Ұлыбританиядағы Sunnyfieldsfarm фремасында танымал рок әншісі Оззи Осборнның портреті асқабақтардан түзілді. Шаруалар түрлі түстегі және пішіндегі асқабақтардан 212 шаршы метр аумақта марқұм рок музыканттың суретін салып шыққан. Портрет әлемдегі ең үлкен асқабақ мозаикасы ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайты хабарлады.
Еске салайық, Оззи Осборн биыл 22 шілдеде 76 жасында қайтыс болған еді. Ол ұзақ жыл паркинсон аурының зардабын тартқан болатын.
Оззи Осборн және оның Black Sabbath тобы 1970 жылдардың басында ауыр металл стилінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал болды және рок-музыка тарихындағы ерекше құбылыстардың бірі саналды.
USD:
503.9 / 506.9
EUR:
588.0 / 593.0
RUB:
6.55 / 6.67

