Қазақтың ұлттық мәдениетін таныстыру мақсатында мерекелік шаралар мен түрлі көрмелерде киіз үйдің жартылай үлгісі жиі қолданылады. Алайда бұл әлеуметтік желіде пікірталас туғызып, "қазақ жарты үй тіккен бе?" деген сұрақ туды. Филолог Айнұр Төлеу жазбасында қазақта "жарты үй" деген түсінік болмағанын айтып, мұндай көріністің балалардың тарихи танымына әсер етуі мүмкін екенін жеткізді. Алайда музей қызметкерлерінің айтар өз уәжі бар.
Жарты киіз үй дәстүрді бұрмалау ма, оны танытудың заманауи тәсілі ме? Информбюро порталық сарапшылардың пікіріне құлақ түріп, осы сұраққа жауап іздеді.
"Жарты киіз үй" деген ұғым жоқ
Филолог Айнұр Төлеу Facebook парақшасында "жартылай киіз үй" көрсетілген суретті жариялап, қазақта мұндай үй болмағанын айтты.
"Той мен салтанатты шараларда жарты үй көріп үйреніп қалдық. "Мынауың не? Жаман ырым шақырып үйді жартылағандарың қалай?" деген ешкім жоқ. Урбандалып жатқан қазаққа байырғы заманның бір деталін төрге әкеп қойса қуанатын жағдайға жеткендіктен, жарты үй көрсек те қуанып жүрдік. Бір Тұрғын кешенінің ашылуына да осындай жарты үй құрып қойыпты. Алдында алтыбақаны тағы бар. Сосын балам: "Анашым, бұрынғы қазақтар осындай есігі жоқ үйлерде қалай тұрған?" – демесі бар ма. Дәл осы сұрақты естігенде жүрегім сыздады. Біз не көрсетсек балалар соған қарап тұжырым жасайды. Қалалының іші толған жарты үй болса, ол әрине бұрынғы қазақ осындай үйде тұрған деп ойлайды. Мен айтты екен деп ешкім жарты үй тігуді тоқтата салмас. Дегенмен жарты үй деген жақсы да естілмейді. "Шаңырағың бүтін болсын, іргең тыныш болсын" деп тілек айтып, өзіміз жарты үй жасап жүре беретін болдық", – деп жазды журналист.
Тарихшы, профессор Нұрсан Әлімбай да "жарты киіз үй" деген ұғым жоқ екенін, киіз үй тұтас құрылым екенін атап өтті. "Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін" атты жеті томдық академиялық басылымының авторларының бірі саналатын тарихшы мұның себебін түсіндірді.
"Дәстүрлі қазақы ортадағы ежелден орныққан жосын-жоралғысы бойынша киіз үйді тұрғызу немесе оны бөлшектеп көшке дайындау үрдістерінің ешбіреуін орта жолда тоқтатуға болмайды. Яғни, сіз айтқандай, киіз үйді жартылай бұзып-жарып қалдыруды дәстүр қоспайды. Киіз үй тұрғызуды "үй тігу", ал бөлшектеп жинауды "үй жығу" деп атайды. Жоғарыда ішінара айтылғандай, бұлардың әрқайсысы еш үзіліссіз атқарылуға тиіс. Үрдісті жартылай орындау (жарты киіз үй) жамандық әкелетін, кесепатқа апарып соғатын әрекет болып саналады. Сондықтан да дәстүрлі этномәдени ортада "жарты киіз үй" деген ұғым да жоқ. Рас, музейлерде киіз үйдің ішкі құрылымын, ондағы жасауды көрермендерге киіз үйді "бөліп-жарып" көрсететін әдет қалыптасты. Оны экспозициялық-сценалық тәсіл дейді. Яғни соңғысы музейлік мәнді іс-шара ғана", – деді тарихшы Нұрсан Әлімбай.
"Жарты киіз үй" музейде тек экпозиция ретінде қолданылады
ҚР Ұлттық орталық музей қызмерткері, этнограф-тарихшы Оралбек Кәрімнің айтуынша, музейге келушілерге түсіндіру мақсатында экспонат ретінде иіз үйдің жартысы қойылған. Ол қазақ халқында жарты үй болмаған деп айтуға ғылыми негіз жоқ дейді.
"Киіз үйдің дәстүрлі құрылымы кереге, уық, шаңырақ және оларды жабатын туырлық, үзік, түндіктен тұратын тұтас архитектуралық жүйе. Яғни оның әрбір бөлшегі жеке-жеке ғана емес, бір-бірімен функционалдық байланыста қарастырылады. Сонымен бірге, тарихи деректерде қазақ қоғамында толыққанды киіз үйден өзгеше шағын, әскери-жорықтық немесе тұрмыстық баспаналардың болғаны да айтылады. Мысалы, "жолым үй", "Абылайша", "қос" сияқты қарапайым құрылымдар кездеседі. Тіпті өте кедей отбасылардың екі керегеден құрастырылған, шалаш тәрізді баспаналары болғаны туралы дерек бар. Сондықтан "қазақта ешқашан жартылай немесе толық емес баспана болмаған" деп кесіп айту да ғылыми тұрғыдан дұрыс емес", – деді этнограф.
Сарапшы музейдегі жарты киіз үйдің мақсаты басқа екенін, ол тарихи тұрмыста пайдаланылған нақты "жарты киіз үйді" қайта жасау үшін емес, көрерменге киіз үйдің ішкі құрылысын, яғни керегені, уықты, шиді, туырлықты, ішкі жабдықтарды анық көрсету үшін жасалған экспозициялық тәсіл дейді. Қазақстандағы кейбір музей экспозицияларында да киіз үйдің жарты қаңқасы ішінде тұрмыстық заттар мен киіз үй жабдықтар бар.
"Сондықтан мұны "дәстүрді бұрмалау" деп бірден бағалау дұрыс емес. Керісінше, экспозицияның мақсаты – көрерменге көзбен көре алмайтын немесе толық киіз үйдің ішінде байқалмайтын құрылымдық элементтерді ашып көрсету. Мысалы, толық жабылған киіз үйде керегенің, ши мен туырлықтың арақатынасы немесе уықтың шаңырақпен байланысы көрерменге анық байқала бермейді. Ал жартылай ашылған экспозициялық үлгі осыны түсіндіруге мүмкіндік береді. Дегенмен оны тарихи шынайы форма ретінде емес, экспозициялық реконструкция ретінде көрсету маңызды. Яғни қасына "киіз үйдің құрылымын көрсету мақсатында жасалған экспозициялық үлгі" деген түсіндірме берілсе, көрермен оны қазақтың дәстүрлі баспанасының қалыпты формасы деп қабылдамайды", – деді ол.
Оралбек Кәрім музей қызметкері болғандықтан қазақтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрін көпшілікке, әсіресе шетелдіктерге түсіндіру мақсатында "жарты үй" экспозиция ретінде қолданылатынын, оған ғылыми тұрғыда түсіндірме берілуі қажет екенін айта кетті. Айтуынша, "жарты үйдің" мақсаты ғылыми түсіндіру және көрнекілік болса, бұл орынды музейлік тәсіл. Ал музейдің міндеті – көне затты көпшілікке көрсету ғана емес, оның тарихи контекстін, қызметін және халық дүниетанымындағы орнын дұрыс түсіндіру.
"Ал "керегең кең, шаңырағың бүтін болсын" деген тілекке келсек, бұл жерде қазақ дүниетанымындағы киіз үйдің символдық мәні көрінеді. Шаңырақ жай ғана архитектуралық бөлшек емес, отбасының, әулеттің, сабақтастықтың белгісіне айналған. Шаңырақтың киесі туралы этнографиялық деректер де бар. Сондықтан халықтық дүниетаным тұрғысынан тұтас шаңырақ бүтіндік пен берекенің метафорасы ретінде қабылданады. Сол себепті музей ісінде екі ұғымды шатастырмау керек: дәстүрлі мәдениеттегі киіз үйдің тұтастығы және музейлік экспозициядағы оны бөлшектеп көрсету әдісі. Біріншісі – тарихи-мәдени шындық, екіншісі – сол шындықты көрерменге түсіндірудің музейлік әдісі. Дәстүрді көрсету үшін оны міндетті түрде тұтас күйінде ғана көрсету шарт емес, бірақ бөлшектеп көрсеткен кезде оның не үшін бұлай жасалғанын түсіндіру міндетті. Әйтпесе, көрермен экспозициялық әдісті дәстүрдің өзі деп қабылдауы мүмкін", – деп сөзін түйіндеді Оралбек Кәрім.
"Жарты лашық – зұлымдықтың белгісі"
Қазақтың салт-дәстүрін зерттеп жүрген этнограф әрі журналист, "Қазақтың жазылмаған психологиясы" атты кітаптың авторларының бірі Ержан Жаубай "Ер Төстік" ертегісін мысалға алып, неліктен қазақ дүниетанымында "жарты үй" деген түсінік болмағанын түсіндірді.
"Ер Төстік Кенжекейді ұзатып алып жатқан кезде алдынан перінің қызы Бекторы шығады. Сонда Бекторы: "Жар басында демесең. Жарты лашық демесең. Біздің үйге түсе кет. Көбікті саумал іше кет!" дейді. Бекторы неге "бүтін ақ ордама түсіп, қонақ бол" демейді? Неге жарты лашық деп айтады? Мұның өзіндік мәні бар. Жарты лашық – зұлымдықтың белгісі. Оның астарында адамдар секілді бүтін дүниеге ие болуға құқығы жоқ деген философия бар. Ал қазір көрмелерде, түрлі іс-шараларда қазақтың дәстүрін ашып көрсету үшін ыңғайлы деген түсінікпен жарты лашық сияқты жарты киіз үй тігіп көрсетіп жүрміз. Қазақта "түндігің ашылмай қалсын" деген сөз бар. Бұл біле білген адам үшін "ұрпақсыз өт" деген өте ауыр қарғыс. Бұл – қазақ дұниетанымындағы қарғыстың ең ауыры, өйткені қазақ киіз үйде өмір сүрген заманда отауын оң жағына түсіретін болған. Оң жақтағы отауда тұратын келін таңертең тұрған кезде ең алдымен ата-енесі жатқан шаңырақтың түндігін ашқан. Одан кейін барып өз үйінің түндігін ашқан. "Бұл үйдің ұрпағы бар, түндігін ашып беретін келіні бар" деген үлкен демографиялық мәселе. Мысалы, 1931-1932 жылдары қазақ даласында ашаршылық кезінде түндігі ашылмай қалған үй көп болған", – деп түсіндірді этнограф.
Ержан Жаубай мерекелерде, іс-шараларда тек жарты лашық қана емес, түндігі ашылмаған киіз үйді көп көретінін, мұның өзі қазақтың дүниетанымына жат екенін айта кетті. Қазақтың қолөнерін, ұлттық бұйымдарын көрсету үшін "жарты үй" тігу ыңғайлы болғанымен, бұл түсінік ұлттық болмысымызға сай келмейді дейді.
"Шынымен де қазаққа сол кезде жарты лашық керек болса неге үш керегенің басын қосып, елу уықты шаншып, жарты шаңырақ қойып жарты лашық тіге салмаған? Өйткені қазақ бүтіндікті мақсат етті. Сол себепті де бәрі бүтін болды. Жарты лашық емес біз екі керегені бір-біріне тіреп "итарқа" тіктік. Уықтарды біріктіріп, уықытң артын жерге тіреп, ұшын буып "қараша үй" тіктік. Оның бәрінің өзінің тұрмыстық міндеттері бар болатын. "Жарты үй" тігіп жүргендер заман талабына сай деуі мүмкін, бірақ жарты лашық тігуді дұрыс деп санамаймын", – деп сөзін түйіндеді Ержан Жаубай.
"Той мен салтанатты шараларда жарты үй көріп үйреніп қалдық. "Мынауың не? Жаман ырым шақырып үйді жартылағандарың қалай?" деген ешкім жоқ. Урбандалып жатқан қазаққа байырғы заманның бір деталін төрге әкеп қойса қуанатын жағдайға жеткендіктен, жарты үй көрсек те қуанып жүрдік. Бір Тұрғын кешенінің ашылуына да осындай жарты үй құрып қойыпты. Алдында алтыбақаны тағы бар. Сосын балам: "Анашым, бұрынғы қазақтар осындай есігі жоқ үйлерде қалай тұрған?" – демесі бар ма. Дәл осы сұрақты естігенде жүрегім сыздады. Біз не көрсетсек балалар соған қарап тұжырым жасайды. Қалалының іші толған жарты үй болса, ол әрине бұрынғы қазақ осындай үйде тұрған деп ойлайды. Мен айтты екен деп ешкім жарты үй тігуді тоқтата салмас. Дегенмен жарты үй деген жақсы да естілмейді. "Шаңырағың бүтін болсын, іргең тыныш болсын" деп тілек айтып, өзіміз жарты үй жасап жүре беретін болдық", – деп жазды журналист.
"Дәстүрлі қазақы ортадағы ежелден орныққан жосын-жоралғысы бойынша киіз үйді тұрғызу немесе оны бөлшектеп көшке дайындау үрдістерінің ешбіреуін орта жолда тоқтатуға болмайды. Яғни, сіз айтқандай, киіз үйді жартылай бұзып-жарып қалдыруды дәстүр қоспайды. Киіз үй тұрғызуды "үй тігу", ал бөлшектеп жинауды "үй жығу" деп атайды. Жоғарыда ішінара айтылғандай, бұлардың әрқайсысы еш үзіліссіз атқарылуға тиіс. Үрдісті жартылай орындау (жарты киіз үй) жамандық әкелетін, кесепатқа апарып соғатын әрекет болып саналады. Сондықтан да дәстүрлі этномәдени ортада "жарты киіз үй" деген ұғым да жоқ. Рас, музейлерде киіз үйдің ішкі құрылымын, ондағы жасауды көрермендерге киіз үйді "бөліп-жарып" көрсететін әдет қалыптасты. Оны экспозициялық-сценалық тәсіл дейді. Яғни соңғысы музейлік мәнді іс-шара ғана", – деді тарихшы Нұрсан Әлімбай.
"Киіз үйдің дәстүрлі құрылымы кереге, уық, шаңырақ және оларды жабатын туырлық, үзік, түндіктен тұратын тұтас архитектуралық жүйе. Яғни оның әрбір бөлшегі жеке-жеке ғана емес, бір-бірімен функционалдық байланыста қарастырылады. Сонымен бірге, тарихи деректерде қазақ қоғамында толыққанды киіз үйден өзгеше шағын, әскери-жорықтық немесе тұрмыстық баспаналардың болғаны да айтылады. Мысалы, "жолым үй", "Абылайша", "қос" сияқты қарапайым құрылымдар кездеседі. Тіпті өте кедей отбасылардың екі керегеден құрастырылған, шалаш тәрізді баспаналары болғаны туралы дерек бар. Сондықтан "қазақта ешқашан жартылай немесе толық емес баспана болмаған" деп кесіп айту да ғылыми тұрғыдан дұрыс емес", – деді этнограф.
"Ер Төстік Кенжекейді ұзатып алып жатқан кезде алдынан перінің қызы Бекторы шығады. Сонда Бекторы: "Жар басында демесең. Жарты лашық демесең. Біздің үйге түсе кет. Көбікті саумал іше кет!" дейді. Бекторы неге "бүтін ақ ордама түсіп, қонақ бол" демейді? Неге жарты лашық деп айтады? Мұның өзіндік мәні бар. Жарты лашық – зұлымдықтың белгісі. Оның астарында адамдар секілді бүтін дүниеге ие болуға құқығы жоқ деген философия бар. Ал қазір көрмелерде, түрлі іс-шараларда қазақтың дәстүрін ашып көрсету үшін ыңғайлы деген түсінікпен жарты лашық сияқты жарты киіз үй тігіп көрсетіп жүрміз. Қазақта "түндігің ашылмай қалсын" деген сөз бар. Бұл біле білген адам үшін "ұрпақсыз өт" деген өте ауыр қарғыс. Бұл – қазақ дұниетанымындағы қарғыстың ең ауыры, өйткені қазақ киіз үйде өмір сүрген заманда отауын оң жағына түсіретін болған. Оң жақтағы отауда тұратын келін таңертең тұрған кезде ең алдымен ата-енесі жатқан шаңырақтың түндігін ашқан. Одан кейін барып өз үйінің түндігін ашқан. "Бұл үйдің ұрпағы бар, түндігін ашып беретін келіні бар" деген үлкен демографиялық мәселе. Мысалы, 1931-1932 жылдары қазақ даласында ашаршылық кезінде түндігі ашылмай қалған үй көп болған", – деп түсіндірді этнограф.
ЮНЕСКО киіз үй жасау және қолдану дәстүрін кеңейтілген аталым ретінде мақұлдады
Lego киіз үй және Talapai. Қазақтың ұлттық ойындарын қалай жаңғыртуға болады