
Сарапшы Әсем Кенжебектің сөзінше, болашақта адамның цифрлық кеңістікте өзін қалай ұстайтыны бағаланады.
Инвестициялық банкир, венчурлық инвестор және AI Karal брендімен ірі Biotech стартапының негізін қалаушы Әсем Кенжебек Technowomen Central Asia форумында цифрлық репутацияның неліктен маңызды екенін айтты.
"Жақсы ат деген – атақ, абырой-бедел. Бала кезімізден бізге репутация туралы айтады. Кішкентай кезімізде ең мықты репутация – "жұрттың баласы" деген сөз болды. Бәріміз жұрттың баласын үлгі етіп өстік. Репутацияны киелі емен деп алсақ, ол – біздің өзіміз, сана-сезіміміз, қандай адам екеніміз. Ал жақсы ат – киелі еменнен түскен көлеңке", – деп түсіндірді Әсем Кенжебек.
Оқи отырыңыз: Тоқаевтың әлеуметтік желіде белсенді болу тапсырмасын министрлер қалай орындап жатыр? Шолу
Маман бүгінде цифрлық репутация ұғымы пайда болғанын атап өтті. Оның сөзінше, цифрлық репутация – интернеттегі, әлеуметтік желілердегі ақпараттан адам туралы пікір қалыптастыру.
"Қазір әр адам өзінің цифрлық репутациясына мән беруі қажет. Әр жұмыс беруші міндетті түрде жұмысқа алатын адамның әлеуметтік желідегі парақшаларын қарайды. Сондықтан әлеуметтік желідегі парақшаларды қадағалаған жөн. АҚШ-қа визаға тапсырғандардың аккаунтын елшілік міндетті түрде қарап шығады. Қазір қолданысқа жасанды интеллект келді. Рейтингтер қойыла бастады. Таяуда адамды несие тарихына ғана емес, төлем қабілетіне қарай бағалайды. Не сатып аласыз, цифрлық кеңістікте өзіңізді қалай ұстайсыз, соған қарай "жасыл", "қызыл", "сары" түске бөліп, рейтинг жасалады. Бұл өзгеріс бізге тез-ақ келеді. Сондықтан қазірден адами ғана емес, цифрлық репутациямыздың қандай екеніне мән беруіміз керек. Әәлеуметтік желідегі аккаунттарыңызды қарап шығыңыздар, не болса соны жазбаңыздар. "Хайп көпке ұзамайды. Біздің артымызда тек жақсы атымыз қалуы керек", – деді Әсем Кенжебек.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
348
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
313
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
293
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
309
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
279
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
270
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
246
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
280
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
286
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
264
-
0
-
0
-