Тікелей эфир

1 қаңтардан қазақстандықтарға кәсіптік төлем жасалады. Ол қандай бөліктерден тұрады?

Төлем мөлшерін есептеуде ең төменгі күнкөріс деңгейі мен зейнетақы жинағының мөлшері негізге алынады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталатын кәсіптік төлемнің ережелерін қоғам талқысына ұсынды. Бұл төлем өз саласының дамуына елеулі үлес қосқан және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтарға 55 жасқа толған уақыттан бастап зейнет демалысына шыққанға дейін төленеді.  

Кәсіптік төлем бірнеше көзден төленеді: 

  • республикалық бюжеттен – 1,5 ең төменгі күнкөріс деңгейі;  
  • міндетті зейнетақы жинақтарынан – мөлшері жинақ көлеміне қарай есептеледі;
  • өмірді сақтандыру компаниясынан – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі;   
  • жұмыс беруші есебінен – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Оны кімдер алады?


Еске салайық, кәсіптік төлем жасауға (оның ішінде республикалық бюджеттен төленетін бөлігіне) 2024-2026 жылдары республикалық бюджеттен 84 754,8 млн теңге жұмсалады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндіруінше, бұл өзгерістер мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау аясында енгізілгелі отыр.

Құжатты жария талқылау мерзімі – 19 желтоқсанға дейін. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары