Тікелей эфир

Патриот балалар саны 71 пайызға өсті. "Жас сарбаз" қозғалысының әділетті қоғам құруда маңызы қандай

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ал осы уақыт ішінде әскери-патриоттық клубтар саны 2828-ден 8672-ге дейін артқан.

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінуі керектігін алға тартты. Мұнымен қатар тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік сынды басым бағыттардың қарулы күштеріміздің әскери-патриоттық іс-шараларына да арқау болуы қажет екеніне тоқталды. 

"Мен маңызды идеологиялық тұжырымдарымыз бен негізгі бағыттарымыз туралы тарқатып айтып бердім. Тағы да бір қайталап өтейін: бұл – Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық. Ұлтымыз осы идеялық негіздерді басшылыққа алса, болжаусыз және қарқынды дамып келе жатқан ХХІ ғасырда лайықты орнын табады. Құзырлы мемлекеттік органдардың бәрі өз жұмысын қайта қарап, осы тұғырнамаға үйлестіруі қажет. Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждер студенттермен жүргізілетін жұмысқа осы құндылықтарды үйлестіре кіріктіруі керек. Аталған идеалдар қарулы күштеріміздің әскери-патриоттық іс-шараларына да арқау болуы қажет", – деді президент. 

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының" маңызы қандай?

Осы орайда қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басшысы Тілеухан Басқожаевтан оқушылар мен жасөспірімдерді отансүйгіштікке әзірден бастап баулу үшін қандай шаралар жүзеге асырылып жатқанын сұрадық. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі


"Еліміздегі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру процесінің негізгі локомотиві – "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" республикалық қоғамдық бірлестігі. Ол осы уақыт ішінде елдегі әскери-патриоттық қозғалысты шоғырландыру жөніндегі орталық органға айналды. Қозғалыстың және оның еліміздің барлық өңіріндегі филиалдарының жұмысы арқасында соңғы 5 жыл ішінде әскери-патриоттық клубтар саны 2828-ден 8672-ге дейін, ал оған қамтылған бала саны 73 164-тен 260 162-ге дейін артты. Демек ол мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, елдегі әскери-патриоттық жұмыстың ауқымын қамтиды. Сондай-ақ жыл сайын "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді. Оған екі мыңға жуық әскери-патриоттық клуб пен 55 мың жас жігіт пен қыз қатысады", – деді әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев.

Мұнымен қатар полковник 2023 жылы әскери-патриоттық жиын Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Республикасы командаларының қатысуымен халықаралық форматта өткізілгенін еске салды. Сондай-ақ қорғаныс министрлігінің мемлекет басшысының тапсырмасымен әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында басқа орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2022 жылы әзірленген құжаттарға тоқталды. Бірнеше министрліктің бұйрығымен "Біртұтас ұлт – Біртұтас әскер" жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы әзірленген болатын. Бұл бағдарламада жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері, іске асыру мерзімдері, нысаналы индикаторлар, қаржыландыру көздері және күтілетін нәтижелер айқындалған. 

"Бағдарламадағы қағидалар азаматтарда патриотизмді, рухани-адамгершілік қасиеттерді, бейбіт және соғыс уақыты жағдайында конституциялық және әскери борышқа адалдықты, жауапкершілік пен тәртіпті тәрбиелеуге және дамытуға, Қазақстан Республикасы халқының жоғары моральдық рухын қолдауға бағытталған. Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда 2025 жылға дейінгі идеологиялық жұмыс жоспары бекітілген. Жоспар жобасына әскери қызметшілерді даярлаудың неғұрлым тиімді бағыттарын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар енгізілді. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде өңірлер әкімдерінің бастаған әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі және облыстық кеңестер құрылды. 2030 жылға қарай білім берудің барлық деңгейінде және барлық әлеуметтік топта әскери-патриоттық тәрбиенің жүйелі моделі құрылатын болады. Яғни "Үй – Отбасы – Мектеп – Оқу орны – Армия (еңбек ұжымы)" тігінен мемлекетте өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің бірыңғай, аяқталған және кешенді жүйесін құрылады", – деді Тілеухан Басқожаев. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев 2024 жылы мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды


Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштер ардагерлері тәрбие сағаттарын өткізеді

Полковниктің айтуынша, тәрбие жұмысының сағаттарында мәдени, этникалық, тілдік және діни алуан түрлілікке негізделген, Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен бірлігін нығайтуға ықпал ететін негізгі қазақстандық құндылықтарды ашатын дәрістер мен әңгімелер өткізіледі. Іс-шаралар мақсатты көркем фильмдерді, әдебиеттерді және техникалық тәрбие құралдарын пайдалана отырып, көрнекті қазақстандық мемлекеттік және әскери қайраткерлердің мысалдарында өткізіледі. Түсіндіру іс-шараларын жүргізу үшін әскери қызметшілердің жеке құрамы мен отбасы мүшелерінің алдында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР ҚК ардагерлері тартылады.

