Көлік министрілігінің Азаматтық авиация комитеті биылғы жаздан бастап Air Arabia Abu Dhabi әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайтынын хабарлады.
"Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің "Air Arabia Abu Dhabi" жаңа әуе компаниясы кіреді. Әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", – делінген комитеттің хабарламасында.
Оған сәйкес, Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Еске салайық, биылғы туристік маусымда Қазақстаннан тікелей рейспен ұшып баруға болатын елдер қатары көбейді. Информбюро әзірлеген мұндай бағыттар топтамасын осы материалдан оқуға болады.
Оқи отырыңыз:
- Биыл Қазақстаннан қай елдерге тікелей ұшып баруға болады? Жаңа бағыттарға шолу
- Абу-Даби әмірлігі Рамазан айына қазақстандықтарға ерекше туристік бағдарлама әзірледі
- Рас-эль-Хайма әмірлігі Алматыда туристік жобаларын таныстырды
USD:
506.1 / 508.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63