Тікелей эфир

Қазақстанда АЭС салудың экономикалық тиімділігі: әртараптандыру, экспорт пен инвестициялар

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстандағы атом энергетикасының экономикалық әлеуеті мен болашағына талдау

Қазақстанда атом электр станцияларын салу сенімді және тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге жасалған қадам ғана емес, елдің экономикалық мүмкіндіктерін дамыту құралы да болып табылады. Жаңа атомдық жобалар көлемді экономикалық табыс әкелуі тиіс. Оның ішінде энергетикалық балансты әртараптандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту, инвестициялар тарту мен жоғары технологиялық салаларды дамыту бар. Қазақстанда атом электр станцияларын салу мен қолданудың нақты тиімді тұстарын қарастырайық. 

Қазақстан жоспары: жаңартылатын энергияның үлесін 15%-ға дейін жеткізу

Қазақстан энергожүйенің дәстүрлі отын көздеріне қатты тәуелді болса да, оны әртараптандыру бойынша жоспарлы түрде жұмыс істеуде. Осылайша, жыл сайын өндірістің жалпы көлемінде жаңартылатын энергияның үлесі артып келеді. Ал 2030 жылға қарай оны 15%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Алайда сарапшылардың пікірінше, ЖЭК таза болғанымен, ең сенімді энергия көзі емес. Өйткені ауа-райына қатты тәуелді. Сондықтан атом энергетикасы ЖЭК сияқты экологиялық таза әрі сенімді, тұрақты түрі болып табылады. Атом электр станциясының арқасында билік бір энергия көзіне тәуелділіктен арыла алады. Мысал ретінде Маңғыстау энергокомбинатын келтіруге болады. Оның энергия ғана емес, жалпы қаржылық, материалдық шығын, пайда түспеу сияқты басқа да салдары көп болды.

Сонымен қатар, энергетика саласында мол табиғи ресурстары мен әлеуеті бар Қазақстан АЭС-те өндірілетін электр энергиясын ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін ғана емес, көрші елдерге экспорттау үшін де пайдалана алады. Энергетикалық қауіпсіздік кез келген ел үшін басымдық болып табылатындықтан, электр энергиясын, оның ішінде сыртқы нарықтарға генерациялау мен сенімді тасымалы ұлттық энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторлары бола алады. Электр энергиясының экспортынан валюта қаражаты түсіп, энергия импортына тәуелділік азаяды әрі ел бюджетінің кірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2023 жылы Қазақстан электр энергиясының импортын бес есеге – 17,8 млрд киловатт-сағатқа дейін ұлғайтқанын ескерсек, осы аспект өте маңызды екенін түсінуге болады. Бұл ретте энергия өндірісі іс жүзінде сол деңгейде қалғанын да атап өту керек. Тасымалдың үлкен үлесі Қырғызстан мен Ресейге тиесілі және қазақстандық бюджетке 200 млн доллардан астам шығын келіп отыр. Ал егер елде атом станциясы болған жағдайда бұл ақшаны сақтап қалып, басқа да маңызды міндеттерге бағыттай алушы еді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы атынан шетелдік Атом станциялары үшін ядролық отын жеткізеді. Әрине, бұл – атом саласын дамытуға және еліміздің басқа мемлекеттермен ынтымақтастығына жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды кезең. Алайда елдің өз атом электр станциясы болса, отын бірінші кезекте дәл сол жерге жеткізілетін еді. Нәтижесінде Қазақстанда атом энергиясын өндірудің толық жүйесі қалыптасып, ал таза пайда ядролық отынның Қытайға экспортынан бірнеше есе көп болушы еді.


Оқи отырыңыз: Түркия тәжірибесі: АЭС Қазақстанды экологиялық таза энергиямен қамтамасыз ете ме?


Атом энергетикасы мұнай мен газға тәуелділікті азайтады

Бұдан бөлек, атом энергетикасын дамыту арқылы мұнай мен газға тәуелділікті азайтуға болады. Бұның Қазақстан Ұлттық экономикасына айтарлықтай оң әсері болушы еді. Ең алдымен, экономикаға энергия ресурстары бағасының өсімі азайғаны ықпал етеді. Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары мұнай мен газ құны өте құбылмалы, бұл елдің кірістері мен қаржы ағындарының тұрақсыздығына әкелуі мүмкін. Мысалы, мұнай бағасының күрт төмендеуі экспорттан түсетін кірістер мен бюджетке түсетін салық түсімдерін айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Атом энергетикасын дамыту бұл қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді. Өйткені атом электр станцияларында өндірілетін электр энергиясының бағасы мұнай мен газ құнына қарағанда әлемдік нарықтардағы тұрақсыздыққа төтеп бере алады. Бұл елдің қаржылық жоспары мен дамуы үшін әлдеқайда тұрақты және сенімді негіз бола алушы еді.

Энергетикалық тепе-теңдікті әртараптандыру ел үшін табыс көздерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан мұнай мен газ экспортына ғана сүйене бермей, оған электр энергиясын қосса, экспорттық тауарлардың портфелін ұлғайта алады. Бұл мұнай мен газ бағасына деген тәуелділікпен байланысты тәуекелдерді азайтып қана қоймайды, сонымен қатар экспорттық кірістерді ұлғайту және елдің сауда секторын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Атап өтерлігі, атом электр станциясының құрылысы энергия жүйесін әртараптандыруға ғана емес, сондай-ақ Қазақстан экономикасына да ықпал ете алады. Атом энергетикасын енгізу арқылы энергетикалық секторды дамыту экономиканың жекелеген салалары мен кіріс көздеріне тәуелділігін төмендетуге көмектеседі. Бұл оның сыртқы дағдарыстарға және әлемдік экономикадағы өзгерістерге төзімділігін арттырады.

Сонымен қатар атом энергетикасын дамыту елге инвестициялар мен технологияларды тарта алады. АЭС салу және пайдалану жөніндегі жобаларды дамытуға мүдделі инвесторлар мен технологиялық компаниялар Қазақстан экономикасына қомақты қаражат құйып, білім бере алады. Бұл энергетика саласын жаңғыртып, дамытуға ықпал етіп қана қоймай, экономиканың жоғары технологиялық секторын өркендету және елдің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

АЭС ядролық реакторының орталық залының көрінісі. Фото: Depositphotos.com

 

АЭС құрылысының құны 10-15 млрд долларды құрауы мүмкін

Қазақстан АЭС салу туралы әлі шешім қабылдап, референдум күнін нақтыламағанымен, АЭС-тың  шамамен құны мен пайдасы қандай болатынын сарапшылар есептеп қойған. Мамандардың айтуынша, құрылыс құны 10-15 миллиард долларды құрауы мүмкін. Атап өтерлігі, билік станцияны коммерциялық қаражатқа салуға ниетті. Тасымалдаушылардың қатарына әртүрлі елдің компаниялары кіріп отыр. Тәуелсіз сарапшылар өздерінің қысқа тізімін жасады, онда ресейлік "Росатом", қытайлық CNPC, оңтүстік кореялық KHNP және француздық EDF бар. Компаниялардың әрқайсысының Қазақстанда АЭС салу кезінде қолдануға дайын айтарлықтай тәжірибесі мен технологиялары бар. Мысалы, француздық EDF Францияның өзінде 56 ядролық реакторды, сонымен қатар Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Испания, Бразилия және т.б. елдерде басқарады. Бұдан бөлек,  мемлекеттік корпорация болып табылатын қытайлық CNNC 2020 жылы армияға қару-жарақ жеткізгені үшін америкалық санкцияларға ұшырады. Ресейлік "Росатом" энергоблоктарды жеткізу бойынша әлемде көш бастап тұр. Компанияға қазір дүниежүзі бойынша экспортқа сатылатын 25 Атом энергоблогының 22-сі тиесілісі. Жалпы, "Росатом"-ның экспорттық нарықтағы үлесі шамамен 88% құрайды. Сонымен қатар, "Росатом" Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқан. Бұған "Қазатомөнеркәсіппен" алты бірлескен кәсіпорын, соның ішінде Түркістан облысындағы "Буденовское БК" үлесінің 49%-ы дәлел болып табылады. Ол әлемдегі ең ірі уран кен орындарының қатарына кіретінін атап өту керек.

Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың бағалауы бойынша, көміртегіден бейтарап өмірге ядролық энергиясыз қол жеткізу мүмкін емес. Ол үшін жылына 10 ГВт энергия өндіретін 26 ірі және 26 шағын атом электр станцияларын іске қосу қажет.

АЭС салу және пайдалану станциялардың құрылысына, жолдар, теміржолдар мен коммуникациялар сияқты іргелес инфрақұрылымды дамыту үшін айтарлықтай инвестиция қажет. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті еңбек нарығын дамытуға және осы аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді. "Қазақстандық атом электр станциялары" АҚ бас директоры Тимур Жантикин атап өткендей, энергия инвестициялардың ажырамас катализаторы және экономикалық өсудің қозғаушы күші болып табылады. Онсыз өнеркәсіптің жұмысын қамтамасыз ету, инфрақұрылымның жұмысын қолдау және экономиканың басқа салаларының дамуын ынталандыру мүмкін емес. Бұл тұрғыда жаңартылатын энергия көздері көміртегі салдары мен энергия қоспасының түрлерін азайтуда маңызды рөл атқарғанымен, атом энергетикасы электр энергиясының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі элементі болып табылады. Ал энергиямен жабдықтаудың болжамдылығы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса бизнес пен өндірісті ұзақ мерзімге жоспарлаудағы негізгі фактор болып табылады.


Оқи отырыңыз: Тимур Жантикин: АЭС салу техникалық мәдениеттің жалпы деңгейін көтереді


АЭС аралас индустрияларды дамытуға жол ашады

Атом электр станциясы сияқты ауқымды және ғылымды қажет ететін жобаны енгізу құрылыс және ғылым сияқты іргелес салалардың дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Осындай ауқымды және ғылыми күрделі жобаны іске асыру кезінде басқа салаларды қатар дамыту қажеттілігі туындайды. Бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, қызметтерге сұранысты арттырады. Әрі аралас индустрияларды дамытуды ынталандырады. АЭС құру процесімен бірге жүретін ғылыми зерттеулер мен технологиялық прогресс ғылыми сала мен инновациялардың дамуын, энергетикада ғана емес, басқа салаларда да қолдануға болатын жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтардың пайда болуын ынталандырады.

АЭС салынып жатқан өңірге құйылған инвестициялардан кейін сол жерге білікті кадрлар да тартылады. Атом станциясының құрылысы таңдаулы жұмысшы мамандарды қажет ететін күрделі жоғары технологиялық процесс екендігі үнемі айтылады. Қазақстан үшін атом энергетикасы саласы таңсық емес. Әрі елімізде осы сала үшін мамандар даярланып жатыр. Ал шетелдік университеттермен серіктестік отандық кадрлардың құндылығы мен болашағын дәлелдеп қана қоймай, мамандар даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар мен инженерлер көптеген жылдар бойы қолда бар ядролық реакторларды табысты пайдаланып келеді. Маңғыстаудағы әлем бойынша алғашқы BN-350 жылдам нейтронды өнеркәсіптік реакторы соған дәлел. Бұл зерттеу реакторлары ұзақ жылдар бойы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Мұның барлығы жергілікті кадрлардың кәсібилігін көрсетеді. Тиісті дайындықтан кейін олар атом станциясында да жұмыс істей алады.

Атом электр станцияларын пайдалану және онда қызмет көрсету – бұл әртүрлі мамандарды қажет ететін көп қырлы жұмыс. Атом станциясының құрылысы аймақтағы инфрақұрылымның дамуын ынталандырып қана қоймай, шағын және орта бизнестің өркендеуіне ықпал етеді. Жаңа нысандар мен кәсіпорындардың пайда болуы жаңа жұмысшыларды тартады, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін ұлғайтады. Осылайша, атом электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асыру өңір экономикасына оң әсерін тигізеді. Әрі бизнесті дамыту және жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасайды. 

Серіктестер жаңалықтары