Ұлттық банк қазақстандық жеңіл автокөліктерді несиелеу бағдарламасын бекітті. Қарыздар бойынша шарттар мынадай болады: валюта – теңге, атаулы мөлшерлеме – жылына 4%-дан аспайды, мерзімі – 4 жылдан көп емес, автокөліктің максималды бағасы – 15 млн теңге.
Бағдарламаны бекіту туралы қаулы Ұлттық банктің сайтында 5 маусымда жарияланды. Оны енгізу туралы бастаманы Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Д.Ақышев Үкіметтің 30 қаңтар күнгі кеңейтілген отырысында көтерген болатын. Ол кезде "7-20-25"-тің автокөлікке арналған балама бағдарламасы ұсынылған еді.
Қазақстанда Үкіметтің бекітуімен автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске асырылды. Алайда ол бағдарлама бойынша қаражат бюджеттен бөлінетін болса, бұл жерде ақша Ұлттық банктен шығарылатын болады. Ұлттық банк осылайша қазақстандық автоөнеркәсіп пен экономиканың сабақтас саласын дамытуды жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 55 млн несие шарты жасалған. Қарыз иелерінің жауапкершілігін арттыру ұсынылды
Informburo.kz қазақстандықтар қандай шарттармен отандық автокөліктерді сатып ала алатыны туралы зерттеп көрді.
№1. Несиелеудің тағы бір бағдарламасы не үшін керек?
Ұлттық банктегілер отандық көліктерге сұраныстың көптігіне сәйкес, нарықта әлі мұндай бағдарламаға орын бар, сонымен бірге қазақстандық автоөнеркәсіпті дамыту әлеуеті керек деген пікірде.
Отандық көліктердің көлемін елдің бас банкі жаңа бағдарлама арқылы реттеуді жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар инфляцияны қадағалаудан бөлек, экономикалық өсімге жауап беретін Ұлттық банктің жаңа мандаты шеңберінде жүзеге асырылады. Автокөлік құрастыру 2015-2016 жылдардағы құлдыраудан кейін қайта қалпына келіп жатыр. 2018 жылы 30 мыңнан астам жеңіл автокөлік құрастырылды, биылғы жылы бұл көлемді 60 мыңға дейін көбейту жоспары бар. Автокөліктерге сұраныстың жоғары екендігіне осы мақсатта банктердің беріп жатқан қарыздарының көрсеткіштері куә.
2018 жылы 222,1 млрд теңгеге 92,5 мың автоқарыз берілді, оның 89,2 мыңы (205,2 млрд) банктің несиелеудегі меншікті бағдарламасы бойынша. Жылына 14-26% мөлшерлемесіне қарамастан мұндай несие өнімдеріне сұраныс өсіп отыр.
Сонымен қатар, автонесиелеудің 2015 жылғы Үкімет қабылдаған бағдарламасы бойынша 2018 жылы 3 мың жаңа автокөлікті сатып алуға қаржыландырылды. Ұлттық банктің жаңа бастамасын есепке алғанда Үкімет басшысы А.Маминнің айтуынша, бұл әлі 15 мыңға дейін өседі. Жыл сайын 2023 жылға дейін осы мақсатқа 20 млрд теңге қаржыны қосымша бөлудің есебінен жүзеге асады. Үкіметтің бағдарламасы бойынша, бағдарлама жүзеге асырылған сәттен бастап 42 млрд теңге бөлінген. Ол жаңартпалы әдіспен пайданылған, яғни банктер жаңа несиелерді ескілерінің ақшаларын қайтару есебінен беріп отырған.
Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде Ұлттық банк автонесие қоры банктерде кем дегенде 100 млрд теңгеге ұлғаяды деп күтіп отыр, ал автоөнеркәсіп саласы зор қолдау мен ынталандыруға ие болатын болды.
№2. Бағдарлама қашан басталады?
