USD: 484.1 / 488.1
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Шабыттағы" шу: Меруерт Өтекешова мен декан арасындағы дауға не себеп болды

Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Әзірге академия басшылығы бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы қазақ ұлттық өнер университетінде туындаған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Даудың ортасында – Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешова, шеберхана деканы Ернияз Бірімқұлов және театр факультетінің студенттері.

Әлеуметтік желіде тараған видеода студенттер екінші семестр басталғалы бері Меруерт Өтекешоваға "отказной" мен "докладной" жазғандарын айтты. Олардың сөзінше, бұл іске декан Ернияз Бірімқұлов араласып, құжаттарды қалай және кімге жазу керектігін түсіндірген.

"Сабақтан бөлек, студенттерді осы іске араластырған деканымыз Ернияз Бірімқұлов болды. Қалай "отказной" жазу керек, қалай әрекет ету керек, бәріміздің басымызды айналдырған деканымыз Ернияз Бірімқұлов. Екіншіден, бүгінгі емтиханымызда Лейло Ханинга мен Ернияз Бірімқұлов қаншама сөздер айтып, ұстазымызды жылатып, топтағы қыздарға психикалық қысым жасады. Біз мұндай әділетсіздікке қарсымыз (...) Бұл мәселенің басынан аяғына дейін бізбен жеке кездесіп, Шабыттың ішінде, Шабыттың сыртында (...) "осылай жасаңдар, осылай істеңдер" деген біздің деканымыз Ернияз Бірімқұлов. Мұндай дүниелер біздің сабағымызға әсер етті, апайымызбен ара-қатынасымызды бұзды", – дейді студенттер.

@kznews.kz

“Шабыт” өнер академиясының студенттері Меруерт Өтекешовадан бас тартып, арыз жазған. Бірақ, кейін арыз жазуға итермелеген декандары Ернияз Бірімқұлов екенін айтып шағымданды. Енді студенттер әділдік талап етуде.

♬ оригинальный звук - Соңғы жаңалықтар

Алайда емтихан кезінде студенттерге ауыр сын айтты деп айыпталған профессор, актриса Лейло Бекназар-Ханинга жағдайға басқаша қарайды. Informburo.kz сайтына берген пікірінде ол театр саласында сынның қалыпты құбылыс екенін айтып, мәселенің тым әсіреленіп кеткенін жеткізді.

"Менің емтиханыма да басқа профессорлар келеді. Маған да сын айтылады. Біз емтихан біткен соң, жағдайды студенттердің көзінше талқылаймыз. Бәрі маған қарап: "Лейло апай, сіз айтыңызшы" деп өтініш білдірді. Педагогтардың өздері де менің айтқан сыныммен келісетіндерін жеткізеді. Шындықты айту керек, осындай арызқойлықпен жүрген жастардан ертең жақсы артист те, өз позициясы бар азамат та шықпайды. Олар қай оқу орнына, кімнің қолына түскенін, қандай білім алатынын алдын ала білуі керек еді. Ертең бұларға біреу келіп "Терезеден секір" десе, бәрі секіре сала ма? "Меруертке қарсы хат жаз" десе, жазады, "Ерниязға қарсы шық" десе шығады. Шын мәнінде, ішінде бір ғана адам бастап жүр, қалғандары кейін кешірім сұрап жылап жүр дейді. Мен ондай курстың болашағына алаңдаймын. Төрт жыл бойы қалай оқиды?", – деді ол.

Сондай-ақ ол декан Ернияз Бірімқұловқа тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

"Ол – бүкіл факультеттің басын қосып отырған, өте талантты, парасатты азамат. Қандай пысық, қаншама олимпиада мен шараларды ұйымдастырып жүр! Мына жағдайға бәріміз таңғалып жүрміз. Қазір емтихан уақыты болғандықтан, бәріміз жиналып баруға уақыт таппай жүрміз. Бір бала деканға өтірік жала жапты екен деп, оған сенуге болмайды. Мені таңғалдырғаны, студенттер Меруерт Қаратайқызының үстінен хат жазып, оны Ернияз жазғызды деп жала жабуы – күлкілі жағдай. Мұндай мәселені сыртқа шығармай-ақ, ішкі тәртіппен, дисциплинарлық комиссия арқылы, проректорларға айтып шешуге болар еді. Әркім өз құқығын білуі тиіс. Олар баяғыда, төрт-бес ай бұрын болған оқиғаны қайта қозғап отыр (...) Жалпы, әрбір емтиханда сын айтылады. Мен 45 жыл театрда жұмыс істеп келемін, маған режиссерлер әлі күнге сын айтады. Оның несі айып? Артист болған соң, сынды қабылдап, одан әрі жұмыс істей білу керек", – деді профессор.

Ал халық әртісі Меруерт Өтекешова 4vlastinfo порталына берген сұхбатында деканмен арадағы қарым-қатынас қиындағанын жасырмады. 

"Мен ол кісімен 4 жыл жұмыс істедім. Бірінші курсты қабылдағанымда тағы бірге жұмыс істедік. Ол кісі менімен мүлдем ақылдаспайды. Емтихан болған соң, ақылдасып істеу керек. Мен балаларға көмек, кеңес керек болса, хабарласыңдар деп айттым. Ал ол кісі алдын ала "Меруерт апаға хабарласпаңдар, телефонды білмейді, шаршайды" деп айтса керек (...) Кафедраның бастығы ғой, ол жастарға ақыл айтуы керек, оларды түсінуі керек, жақсы жолға шығаруы керек. Ал ол не істеді? Содан кейін мен ректорға барып ол кісімен жұмыс істегім келмейтінін және тағы екінші мұғалім бар, ол кісімен де жұмыс істегім келмейтінін айттым. Қашанға дейін? Егер мені сыйламаса, мені тыңдамаса, мен қалай жұмыс істеймін? Менімен мүлде ақылдаспайды. Мен жоқ сияқтымын. Ол сабаққа келеді, мен сабақта отырсам да, жоқ сияқтымын. Неге десең, менімен ақылдаспайды, тек қана өз ойына не келеді соны істейді. Мен бірдеңе десем, қабылдамайды. Неге? Балаларға не істеген? Ондай адам мұғалім болып мүлдем жұмыс істемеуі керек", – деді халық әртісі.

Ал факультет деканы Ернияз Бірімқұлов болса, бұл жағдайға қатысты студенттің оқудан шығарылғалы жатқаны туралы ақпараттың жалған екенін жеткізді.

"Оқу бөлімінен студенттің оқу үлгеріміне, кредиттерінің меңгерілмегеніне байланысты анықтама келген, оқудан шығарылады деген әңгіме бар. Бірақ әлі талқыланып жатыр, әлі бұйрық шықпады (...) Мен ешкімге ешқандай үгіт-насихат жасаған жоқпын, біріншіден. Ол дәлелденуі керек. Дәлелденбесе, ол жала болып есептеледі (...) Неге осындай дау туғанын өзім де білмеймін. Осы курсқа бірінші семестрде екінші мұғалім болып, қосымша сабақ бергенмін. Екінші семестрде кеттім, себебі Меруерт Қаратайқызы менімен жұмыс істей алмайтынын айтты. Мен ешқандай студентті үгіттеген жоқпын, ешқандай студентке осылай істеңдер деп айтқан жоқпын. Керісінше, мен сол курстан кеткен кезде, студенттердің өздері екіойлы болып қалды. "Онда біз бұл курста оқымаймыз" деген бастамалар болды. Мен оларға осы семестрді аяқтаңдар, ары қарай басқа курсқа ауысасыңдар ма, осы курста қаласыңдар ма, өздерің шешесіңдер дедім", – деді Ернияз Бірімқұлов.

Әзірге академия басшылығы бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз