Тікелей эфир

"Қуатты өңірлер": Ақмола облысы инфрақұрылым мен жаңа жұмыс орындарын құруға басымдық береді

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ауылдарда жалпы орын саны 7,5 мыңға дейінгі мектептер салынып жатыр.

2024 жылы Ақмола облысында оқушылар мен бүлдіршіндердің білім сапасын арттырып, халықты озық медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін 12,8 миллиард теңгеге 14 жоба жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек "Ауыл – ел бесігі" жобасы шеңберінде 84 ауылда 103 іс-шараның тізімі бекітілген. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында жүздеген адам уақытша жұмыспен қамтылады және жобалалар қолданысқа берілген соң тұрақты жұмыс орындары пайда болады. Сондай-ақ сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, электр желілері, мәдениет үйлерінің құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізу – нақты жасалып жатқан жұмыстар тізіміне кіреді. Ал 2023 жылы облыс қандай нәтижелерге қол жеткізді? Бұл туралы толығырақ Ақмола облысы әкімдігі хабарлады. 

"Ауыл – ел бесігі" жобасы – өңірдің мықты драйвері

Ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштерін жақсарту мақсатында 2019 жылдан бастап "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру басталды. Осы жоба шеңберінде даму әлеуеті бар ауылдық елдімекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңарту үшін қаражат бөлінеді. 2023 жылы Ақмола облысының 70 ауылында 111 жобаны іске асыруға республикалық және облыстық бюджеттен 15,6 миллиард теңге бөлінген болатын: республикалық бюджеттен 6,5 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 9 миллиард теңге. Бұл қаражат келесі нысандарды күрделі жөндеуге бағытталды:

  • 27 әлеуметтік нысан;
  • 2500-ге жуық адам тұратын 2 ауылда 17 шақырым кәріз желілері (Дамса және Шортанды ауданы);
  • 15 өңірдің 33 ауылындағы жолдар;
  • 4 ауданның 6 ауылында 100 шақырым сумен жабдықтау желілері;
  • Бұланды ауданының Вознесенка ауылындағы 78 метрлік көпір;
  • 8 өңірдің 19 ауылында 3 км жылу желілері;
  • 300 шақырымнан астам көшелерді жарықтандыру және электрмен жабдықтау желілері;
  • Целиноградтағы 6 мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт, спорт кешені және 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жөнделді. 

Оқи отырыңыз: 2026 жылға дейін 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салынады


2024 жылы "Ауыл – ел бесігі" жобасы шеңберінде 84 ауылда 103 іс-шараны іске асыруға 19,4 миллиард теңге бағытталды: республикалық бюджеттен – 8,5 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 10,9 миллиард теңге. Атап айтар болсақ: білім беру саласында – 33, денсаулық сақтау саласында – 4, мәдениет саласында – 15, спорт саласында – 5, ТКШ – 19, көлік саласында – 27. 103 жобаның ішінде 2023 жылы 54 жоба жүзеге асырылып бастады және 49 жаңа жоба қолға алынды. Осы жобаларды іске асыру кезінде 128 жұмыс орны, оның ішінде 80 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланған және объектілер пайдалануға берілгеннен кейін 48 тұрақты жұмыс орны пайда болады. 

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Білімді ұрпақ – болашақ негізі 

Бұған қуаттылығы жоғары мектептердің салынуы дәлел. Мысалы, жалпы қуаттылығы 7500 орыннан асатын 15 мектеп, қуаттылығы 140 орындық 1 мектеп, 3 дәрігерлік амбулатория және 8 мәдениет үйі, жай-күйі 120 шақырым жол, үш елді мекенде (Астрахан ауданының Таволжанка, Қараөзек және Ерейментау ауданының Никольское елдімекенінде) 2443 адам таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ Аршалы, Ерейментау және Жақсы атты үш ауданның 10 ауылында 11,3 мың адам көше жарығымен толықтай қамтамасыз етілді.

Жеті мың адам тұратын Зеренді ауданының Зеренді ауылы электрмен жабдықталды. Есіл ауданының Бузулук, Двуречное және Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында мәдени демалыс іс-шараларымен шамамен 2 мың адам қамтылды. Осы жобаларды іске асыру кезінде былтыр 218 уақытша жұмыс орны құрылған болатын. Нысандар құрылысы аяқталғаннан кейін 2024 жылы тұрақты жұмыс орындары құрылады.          

"2023 жылы 17 іс-шараны іске асыруға 17,9 миллиард теңге бөлінді, дәлірек республикалық бюджеттен 15,4 миллиард теңге, өңірлік бюджеттен 2,5 миллиард теңге. Қаражат Целиноград ауданы Қараөткел ауылында және Қосшы қаласында 280 орындық екі балабақша, Қосшы қаласында 1200 орындық екі мектеп, Целиноград ауданы Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығын салуды жалғастыруға бағытталды. Қосшы қаласында (2 жоба) және Қараөткел (2 жоба), Талапкер (2 жоба), Қоянды (жаңа жоба), Целиноград ауданы, Жалтыркөл, Жібек жолы, Аршалы ауданында 42 жолайырық, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында сумен жабдықтау желілері, Целиноград ауданы Ақмол ауылы және Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында электрмен жабдықтау желілері салынбақ. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп салу және Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының 6,7,8 шағын ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бойынша 2 жоба аяқталды", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Биыл 14 жобаны іске асыруға 12,8 миллиард теңге көзделген. Республикалық бюджеттен 7,5 миллиард теңге, өңірлік бюджеттен 5,3 миллиард теңге. 


Оқи отырыңыз: Ақмола облысында орман мен дала өрті бір жылда 100% азайды


Целиноград ауданы Қараөткел ауылында және Қосшы қаласында 280 орындық 2 балабақша, Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп, Целиноград ауданы Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы жалғасып жатыр.

Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Моно-шағын қалаларды дамыту

2023 жылы моно-шағын қалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде 6 қалада 8 жобаны іске асыруға 2,8 миллиард теңге бөлінген еді. Жыл қорытындысы бойынша 2,8 миллиард теңге немесе жыл жоспарына 100 пайыз игерілді.

Қаражат Степногорск (Новосибирская көшесі Мир көшесінен 20 шағын ауданға дейін, Степная көшесі Парковая көшесінен 20 шағын ауданға дейін), Ақкөл (Бегелдинов көшесі) және Атбасар (Ақан Құрманов көшесі) қалаларында автожолдарды қайта жаңартуды жалғастыруға бағытталды.

Щучинск (Горный шағын ауданы) Макинск (орталық бөлігінде) және Ерейментау қаласында (Әлжанов және әл-Фараби көшелері бойында) жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы басталды. Ағымдағы жылы жылумен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстарды жалғастыру бойынша 6 жобаны іске асыруға 2 миллиард теңге (республикалық бюджеттен – 1,1 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 852,2 миллион теңге) көзделген.


Оқи отырыңыз: Құтқарушы Александр Усольцев: Адамның аман қалуына себепші болудан асқан бақыт жоқ


Осы жылдың соңына дейін жылумен жабдықтау желілерін салу және автожолдарды қайта жаңарту бойынша 5 жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары