USD: 472.5 / 475.5
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.83 / 5.95
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

14 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Кей өңірде жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

14 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтерілсе, бірқатар облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі және желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, ең жоғары ауа температурасы Түркістан облысында тіркеледі. Мұнда күндіз +41…+43 градус ыстық болады. Қызылордада +40…+42, Шымкентте +39…+41, Жезқазғанда +38…+40, Астанада, Қонаевта және Таразда +37…+39 градусқа дейін ысиды.

Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы +32…+34 градус болады.

Еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Астанада күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін.

Батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт күн астында болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге және ауа райының күрт өзгеруі мүмкін өңірлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау