Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алматыда жол жөндеу жұмыстары басталды.

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 28 сәуір сағат 22:00-ден 29 сәуір сағат 06:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Даналық көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық шектеледі.

"Жөндеу аймағында ескерту белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта қойылады", – делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қозғалысқа енгізілетін шектеулер туралы ақпарат 2GIS және Яндекс Карталар қосымшаларында, сондай-ақ @AlmatyJoly Telegram-арнасында жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз