Тікелей эфир

Орталық Азия елдерінің жастары Үндістанға сапарлады

Фото: Қазақстандағы Үндістан елшілігі
Фото: Қазақстандағы Үндістан елшілігі
Делегация қатысушылары Үндістанның бірнеше қаласына барып, тарихи орындары мен білім ошақтарын аралады.

2024 жылдың 5-13 наурыз аралығында Орталық Азияның бес елінен келген жүз белсенді жас Үндістанға сапарлады. Үндістан-Орталық Азия саммиті алғаш 2022 жылы өтті. Биыл екінші рет Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қырғыз Республикасынан келген жас көшбасшылар Үндістандағы тарихи орындармен, білім және ғылым институттарының қызметімен танысып, айтулы тұлғалармен кездесті.

Үндістан мен Орталық Азия ғасырлар бойы тығыз байланысып келеді. Біздің заманымызға дейінгі 3 ғасырдан біздің заманымыздағы 15 ғасырға дейін Жібек жолы сауда мен мәдени алмасуды жеңілдетіп, Буддизм Үндістаннан Орталық Азияға осы керуен арқылы тарады. Тіпті қазіргі күні де Үндістан мен бұл аймақты мәдени байланыстар біріктіреді. Бұл байланыс 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де жалғасты. Неру, Рао, Важпайи және Сингх сияқты Үндістанның премьер-министрлері Орталық Азияның жаңадан тәуелсіздік алған елдеріне ресми сапармен барып, өз елдерінің бұл қарым-қатынасқа үлкен мән беріп отырғанын атап өтті. 2012 жылы "Орталық Азияның саясатын байланыстырудан" басталды. 2015 жылдың шілдесінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің Орталық Азияның барлық бес еліне сапарынан соң одан әрі серпін алды.

Фото: Қазақстандағы Үндістан елшілігі

Үндістан мен Орталық Азия арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды нығайту үшін 2022 жылы Үндістан-Орталық Азия саммитінің негізі қаланды. Бұл Үндістан мен Орталық Азия жастары арасында достық қарым-қатынас орнатуға және маңызды мәселелер бойынша жаңа идеялармен бөлісуге тамаша мүмкіндік болды. Қазақстандық жастар тобында кәсіпкерлер, журналистер, квазимемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері бар.

Сапар барысында қатысушылар Үндістанның технологиялық жетістіктерінің қыр-сырын зерттеп, мәдени бай мұрасына тәнті болды. IITs және IIMs сияқты беделді ғылыми-зерттеу институттарының қызметімен танысу, танымал үнді тұлғаларымен ағартушылық сұхбаттар және Қызыл Форт, Құтұб Минар және Тәж-Махал секілді көрнекті тарихи орындарды аралау жас елшілерге ұмытылмас әсер қалдырады. Бұл тарихи іс-шара Үндістан мен Орталық Азия арасындағы көпір іспетті, өйткені қатысушылар үйлеріне қазіргі Үндістанды терең түсініп оралған кезде адам мен адам арасындағы тұрақты байланыстарды дамытады.

Фото: Қазақстандағы Үндістан елшілігі

Сапардың соңғы күндері Делидегі Қызыл фортқа барып, кешке екі жақтың мәдени қойылымдары өтті. Оған құрметті тұлғалар, соның ішінде Жастар істері және спорт министрі куә болды. Сапар соңы Прадханмантри Санграхалаяға (премьер-министрдің музейі) экскурсия жасаумен аяқталды. Сыртқы істер министрі С.Джайшанкармен сөйлесіп, Бхараттағы тәжірибелерін айтты.

Сапар Аградан басталды. Делегаттар Тәж-Махал мен Агра фортын көріп, MY BHARAT волонтерлерімен танысты. Ахмедабадта олар Ұлттық сот сараптамасы университетінде болып, ондағы MY BHARAT еріктілерімен кездесті. Келесі күні олар IIM Ахмедабад институты және тоқыма өнеркәсібі сияқты беделді мекемелерге, Ғарышты қолдану орталығына барды. Ахмедабадта жоғарғы әкімшілік басшылармен кездесіп, кешке Сабармати Ашрамға және Сабармати өзенінің жағалауында жүріп қайтты.

Фото: Қазақстандағы Үндістан елшілігі

Сапардың соңғы күндері Делидегі Қызыл фортқа барып, кешке екі жақтың мәдени қойылымдары өтті. Оған құрметті тұлғалар, соның ішінде Жастар істері және спорт министрі куә болды. Сапар соңы Прадханмантри Санграхалаяға (премьер-министрдің музейі) экскурсия жасаумен аяқталды. Сыртқы істер министрі С.Джайшанкармен сөйлесіп, Бхараттағы тәжірибелерін айтты.

Үндістан-Орталық Азия саммиті 2022 жылы премьер-министр Нарендра Модидің жетекшілігімен шақырылды. Бұл өз кезегінде аймақтық қатынастарды ілгерілетуге алғышарт болды. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қырғыз Республикасының көшбасшылары қатысқан саммитте білім беру саласы басты сала ретінде қарастырылды. Орталық Азия елдерінің көшбасшылары Үндістандағы білім беру институттарының өз елдерінде кампустар ашуға мүдделі екенін құптап, ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын атап өтті.

Фото: Қазақстандағы Үндістан елшілігі

Бұл маңызды кездесу Үндістан мен Орталық Азия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. 
Орталық Азия жастар делегациясының Үндістанға жақында жасаған сапары аймақтық ынтымақтастықтың маңызды сәтін көрсетті. 2022 жылы бастау алған Үндістан-Орталық Азия саммитінен туындаған бұл трансформациялық алмасу елдер арасындағы байланыстарды нығайтты. Бұл сапар Үндістанның стратегиялық, экономикалық және даму салаларындағы тұрақты серіктестікті нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары