Тікелей эфир

12 мыңға жуық әлеуметтік қызметкердің жалақысы қашан өседі?

Әлеуметтік қызметкерлердің орташа жалақысы – 220 мың теңге.

Қазіргі таңда әзірленіп жатқан "Әлеуметтік кодекс" аясында әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

"Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 220 мың теңге. Осыны ескере отырып, біз мына "Әлеуметтік кодекстің" аясында әлеуметтік қызметкерлердің статусын өзгертуді, көтеруді көздеп отырмыз. Сол заңнаманың аясында бірінші – мәртебесі көтеріледі, екінші – оларға қойылатын талаптар өзгереді, үшінші – олардың жалақы мәселесі қаралады. Ол үшін біздің министрлікте арнайы жұмыс тобы құрылған. Осы жылдың соңына дейін сол жұмыс тобы өзінің жалақы, мәртебе жайында ұсыныстарын береді. Сосын оның барлығы заңға енгізілетін болады", – деп мәлім етті Ербол Оспанов.


Оқи отырыңыз: Мектеп директоры қай жағдайда екі есе жалақы алады? Оқу-ағарту министрлігінің жауабы


Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 12 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер бар. Олар халықтың әртүрлі санаттарына өмір сүру сапасын жақсарту және күрделі өмірлік жағдайдан шығу үшін көмек көрсету мақсатында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Аталған сала мамандарының 45 пайызы – аудан орталықтары мен қалаларда, 30 пайызы – облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда, 25 пайызы – ауыл округтерінде еңбек етеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары