Қазақстанда соңғы екі айда пневмониямен ауырған науқастардың басым бөлігінен коронавирус анықталмаған. Алайда сарапшылар жазда пневмонияның өршуіне коронавирус әсер еткенін жоққа шығармай, бактериалды және коронавирусты пневмония деп екі бөлек қарастырып отыр. Кеше ДДСҰ денсаулық сақтау саласы бойынша төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан пневмонияның бұл түрі дұрыс диагноз қойылмаған Covid-19 болуы мүмкін деген пікір айтты. Қазіргі таңда ДДСҰ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз байланыс орнатып, тест сапасын тексеруге кіріскен.

Informburo.kz өз кезегінде пневмонияның алдын алу және емдеу туралы жоғары санатты пульмонолог, Астана медицина университеті жанұялық медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпованың ұсыныстары мен маңызды сұрақтарға берген жауабын негізге ала отырып, түсіндірме әзірледі.

№1. Пневмонияның алғашқы белгілері қандай?

Ауру симптомдары бірден емес, шамамен 5-7-і күні, респираторлық кезеңде біліне бастайды. Алғашқы симптомдар: жөтел, ентігу, мазасыздық, тыныс алудың қиындауы және кеуде ауыруы болуы мүмкін. Төменгі тыныс алу жолдарының зақымдануының белгісі сырқаттың біртіндеп өрши бастағанын білдіреді.

№2. Пневмония симптомдары байқалса, не істеу керек?

Алғашқы симптомдар әрі қарай өршімесе және температура 7 күннен артық көтерілмесе, онда алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл бірден антибиотиктер қабылдап, компьютерлік томографиядан өтуге себеп емес. Адам 2-3 күн бойы симптомдардың күшейіп жатқанын немесе қайта пайда болғанын байқаса, онда бұл өкпе қабынуының белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдайда зерттеу жүргізу мен емдеу әдісін ауыстырып, қандай да бір терапияны кеңейту қажет.

№3. Қазір бактериалды пневмония маусымы емес. Сонда бұл қандай пневмония?

Қазір бактериялық пневмония маусымы емес және пневмония диагнозы қойылған науқастардың көпшілігінде ПТР-тест нәтижесі теріс болса да, аурудың түп негізі коронавирус болуы мүмкін. ПТР нәтижесі оң болған кездегі картина мен рентгенограмма мен компьютерлік томография көрсеткен пневмония картинасы ұқсас, тіпті еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан өкпенің мұндай зақымдануын "коронавирусты пневмония" деуге болады.


Оқи отырыңыз: Коронавирустың жеңіл түрінде ем жасау дұрыс па? Маман кеңесі


№4. Бактериалды және коронавирусты пневмонияның айырмашылығы қандай?

Коронавирус инфекциясы – төменгі тыныс алу жолдарының вирустық зақымдануы. Бактериалды пневмония кезінде науқастың өкпесінде, төменгі тыныс алу жоларында бактериялар жиналып, ірің пайда болады. Өкпе ауруының қоздырғышы коронавирус болса, онда жасушалық қабыну элементтерінің түсімі дәнекер тінге шабуыл жасайды.

Жоғарғы тыныс жолдарының эпителиялары коронавирус кіретін қақпа болса да, оның соңғы нүктесі – альвеолярлық эпителий, яғни төменгі тыныс жолдары. Коронавирустың ағзаға енуінің екінші әдісі – асқазан-ішек жолдарының эпителиі. Бірақ, бұл сирек кездеседі. Өкпенің зақымдану жиілігі тұмау, қызылша сияқты инфекциялармен теңестірілмейді.

Коронавирусты инфекцияның екінші айырмашылығы – гиперкоагуляцияның дамуымен тамырлардың жаппай зақымдануы. Сондықтан өкпенің коронавирустық зақымдануы екі жақты сипатқа ие, бұл өзгерістер өкпенің түрлі сегменттеріне әсер етеді және өкпенің зақымдану пайызы бактериялық пневмонияға қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан қазір әлемде коронавирусты пневмонияға басқа атау берілмек.

№5. Пневмонияны қалай емдейді?

Температура 38,5 градустан жоғары болса, дененің ауыруын, әлсіздікті жеңілдетуге мүмкіндік беретін қарапайым стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдау ұсынылады. Сұйықтықты көп ішу қажет. Алғашқы кезеңде аурумен иммунитет күресетіндіктен, антибиотиктер мен гормондарды тағайындау қажет емес.

Екінші кезеңде процестің динамикасын бағалау маңызды. Сатурацияның (қанның оттегімен қанығуы) төмендеуі, демікпе болса дәрігерге қаралып немесе жедел жәрдем шақыру қажет. Содан кейін антикоагулянттар тағайындалуы мүмкін. Қабынуға қарсы терапия күшейтіледі.

Бактериялық инфекцияның белгілері немесе зертханалық көрсеткіштер пайда болған жағдайда ғана антибиотиктер тағайындалады. Қауіпті топтағы науқастар – қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдар ерекше бақылауда болуы тиіс.

Ауру көбінесе екі аптаға дейін созылады. Ағзаның қалпына келу кезеңінде әлсіздік, шаршау, жеңіл жөтелу болуы мүмкін. Бұл кезеңде тыныс алу гимнастикасын жасау, таза ауада жаяу жүру ұсынылады.

№6. Коронавирусты пневмония неге рентгеннен көрінбейді?

КВИ көріну-көрінбеуі рентгенографияның қашан жасалғанына байланысты. Шынында да, рентгенография компьютерлік томографияға қарағанда сезгіш емес. Вирустық этиологияның өзгеруі рентгенографияда мерзімі ұзартылған кезде, көбінесе аурудың бірінші аптасынан кейін ғана байқалады. 7-10 күннен кейін рентгеннен қандай да бір өзгерістерді көруіміз мүмкін. Компьютерлік томография жасушалық сүзуді, өкпе тініне қабыну жасушаларының ағымын көруге мүмкіндік береді. Ал мұны қарапайым рентгенограммадан бастапқы кезеңде көру өте қиын. Аурудың алғашқы аптасында жасалған өкпе кескіні мен 10 күннен кейінгі кескін мүлдем басқаша болуы мүмкін. Сондықтан науқастың жағдайы ауыр болмаса, аурудың алғашқы кезеңінде компьютерлік томография мен рентгенография жасаудың еш мәні жоқ.


Оқи отырыңыз: Дәрі тапшылығы мен антибиотиктер зияны. Үйде емделушілерге арналған маңызды 18 сұраққа жауап


№7. Пневмония кезінде ішпен жату пайдалы ма?

Иә. Өкпенің астыңғы бөлігін желдетіп отыру өте маңызды. Дәрігерлер мұндайда "ішпен жату керек" деген кеңес береді және ол орынды. Өкпе жасушасы экскурсия жасауы үшін адамның арқа тұсы ашық болуы керек. Ал арқамен жатқанда бұл процесс шектеледі. Ішпен жатқан кезде ғана арқа ашық болады. Егер аурудың респираторлық белгілері болса және коронавирус бар екені дәлелденсе, күніне бірнеше рет етбетіннен жату ұсынылады.

Пневмонияның ауыр түрімен ауыратындар күніне 12-16 сағат бойы ішпен жатуы керек. Бұл қан айналымының ұлғаюына әкелетін желдетуді арттыру үшін пайдалы, олар өзара байланысты.

№8. Массаж жасаудың пайдасы бар ма?

Ауру кезінде массаждың ауру белгілерін жеңілдететіні дәлелденбеген. Пневмония және өкпенің вирустық зақымдануы кезінде массаждың қандай дәрежеде оң әсері бар екені белгісіз. Сол себепті массаж жасаудың тиімділігі дәлелденбегендіктен бұл әдісті тиімді деп ұсына алмайды. Аурудың пайда болуы мен даму барысын, вирустық пневмония механизмін ескере отырып, массаж ғажайып әсер етеді деуге келмейді. Ал қызба кезінде, бірінші интоксикациялық кезеңде арнайы физикалық әдістерді қолдану ұсынылмайды. Өйткені, осы кезеңнің соңында өкпе тінінің зақымдануының алғашқы белгілері пайда болуы мүмкін.

№9. Иттің етін жеу, адыраспан түтету аурудың алдын ала ма?

Халық емінің тиімділігі дәлелденбеген, себебі, мұндай заттарды қолдану қаншалықты тиімді деп зерттеген ешкім жоқ. Дәлелденбеген соң қандай да бір әдістерді кеңінен жарнамалауға болмайды. Әзірге тәжірибе жүргізілмеді. Дәрігерлер дәлелденген клиникалық медицинаға ғана арқа сүйейді.


Оқи отырыңыз: Covid-19 кезінде ингаляция жасауға болмайды. Небулайзер деген не және ол не үшін қолданылады


№10. Пневмония кезінде шар үрлеп жаттығу жасауға бола ма?

Бұл дем шығару кезінде кедергілер болатын әртүрлі аурулар кезінде қолданылатын тыныс алу әдісі. Дем шығару кезінде тыныс алу жолдарында кедергінің жоғарылауы бронх қысымын арттырады. Бұл ауа жолдарын тегістеуге және желдетуді жақсартуға әкеледі.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігі шар үрлеуді физиотерапияның қауіпті әдісі санайды. Шар үрлегенде тыныс алу мен дем шығару күші бақыланбайды. Шарлардың созылғыштығы әртүрлі және оларды үрлеу үшін әртүрлі күш салу керек. Үрлеуге әлдеқайда көп күш қажет болса, бұл қауіпті болуы мүмкін. Вирустық пневмония мен өкпенің екі жақты зақымдануы кезінде өкпе тінінің икемділігі өзгереді. Мұндайда шар үрлеу зиян келтіруі мүмкін.

№11. Пневмония кезінде жаттығу жасау көмектесе ме?

Жаттығу туралы науқастың жағдайына қарап айтуға болады. Аурудың жедел кезеңінде тыныс алу гимнастикасының ең аз элементтері ұсынылады.

Дем шығару кезінде кедергі элементтерін қосуға болады, бірақ шарларды үрлеуге болмайды. Жәй ғана ерінді сығып баяу дем шығарған жөн. Төсекте жата бермей қозғалу ұсынылады. Қозғалу, төсекте жата бермев бір дене белсенділігі, қаралмау ұсынылады.

Кез келген ауруда қозғалу пайдалы, десе де бұл адамның физикалық мүмкіндіктеріне, яғни ауруды қалай жұқтыруына да байланысты. Әлсіздік, жоғары температура, уыттану болса және науқас төсектен тұра алмаса, онда жаттығу жасау ұсынылмайды. Оларды күш жұмсап, ауырсыну арқылы жасауға болмайды.

Оңалту кезеңінде ғана біртіндеп денеге салмақ түсіруге болады. Дәрігер-реабилитолог науқастың қандай пневмониямен ауырғанына байланысты дене белсенділігі деңгейін анықтайды және оны арттыру тактикасын әзірлейді.

№12. Ұзақ уақыыт синтетикалық маска тағу пневмонияға әкеле ме?

Ғылыми түрде дәлелденбеген. Масканың жарамдылық мерзімі болады және бактериялар матаның өзінде жиналып қалуы мүмкін болғандықтан оны ауыстырып отыру ұсынылады. Масканы қандай материалдан жасалғанына байланысты 2 сағаттан бір тәулікке дейін тағуға болады. Бірақ маска пневмонияны өршітіп жіберуі мүмкін деп айту қиын, тіпті мүмкін емес. Маска тағу коронавирустың өршуіне себепші болатын жетекші әрі басты себеп болуы мүмкін емес.


Оқи отырыңыз: Covid-19 жұқтырып көз жұмғандарды жерлеу рәсімі. Қандай сақтық шаралары сақталуы керек?


№13. Вирус ауада қалып қоюы мүмкін бе?

Ғалымдардың зерттеуінше, вирус ауада қалып, сол арқылыарқылы адамға жұғуы мүмкін. Жұқтыру жолдарын қайта қарау туралы ұсыныстар ДДСҰ-ға жіберілді. Сондықтан масканы адамдар көп жиналатын жерлерде ғана емес, көшеде де таққан жөн.

№14. Пневмония диагнозы қойылған науқастардың ПТР-тесті неліктен теріс нәтиже көрсетеді?

Пневмониямен ауыратын адамдардың ПТР-тест нәтижесі неге теріс болатыны белгісіз. Сарапшылар вирустың орналасқан орнына байланысты деп топшылайды. Вирус өкпенің жоғарыдан төменгі бөлігіне ауысса, онда оны жоғарғы жолдарда анықтау мүмкін емес. Коронавирустың нақты белгілері бола тұра, ПТР-тест теріс нәтиже көрсетуіне бірнеше себеп бар. Соған орай, коронавирусқа тән белгілер болғандықтан кейде аурудың клиникасына, компьютерлік томография ерекшеліктеріне, зертханалық сипаттамаларға назар аударылады. Мұның бәрі ПТР-тест нәтижесі теріс болса да, коронавирусты пневмония деп болжауға мүмкіндік береді.

Диагностикалау материалдарын жинау, тест сапасына және пациенттің бойындағы вирусқа да байланысты болуы мүмкін.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Facebook | Instagram | Telegram

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter