Тікелей эфир

Қазақстанда қанша Қасым-Жомарт бар? Инфографика

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Елімізде президентпен аттас мыңға жуық адам тұрады.

Информбюро порталы Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен аттас қанша азамат тұратынын анықтады. Инфографиканы жасаған кезде 1 мен 33 жас аралығындағы, яғни 1990 жылдан бері дүниеге келген ұлты қазақ ер азаматтардың статистикасы есепке алынды.

Қазақстанда қазіргі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен аттас 818 адам бар. Екі ат болғаннан кейін бірнеше нұсқаны алдық:

  • Қасым-Жомарт – 119;
  • Касым-Жомарт – 9;
  • Қасымжомарт – 639;
  • Касымжомарт – 51.

Диаграммадағы бағандардың үстіне тінтуірді апарып, әр жастағы адам санын көре аласыз. 

1990-1994 жылдары туған азаматтар арасында Қасым-Жомарт есімі мүлдем ұшыраспайды. 28 жастағы үш Қасым-Жомарт бар. Қазір үш жастағы балалар Қасым-Жомарт есімін иемденгендердің көшін бастап тұр. Олардың саны – 63. Шамамен 2020-2021 жылдары дүниеге келген.


Оқи отырыңыз: 2 жасқа дейінгі қазақ балалардың 15 пайызының ғана тегіне "ов" пен "ев" жалғанған. Инфографика


Еске сала кетсек, Ұлттық статистика бюросының сайтында "Мен сияқты неше адам бар?" деген құрал бар. Есімін, жасын, жынысын және ұлтын таңдап, аттас қанша адам бар екенін анықтауға болады. 

Серіктестер жаңалықтары