Осы қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысына не кіреді?

  • жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында "Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар" әскери-патриоттық акциясын өткізу;
  • "Жас Сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесулер өткізу;
  • мектептер, колледждерде жастармен мынадай мәселелер бойынша кездесулер өткізу: мерзімді әскери қызметтен кейін азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына түсу бойынша; мерзімді әскери қызметті өткеру барысында жоғары оқу орындарына түсуге дайындық жүргізу туралы; қызмет атқару барысында алынған несиелер бойынша кредиттік жеңілдіктер берулері бойынша.

"Осы күнге дейін бұл топ қалалардың мәдениет үйлерінде мемлекеттік әскери-тарихи музей экспонаттар көрмесін ұйымдастырды. Көрме барысында 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстың батырлары мен ауған жауынгерлерінің тарихи құндылығы бар артефактілер, жеке заттар, әскери керек-жарақтар және басқа да материалдар көрсетілді. ҚР ҚК және ұлттық ұланның әскери бөлімдері атқыш қару-жарақтар көрмесін жасады. ҚР ҚМ орталық ансамблі ұлттық ұланның хорымен бірлесіп концерттік бағдарламаны көрсетуді ұйымдастырды. Қалаларда ЖӘБО, аумақтық қорғаныс бригадалар, ұлттық ұлан және шекара қызметі әскери қызметшілері және олардың отбасы мүшелері үшін концерттік бағдарлама қойылды, музей экспонаттары көрмесі көрсетілді", – деп қосты полковник. 


Оқи отырыңыз: Әскери ордендер Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен аталмақ


Мұнымен қатар келесі шаралар тұрақты түрде өткізіледі:

  • "Айбынды әскер" әскери-патриоттық акциясы (әскерге шақырылған жастармен шақыру науқаны кезеңінде өткізіледі);
  • әскери мамандар арасында "Әскер тарланы" байқауы (үздік танкист, ұшқыш, барлаушы, сапер және т. б.);
  • "Сарбаз сахнасы" сарбаз ән фестивалі;
  • "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық ән фестивалі.

Тілеухан Басқожаевтың айтуынша, әскери қызметшілердің балалары үшін демалыс ұйымдастырылған, үйірмелер және спорттық секциялар жұмыс жасайды.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Мемлекеттік әскери-тарихи музей базасында есепке алынбаған жерлеу орындарын іздеу және оларды мәңгі есте қалдыру жөніндегі іздестіру-экспедициялық бөлімше құрылған. Әскери-патриоттық тәрбиелеу мүддесінде "Ерлік сабақтарын" және "Ашық есік күндері" өткізіледі. "Жас ұлан" республикалық мектептерінің үшеуінде және Астана қаласындағы әскери колледжінде мыңнан астам бала оқиды. Мектепке түсу кезінде жетім балалар мен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің балалары жеңілдіктерді пайдаланады. Мектеп оқушылары үнемі әскери-патриоттық іс-шараларға қатысады. "Жас сарбаз" қозғалысының қатарындағы жас жігіттер отан қорғаушы мамандығын жиі таңдайды. Дамудың осы векторын ұстана отырып, қоғам өзін құндылыққа бағдарланған, білімді, рухани және адамгершілік негізінде тәрбиеленген, патриоттық көзқарастағы азамат бейнесіндегі берік платформамен тұрақты түрде қамтамасыз етеді. Сондықтан да қорғаныс министрлігінде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс ұйымдастырылған. Өскелең ұрпақпен өткізіліп жатқан жұмыстар әскери-патриоттық сұрағындағы проблемалық сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді", – деп қортындылады Тілеухан Басқожаев. 


Оқи отырыңыз: Президент әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды


 

Серіктестер жаңалықтары