Тікелей эфир

Кредит амнистиясы ұзартылмайды. Қаулы жобасы бұрынғы датамен жарияланған (тақырып өзгертілді)

Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Несие амнистиясы бойынша жұмыстар 2020 жылдың І кварталында аяқталғаны және оны жалғастыру жоспарда жоқ екені белгілі болды.

Ескерту: Жаңалықтың тақырыбы мен мәтіні Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өз қаулысының жобасына түсініктеме бергеннен кейін өзгертілді. 


Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі кредиттік амнистияны ұзарту туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. 

2021 жылғы 31 мамырда "Ашық НҚА" порталында әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар үшін кредит бойынша қарызын алып тастау мерзімі мен регламентін өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды. Онда 2019 жылы амнистияға іліккен кей азаматтар туралы мемлекеттік органдар жүйесінде мәліметтердің болмауына байланысты қарыз кешірілмегені туралы хабарланған. 

"Қазіргі кезде әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар түрлі себептермен өмірлік қиын жағдайға тап болып, өз атына алған кредиттік міндеттемелерін орындай алмай отыр. Бұрынғы қаулыда көзделген мерзімдер аяқталды, алайда Мемлекет басшысының жарлығының талаптарына сәйкес келетін, бірақ деректерінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде болмауына, яғни деректерінің цифрландырылмауына байланысты берешектері өтелмей қалған адамдар анықталды", – делінген болатын қаулы жобасында.

Алайда кейін анықталғандай, әңгіме 2019 жылғы тізімде болмаған азаматтардың қарызын кешіру туралы болмаған. Еңбек министрлігі алғашқыда белгіленген мерзімнен кейін жасалған төлемдердің заңдастыру үшін қаулы жобасын қазір жариялаған. Құжат жобасынан мұны түсіну қиын. 

"Қаулыда 2019 жылғы 13 желтоқсаннан кеш емес мерзім көрсетілген. ҚР азаматтарының қарыз берешегін төмендеті 2019 жылғы қыркүйек пен желтоқсанда жүргізілді. Жарғыға ілікпей қалған тұлғаларды толық қамту үшін министрлік үшінші шегерімді 2020 жылғы сәуірде іске асырды (жалпы сомасы 5,5 млрд теңге, 23,4 мың адам). Осыған байланысты министрлік 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулыға өзгерістер енгізу туралы жоба әзірлеген болатын. Қазіргі таңда қарызды шегеру жұмыстары толық аяқталды, оны қайта жүргізу жоспарда жоқ", – деп түсіндірді Еңбек министрлігі. 

 

 
 
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары