Тікелей эфир

Оппенгеймер, Джон Уик, Өрмекші адам: 2023 жылдың үздік кинопремьералары қандай?

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Биыл Marvel студиясы бірнеше фильмін жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

2023 жылы қандай танымал фильмдер жарыққа шығады? Informburo.kz тілшісі шетелдік және қазақстандық кинофильмдер премьераларына шолу жасады. Премьераны жіберіп алмау үшін күнтізбені ашып, күнін белгілеп қоюға кеңес береміз.

Zero

Сурет: kino.kz
  • Жанры: драма, әлеуметтік фильм
  • Ел: Қазақстан
  • Режиссері: Талғат Жәнібеков
  • Премьера уақыты: 2023 жылдың қаңтары

"Жігіттер" вокалдық тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың фильмі. Картинада Бағланның басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Ол қарапайым өмір сүріп жатады: көп жерде өнер көрсетеді, достарымен араласады, отбасына қамқорлық жасайды. Бірақ достарының бірімен казиноға барған сәттен бастап бәрі өзгеріп сала береді. Бос уақытын казинода жиі өткізе бастайды. Әр ойын сайын жеңістің тәтті дәмін сезіп, үлкен сомада ұтыс ұта бастайды. Алайда бұл жеңістердің соңы жеңілістерге ұласады. Бағлан енді қиын жағдайдан шығудың жолын табуы керек. Ол тағдырдың ауыр соққысына төтеп беріп, адамдық қасиетін сақтай ала ма?


Оқи отырыңыз: Кинотеатрлар неге әлеуметтік фильм көрсетуден қашады? Режиссермен сұхбат


Құмырсқа-адам мен Ара: Квантомания 

Сурет: soyuz.ru
  • Жанры: фантастика, экшн, триллер, комедия, детектив, шытырман оқиға
  • Ел: АҚШ
  • Режиссері: Пейтон Рид
  • Премьера уақыты: 2023 жылдың ақпаны

Пол Радд, Эвангелин Лили және Майкл Дуглас үлкен экранға қайта оралады. Тағы да қорқынышты қауіп, тағы да қорқынышты зұлымдыққа қарсы тұру. Бұл жолы ансамбль құрамына супер зұлымды сомдайтын Джонатан Рис-Майджорс қосылады. Сонымен қатар картинада Билл Мюррейді көре аламыз. Алайда оның кімді ойнайтыны әзірге белгісіз.

Джон Уик-4

Сурет: pluggedin.ru
  • Жанры: экшн, триллер, қылмыс
  • Ел: АҚШ
  • Режиссері: Чад Стахелски
  • Премьера уақыты: 2023 жылдың наурызы

Киллер туралы фильмнің төртінші бөлімі ұзақ кідірістерден кейін жарыққа шықпақ. Бас кейіпкер үшінші бөлімнің соңында Кландар кеңесіне қарсы соғысуға дайын отырған Көгершін патшасын паналайды. Ал төртінші бөлімде  не болатыны әзір белгісіз. Бірақ Чад Стахельски сұхбаттарының бірінде төртінші бөлімде happy end болмайтынын айтқан еді.


Оқи отырыңыз: "Бастау" фестивалінің отандық киноны дамытудағы үлесі қандай?


Галактика сақшылары-3

Сурет: itc.ua
  • Жанры: фантастика, экшн, комедия, шытырман оқиға
  • Ел: АҚШ
  • Режиссері: Джеймс Ганн
  • Премьера уақыты: 2023 жылдың мамыры

Marvel комикстеріне негізделген америкалық суперқаһармандар туралы фильмі. "Галактика сақшылары" (2014) және "Галактика сақшылары-2" туындыларының жалғасы. Бұл жолы да Галактика сақшылары ғаламды сақтап қалу үшін қауіпті жауға қарсы тұруы керек.

Өрмекші адам: Әлемдер арқылы-2

Сурет: tlum.ru
  • Жанры: мультфильм, фантастика, экшн, комедия, шытырман оқиға
  • Ел: АҚШ
  • Режиссері: Жуакин Душ Сантуш, Кемп Пауэрс, Джастин Томпсон
  • Премьера уақыты: 2023 жылдың маусымы

Бұл "Өрмекші адам: Әлемдер арқылы" (2018) фильмінің жалғасы. Оқиға желісі "Өрмекші әлемі" деп аталатын балама ғаламдар арасында өрбиді. Бас кейіпкер Майлз "Өрмекші күші" деген атпен танымал Өрмекші-адамдармен тобымен бірге әлемдерге саяхат жасайды.


Оқи отырыңыз: Бауыржан Шөкенов: Франция қазақстандық киноның прокатына қаржылай қолдау көрсетеді


Оппенгеймер

Сурет: soyuz.ru
  • Жанры: драма, өмірбаян, тарихи
  • Ел: Ұлыбритания, АҚШ
  • Режиссері: Кристофер Нолан
  • Премьера уақыты: 2023 жылдың шілдесі

Кристофер Ноланның фильмдері әрдайым кинокөрерменнің назарында. Киносарапшылардың болжамынша, "Оппенгеймер" фильмінің 2023 жылдың ең таңдаулы туындысына айналуы ғажап емес.

Кристофер Нолан фильмде әлемдегі ең жойқын қару – атом бомбасын ойлап тапқан Роберт Оппенгеймердің өмірбаянын негізге алған. Ғалымның рөлін Килиан Мерфи сомдайды. Ол бұған дейін де режиссердің  фильмдерінде қосалқы кейіпкерлерді жандандырған еді.

"Орындалмайтын миссия-7"

Сурет: itc.ua
  • Жанры: шытырман оқиға, экшн, триллер
  • Ел: АҚШ
  • Режиссері: Кристофер МакКуорри
  • Премьера уақыты: 2023 жылдың шілдесі

Том Круз 27 жыл бойы арнайы агент Этан Ханттың рөлін ойнап келеді. Жетінші бөлімде алдыңғы бөлімдердегі көптеген таныс кейпкер бар. Ал 2024 жылы "Орындалмайтын миссия-8" шығады. 


Оқи отырыңыз: Балалар жылы балалар фильмі түсірілмеді. Қазақта неге "Қожаның" орнын басатын кино жоқ?


Әбіл

Сурет: brod.kz
  • Жанры: тарих, драма, көркем фильм
  • Ел: Қазақстан
  • Режиссері: Елзат Ескендір
  • Премьера уақыты: 2023 жылдың ортасы

Фильмде Оңтүстік-шығыс Қазақстанның бір ауылындағы 1993 жылдар суреттеледі.  Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін колхоздар мен совхоздар тарай бастады. Малды бөлу, мүлікті жекешелендіру басталды. Бүкіл ауыл тұрғынының мал-мүлік тең, әділетті түрде бөлінетініне сенімі жоғалады. Бас кейіпкер Әбіл – атақты колхоздың беделді шопаны. Ол өмір бойы мал баққан. Ол да жекешелендіруден өз үлесін алып қалуға барын салады. Алайда оны неше түрлі қиындық күтіп тұр.

Дюна-2

Сурет: mirf.ru
  • Жанры: ғылыми фантастика, экшн, драма, шытырман оқиға
  • Ел: АҚШ, Канада
  • Режиссері: Денис Вильнев
  • Премьера уақыты: 2023 жылдың қарашасы

2021 жылы Денис Вильневтің "Дюна" фильмі үлкен құм құрттары мен ғарыш қақтығыстары арқылы көрермен назарын аударған еді. Ол пандемия кезіндегі ең үлкен шығарылымдардың бірі болды және "Оскар" сыйлығының он номинациясын алды. Режиссер бастапқыда оқиғаны бірнеше тарауға бөлуді көздеген. Сондықтан бірінші бөлімінде Франк Герберттің роман-эпопеясының жартысына жан бітірген.

Фильмнің екінші бөлімінде Пол Атрейдестің (Тимоте Шаламе) Чани (Зендеа) мен фремендерге қосылу тарихын баяндайды. Бас кейіпкер махаббат пен ғалам тағдырының бірін таңдауға мәжбүр болады.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары