Тікелей эфир

Коронавирустың жеңіл түрінде ем жасау дұрыс па? Маман кеңесі

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сода ерітіндісінің буымен демалғаннан гөрі онымен тамақты шайған пайдалырақ.

Инфекционист-дәрігер, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Баян Тұрдалина халық арасында кеңінен талқыланып жатқан "коронавирустың жеңіл түрінде антибиотик ішуге, сода және спиртпен ингаляция жасауға бола ма?" деген сұрақтарға жауап берді.

Коронавирустың жеңіл түрінде антибиотик ішуге бола ма?

Егер вирус ықпалы жеңіл дәрежеде болса, ең бірінші күннен бастап антибиотик қолдану мүлде дұрыс емес. Бұл вирус, ал антибиотиктер тек бактерияға әсер етеді. Оның өзінің көрсеткіштері бар, олар клиникалық хаттамада жазылған.

Covid-19 жеңіл түрде өтсе, антибиотик қолдануға болмайды.

Себебі, антибиотик вирусқа қарсы әсер етпесе де, пайдалы бактериялар мен микроағзаларды жойып, сәйкесінше иммунитетті әлсіретеді. Сөйтіп, адам басқа вирусқа төтеп бере алмай қалады. Антибиотикті қабылдау арқылы өзімізге зиян келтіреміз.

Антибиотиктер пайдалы микроағзаларды жойып, иммунитетті әлсіретеді.

Оқи отырыңыз: Дәрі тапшылығы мен антибиотиктер зияны. Үйде емделушілерге арналған маңызды 18 сұраққа жауап

Сода және спиртпен ингаляция жасау дұрыс па?

Ингаляция жасайтын арнайы аппарат небулайзер деп аталады. Ол төменгі тыныс жолдарына бронхиалды демікпе кезінде оны кеңейтетін препараттарды жеткізуге арналған. Ингаляциялық аппарат қабылдап жатқан сұйықтықты төменгі тыныс жолдарына дейін жібереді.

Спирт ерітінділерімен ингаляция жасауға болмайды. Ол кілегей қабатын күйдіруі мүмкін.

Құрамында спирті бар қандай да ерітіндіні ингаляциялық аппарат арқылы қабылдау дұрыс емес. Ол өте зиян.

Сода ерітіндісінің ауасымен демалғанға қарағанда тамақты шайған пайдалырақ.

Сілтілі сода арқылы ингаляция жасау да дұрыс емес. Ауыз қуысында дезинфекциялық әсер болу үшін ғана аздап бумен демалуға болады. Дегенмен, буға қарағанда оның ерітіндісімен тамақты шайған дұрыс.

Серіктестер жаңалықтары