Прямой эфир Новости спорта

Маңғыстауда көкөніс бағасы күрт өсті: азық-түліктің 90 пайызы сырттан жеткізіледі

Ақтауда Өзбекстан сәбізі 90 теңгеден сатылса, отандық өнім бағасы – 289 теңге.

Маңғыстау облысының орталығында бір келі сәбіздің бағасы 400 теңгеден 550 теңгеге дейін барады. Кәсіпкерлер көкөніс бағасы қымбаттағалы бері қала тұрғындары оны тұтынуды азайтқанын айтады, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік бөлімі мамандарының айтуынша, өңірдегі азық-түліктің 90 пайызы сырттан жеткізіледі. Сәбіз қазір бұл аймаққа Түркменстан, Иран, Өзбекстан, Ресейден және Қазақстанның өзге өңірлерінен тасымалданады. Бағаның өсуіне әсер етіп отырған фактор – осы тасымал шығындары.


Оқи отырыңыз: Азық-түлік бағасы бір жылда 12%-ға өскен: ұн, май, қант едәуір қымбаттады


Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, көкөніс шаруашылығы ішкі нарықты 95 пайыз қамтамасыз етеді. 2020 жылы 644 мың тоннадай сәбіз өндіріліп, оның екі мыңға тоннаға жуығы экспортталған. 32 мың тоннасы өзге елден жеткізілген. Ал 11 маусым күнгі есеп бойынша Қазақстандағы сәбіз қоры – 24 мың 600 тонна.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары