сілтеме көшірілді!

Көптен күткен әз-Наурыз келдііі

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз