1 мамырдан бастап Алматы мен Пусан арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады. Жаңа бағытты оңтүстіккореялық EasterJet әуе компаниясы аптасына екі рет орындайды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл рейс Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласын Алматымен байланыстырып, екі ел арасындағы туристік және іскерлік қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сапарларды бұрынғыдан да қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.
"Кейінгі жылдары Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы артып келеді. 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға жоғары", – делінген хабарламада.
Тікелей рейстің ашылуы туризмнің дамуына, іскерлік белсенділіктің артуына және мәдени байланыстардың нығаюына оң әсер етеді. Сондай-ақ бұл Алматының өңірдегі жетекші туристік орталық ретіндегі позициясын күшейтеді.
USD:
460.3 / 463.1
EUR:
541.5 / 546.5
RUB:
5.97 / 6.09