Ұлттық банктің басқармасы отандық өндірістегі жеңіл автокөлік саласын несиелеу бағдарламасын 31 мамырда бекітті. Қаржы реттеуші ұйым бағдарламаның 2019 жылдың екінші жартысында жұмыс істей бастайтынын іnformburo.kz-ке хабарлады.
№3. Бағдарлама қалай жұмыс істейді?
Автонесиені қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерден алады. Қаражат оған Қазақстанның даму банкінен түседі. Қазақстан даму банкі ақшаны өз кезегінде Қазақстандық тұрақтылық қорынан қарызға алады. Соңғы аталған ұйым Ұлттық банктің еншілес ұйымы.
Даму банкі ақшаны тұрақтылық қорынан 2019-2023 жылдарда жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін облигациялар шығару есебінен алып отырады. Қарыз теңге түрінде жылдық 0,15% мөлшерлемемен тартылады.
Ақшаны алғаннан кейін Даму банкі отандық автоөндірушілер тізімі мен оларға белгіленген шекті соманы анықтайды. Автонесиелеудің үкіметтік бағдарламасы бойынша өндірушілер екеу: "СарыарқаАвтоПром"және "Азия Авто".
2019 жылғы транш бойынша шекті баға 8 млрд теңге, олар оны өзара бірдей бөліп алды.
Сонымен бірге Даму банкі жаңа бағдарламаға қатыса алатын коммерциялық банктердің тізімін анықтайды. Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша соңғы транш аясында ақшаны келесі 5 банк бөліп алды: қазақстандық Сбербанк, ЦентрКредит банкі, Еуразиялық банкі, сондай-ақ Халық банкі мен Қазақстан ВТБ Банкі.
Таңдалған банктер бағдарлама бойынша операцияларға Ұлттық банктен арнайы шот ашады. Одан кейін олар Даму банкімен жылдық 1%-дан көп емес мөлшерлеме бойынша 20 жыл мерзімге дейін банктік қарыз келісім-шартын жасасады. Банктер Даму банкінің алдында қарызды пайдалану туралы есеп беріп отырады. Оларды жаңа қазақстандық көліктерді сатып алуды несиелеу үшін пайданалуға болады.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Нацбанк утвердил программу кредитования автомобилей казахстанского производства. Какие там условия?
№4. Несие қандай шартпен беріледі?
Жаңа бағдарламаның шарттары қолданыстағы Үкіметтің жеңілдетілген автонесие бағларламасымен бірдей:
- Отандық өндірістері көліктердің ең жоғары бағасы – 15 млн теңге;
- Қарыз мерзімі – 7 жылға дейін;
- Қарыз берілетін валюта – теңге;
- Жылдық атаулы мөлшерлеме – 4%-дан көп емес.
Бұл ретте сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 7,5%-дан аспауы керек. Оған қарыз алушының көлікті сақтандыру және кепілдеме рәсімдеу шығындары кіруі тиіс. Бұл шығындарды олар өздері төлеп береді.
№5. Бағдарламаға қандай банктер қатыса алады?
Банктердің ресми тізімі әлі жарияланған жоқ. Оған дейін Даму банкіне банктерді таңдап, олармен келісім-шартқа отыру керек. Алайда Ұлттық банктің қаулысында банктердің жауап беруі тиіс талаптары жазылған:
- Standard&Poor's рейтингтік агенттігінің ұзақ мерзімді несие рейтінгінде "В"-дан кем емес көрсеткішке ие болу. Moody's Investors Service и Fitch агенттігінің рейтингіне қатысты да дәл осындай талап қойылады;
- Несиені игеру кезінде Қазақстанның барлық аймағында филиалдары болуы.
Бірінші талапқа Қазақстандағы барлық ірі банктер жауап береді. Екінші талапта Халық банкі, ForteBank, Евуразиялық банкі, ЦентрКредит банкі, Jysan Bank немесе қазақстандық Сбербанк сияқты банктер ғана қалады. Олардың көбі Үкіметтің автонесиелеу бағдарламасына қатысып қойған.
Авторы Юрий Масанов.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.