Тікелей эфир

11 маусымнан бастап Шенген визасы қымбаттайды

Ересектер үшін баға 90 еуроға дейін, балалар үшін 45 еуроға дейін өседі.

Қысқамерзімді "Шенген" визасын рәсімдеу құны 11 маусымнан бастап өседі, деп хабарлады Euronews.com

Виза 12 пайызға қымбаттайды. Сәйкесінше, ересектер үшін виза жасату құны 80-нен 90 еуроға, балалар үшін 40-тан 45 еуроға өседі. Еурокомиссияның мәлімдеуінше, бұған шенген аймағына жататын елдердегі инфляция себеп болып отыр. 

"Дегенмен, өзге елдердің визасымен салыстырғанда, шенген визасын жасату құны қолжетімділігін сақтап, салыстырмалы түрде арзан болып қала бермек. Мысалы, Ұлыбританияға виза алу үшін 134 еуро, АҚШ-қа бару үшін 185 еуро, Австарлияға 117 еуро қажет", – делінген еурокомиссиясының мәлімдемесінде. 


Оқи отырыңыз: Еуропаның 27 еліне саяхат: Шенген визасын қалай алуға болады?


Шенген елдеріне Ирландиямен Кипрдан басқа Еурооадаққа мүше елдер, сонымен қатар Румыния, Болгария, Исландия, Норвегия, Лихтенштейн және Швейцария жатады. Бұл елдер Еуроодаққа мүше болмаса да, Шенген конвенциясына қосылған. 

Шенген визасы қазақстандықтар үшін аталған елдерден басқа Латын Америкасындағы кей елдерге баруға да мүмкіндік береді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары