Тікелей эфир

Мәжіліс депутаты жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік сертификатын беруді ұсынды

Алайда экономистер бұған қарсы: әлеуметтік қолдау бағаның көтерілуіне әкеледі.

Мәжіліс отырысында депутат Аманжан Жамалов жауапты тұлғалардың қымбатшылықты тыя алмай отырғанына ашынып, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікті тегін алу үшін сертификат беруді ұсынды, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұған дейін тамақтың қымбаттап бара жатқанын Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов "әкімдік қызметкерлері қажетті қорды жинай алмады, шетелден таситын өнімдердің құны қымбат" деп түсіндірген. Мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласып, "бағаны ретке келтіріңдер" деп Үкіметтің басшысы Асқар Мәминге тапсырған болатын.


Оқи отырыңыз: Азық-түлік бағасы бір жылда 12%-ға өскен: ұн, май, қант едәуір қымбаттады


"Бағаның неліктен қымбаттап жатқанын нақты анықтап, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік сертификатын беруді немесе атаулы әлеуметтік көмекті көбейтуді ұсынамыз. Бағаны қалыпқа келтіру үшін нақты қандай амалдардың жасалып жатқанын халыққа түсіндіруді талап етеміз", – деді Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.

Алайда 31-арна тілшісіне сұхбат берген экономист Сапарбай Жұбаев мұндай бастама саудагерлердің бағаны көтеруіне әкелетінін айтты:

"Мұқтаж адамдардың тізімін түзу жемқорлыққа алып келеді. Өңшең дәулетті, әкімге таныс-білістердің барлығы сертификатпен арзан нәрсені алуға әрекет жасайды".

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Серіктестер жаңалықтары