Тікелей эфир

Көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңгеден беріледі. Жаңалықтарға шолу

Таразда көпқабатты үйдегі жарылыс болды. Алдағы күндері ауа райы жылы болады.

Алматы облыстық Психикалық денсаулық орталығының жұмысшылары айлықсыз отыр

Мамандар екі айдан бері жалақы алмаған. Ең соңғы рет оларға былтырғы жылдың желтоқсан айында айлық төленген. Содан бері жұмысшылардың әрқайсысына тек 30 мың теңге көлемінде аванс берілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайды үш мекеменің қосылуымен байланыстырып, жұмысшылардың жалақысы ақпан айының соңында толығымен берілетінін хабарлады.

Таразда көпқабатты үйде газ жарылды

Жарылыс 9 ықшамаудандағы №62-ші алты подъездік тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болған. Екі адамның қаза тапқаны хабарланды. Кейін үйінділердің арасынан үшінші адамның денесі табылған.

Н.Назарбаев қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өрттің себебін анықтауға Үкіметтік комиссия құрылды.

Көпбалалы отбасындағы әрбір балаға 21 мың теңгеден төленеді

"Нұр Отан" партиясының ХVІІІ съезінде Н.Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Бұл қаражат табысы төмен көпбалалы отбасыларға берілуі керек деді Елбасы. Атаулы әлеуметтік көмекпен елімізде 830 мыңнан астам адам, соның ішінде 550 мың бала қамтылады.

Мемлекет басышысы сондай-ақ көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігін қарастыруды, отбасында мүгедек бала асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын 30 пайызға көбейтуді тапсырды.

Академик Әбдуәли Қайдаров дүниеден озды

Белгілі ғалым, қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, түркітанушы, ҰОС қатысушысы Ә.Туғанбайұлы биыл 95 жасқа толар еді.

Ол ең алғаш латын графикасына көшуді 1994 жылы ұсынған. 23 жылдан кейін академиктің арманы орындалып отыр. Қазақ әліпбиін латын қарпіне ауыстыру ісіне ғалым кеңесші ретінде өз үлесін қосып кетті.

Павлодарда нан қымбаттады

Облыста нанның бағасы бірден 10 теңгеге көтерілген. Облыстық нан комбинатының басшысы Виталий Сартаковтың айтуынша, бұған ұн бағасының шарықтауы себеп болған. Егер жағдай өзгермейтін болса, комбинатты жабуға не нанды 105 теңгеге дейін қымбаттатуға мәжбүрміз дейді ол.

Бөтелкедегі судан паразиттер табылды

Астана қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің санитарлық дәрігерлері "Халал су" компаниясы өндірген судан лямблия цистасын анықтады. Компанияда санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Соған қарамастан осындай тазалық нормасы сақталмай отыр.

Департаменттен хабарлағандай, Елордада бөтелкедегі суды тасымалдайтын "Pure water", "Rosinka Bio", "AquaExpert", "Атлантида", "Халык Суы Шыгыс", "Кристалл", "Хрустальная", "Water lifе", "Азия", "Астана", "Айлин", "Халал су" мен "Алтын су" компанияларының ғана санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды құжаттары бар.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Ирандық компания Ақтау мен Горган арасында әуе рейсін ашуы мүмкін. "Pouya Air" авиакомпаниясы 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап алғаш рет Ақтау - Горган бағытында тікелей халықаралық рейстерді орындауды жоспарлады. Embraer-145 әуе кемесімен рейс жиілігі аптасына 2 рет.

Baq.kz: 28 ақпан мен 2 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамы. Республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Ал оңтүстік жартысында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласатын жаңбыр жауады. Сонымен бірге, тұман түсіп, көктайғақ болады және күндізгі ауа температурасы плюс 5-тен плюс 18 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

24.kz: KASE қорытындысы: $1 = 377,26 теңге. Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағамы 377,26 теңге.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары