Ұялы және қалалық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін.
1 маусымнан бастап 1414 операторлары азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу бойынша кеңес беретін болады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
"1414 бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға МӘМС-ке жататын қызметтер түрі, оның ішінде тегін стоматологиялық ем алу мәселелері, сондай-ақ, тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес береді. Одан бөлек, қазақстандықтар медициналық ұйымға 1414 желісі арқылы шағымдана алады. Сондай-ақ, ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдарды қалдырып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімдер бере алады" – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар МӘМС арқылы 30 жастан бастап қатерлі ісік скринингін тегін өте алады
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына тиесілі 1414 бірыңғай байланыс орталығы 1318 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес көрсетеді.
"Біздің кеңесшілер азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу бойынша мәселелері бойынша көмектесе алады. ӘМСҚ байланыс орталығының қызметін мемлекеттік корпорацияға бағыттау ұсынылатын ақпараттың қолжетімділігін, сапасын арттыруға әсер етеді деп ойлаймыз", – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Операторлар азаматтарға eGov.kz порталы, eOtinish жүйесі және ХҚКО қызметтеріне қатысты мәлімет ұсынады.
Айта кетейік, 1414 желісі бойынша ұялы және қалалық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін. Кеңес алу тәулік бойы жүргізіледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
252
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
260
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
242
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
251
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
266
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
252
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
256
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
255
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
227
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
228
-
1
-
5
-