1-3 қазанда Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл шектеу көрші елде Қытайдың күнін мерекелеуге байланысты қабылданған.

1, 2 және 3 қазанда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

Автомобиль өткізу пункттерінің жұмыс істемеуі Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты. 

"Қазақстан мен Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған тасымалдаушылар мен азаматтардан маршруттарын алдын ала жоспарлау кезінде аталған шектеулерді ескеруді сұраймыз", – делінген ресми хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау