31 қаңтарда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстанның жаңа Ата Заңының жобасын қоғам талқысы үшін жариялады.
Комиссия мүшелерінің айтуынша, Конституцияның 77 бабы өзгеріске ұшыраған. Нәтижесінде қазіргі қолданыстағы Ата Заң 9 бөлім, 99 баптан тұратын болса, оның жаңа жобасында 11 бөлім, 95 бап бар. Құжатта бөлім саны артқанымен, бап санының азаюына Мәжіліс пен Сенаттан тұратын парламенттің орнына бір палаталы Құрылтайды енгізуге байланысты баптардың, сондай-ақ қорытынды ережелер баптарының қысқаруы негіз болды.
Ал жаңадан қосылған екі бөлім "Қазақстан Халық Кеңесі" және "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу" деп аталған.
Бұл материалда Конституцияның қолданыстағы және жаңа жоба түріндегі нұсқаларын сарапшылармен бірге салыстыра отырып, ең негізгі өзгерістерге кесте форматында шолу жасадық.
Ал тұтас Конституциядағы өзгерістер бойынша жасалған толық салыстырмалы кестені осы сілтеме бойынша өтіп оқи аласыздар.
|
ҚР қазіргі Конституциясы |
ҚР Конституциясының жаңа жобасы |
|
Мемлекет қызметінің қағидаттары мен стратегиялық бағыты айқындалмаған. |
Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын орнықтыру; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау. |
|
Халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде белгіленген. |
Оған қоса Қазақстан халқының Егемендіктің де иесі екені айқындалған.
|
Ерлан Қошанов, мәжіліс төрағасы:
– Соңғы жылдары әр қазақстандықтың көңіліне ұялап, жанына жақын бола түскен Заң мен тәртіп, Адал Азамат, Таза Қазақстан сияқты құндылықтар жаңа Конституция жобасының преамбуласы негізіне айналды. Олар Конституцияның барлық нормасының өзегін құрап, болашақ ел дамуының берік моральдық-құқықтық іргетасын қалады. Бұл басты қағидаттар еліміз үшін бетбұрысты кезеңде ұлтымызды ұйыстырып, мемлекеттік шешімдердің әділдігіне деген сенімді нығайтып, әрі қарай орнықты дамуымызға бағдар бергенін атап өткен абзал. Олардың конституциялық деңгейде бекітілуі – жұртшылықтың көптен күткен үмітінің үдесінен шыққан шынайы жауап болмақ.
|
Жоқ |
Жекелеген өңірлерінің экономикасын қарқынды дамыту мақсатында қаржы саласына қатысты арнаулы құқықтық режим немесе "қарқынды дамитын қала" арнаулы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін екені жазылған. |
|
Жоқ |
Діннің мемлекеттен бөлек екені айқындалды. Діни ұйымдардың қызметі мемлекет заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. |
|
Қазақстан қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартатыны жазылған. |
Бұл норма алынып тасталды. |
|
Мемлекеттік рәміз атауы Гимн деп берілген. |
Рәміз атауы қазақшаланып, Әнұран деп жазылды. |
|
Қазақстандықтарға заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетілетіні жазылған. |
Бұл норма алынып тасталды. |
|
Жоқ |
Әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негізі мен құқықтары түсіндірілетіні жазылған. |
|
Жоқ |
Зияткерлік меншік заңмен қорғалатыны жазылды. |
|
Жоқ |
Сөз еркіндігі және ақпарат тарату басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс екені жазылды. |
Қарлығаш Жаманқұлова, "Әділ сөз" қорының президенті:
– Референдумда қабылданғаннан кейін Конституцияның жаңа редакциясы сөз бостандығына кепілдік береді. Сондай-ақ цензураға тыйым салу нақты түрде айқындалады. Менің ойымша, адамдар қолданыстағы Конституцияның 12-бабында бар нормаға алаңдаушылық білдіруде, яғни бір адамның құқықтары мен бостандықтары басқа адамның құқықтары мен бостандықтары басталатын жерде шектелетіні туралы қағидаға қатысты. Бұл ретте мұндай шектеулер Конституцияның қазіргі редакциясында да бар және олар Қазақстанның өз еркімен қабылдаған халықаралық міндеттемелеріне, соның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына толық сәйкес келетінін тағы да айтамын. Ешбір бостандық басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісінше тану мен құрметтеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ демократиялық қоғамдағы моральдың, қоғамдық тәртіптің және жалпы әл-ауқаттың әділ талаптарын қанағаттандыру мақсатынан өзге негіздер бойынша шектелмейді.
|
Жоқ |
Неке – еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы екені айқындалған. |
|
Жоқ |
Білім беру ұйымдарында (діни білім беру ұйымдарын қоспағанда) білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие екені айқындалды. |
|
Жоқ |
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ екені айқындалды. |
|
Президенттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі. |
Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. |
|
Жоқ |
ҚР президентін ҚР кәмелетке толған азаматтары конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайланыты туралы ереже өзгермейтіні нақтыланды. |
|
Жоқ |
Вице-президент туралы жеке бап енізілді. Оны Құрылтайдың келісімімен президент тағайындайды. Ол депутат болып сайланбайды, саяси партияға кірмейді және өзге ақы төленетін лауазымды атқармайды. |
|
Жоқ |
Президент Конституциялық сотқа өтініш беру арқылы өз еркімен орнынан түсуге құқылы екені айқындалды. |
|
Президент қызметінен мерзімінен бұрын босаған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына көшеді. |
Президент қызметінен мерзімінен бұрын босаған жағдайда оның өкілеттігі вице-президентке көшеді. Құрылтай 7 күн ішінде сайлау өткізу туралы жариялап, одан кейінгі 2 ай ішінде президент сайлауы өткізіледі. |
|
Заң шығарушы орган – Парламент, ол Сенат пен Мәжілістен тұрады. |
Заң шығарушы орган – Құрылтай. Ол 145 депутаттан тұрады. |
|
Парламентке жасы 30-дан асқан адамдар депутат бола алады. |
Құрылтайға жасы 25-тен асқан адамдар депутат бола алады. |
|
Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша республика президенті тағайындайды. |
Президенттік квота және Қазақстан халқы Ассамблеясы квотасы алынып тасталды. |
Елнұр Бейсенбаев, мәжіліс депутаты:
– Жаңа Конституцияның орталық жаңалығы – Парламенттің бір палаталы Құрылтайға айналуы. Оның өкілеттіктері, заң шығару бастамасы, қарау және қабылдау рәсімдері бөлек бөлімде нақты көрсетілген. Парламенттің алдында үкіметтің жауапкершілігі мен есеп беру механизмдері күшейтілді. Халық Кеңесі халық мүддесін білдіретін, қоғамдық күн тәртібін қалыптастыратын ең жоғары консультативтік орган ретінде конституциялық мәртебе алды. Толық пропорционалды жүйеге көшу – маңызды жаңалық. Сайлау тек партиялық тізімдер бойынша өткізіледі. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және партиялардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады. Бұрынғы бір мандатты кандидаттар енді праймериз және бәсекелес іріктеуден өтеді, бұл саясатқа кәсіби және ынталы кандидаттардың келуін қамтамасыз етеді.
|
Парламенттің құзыреті 8 тармақтан ғана тұрады. |
Құрылтайдың құзыреті кеңейтіліп, 21 тармаққа дейін көбейді. Жаңа құзыреттер қатарында президентінің сайлауын жариялау, жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру, президентке вице-президентті тағайындауға келісім беру, Конституциялық сот судьяларын, Жоғарғы Сотының судьяларын тиіспеу кепілдігінен айыру, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру және басқалар бар. |
|
Заң жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті. |
Заң жобалары бойынша кемінде үш оқылым өткізу міндетті. |
Елнұр Бейсенбаев, мәжіліс депутаты:
– Біздің партия депутаттардың санын оңтайландыру, заңдарды үш оқылымда қарау және тұрақты сараптамалық комитет құру ұсыныстарын да енгізді. Бұл лоббизмді шектеуге және заң сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған маңызды қадам – Президенттік квотаны және Қазақстан халқы Ассамблеясы квотасын алып тастау. Енді Парламент тек сайлаушылардың еркімен құрылатын болады. Бұл шынайы саяси бәсекелестік пен демократиялық заңдылыққа жасалған іргелі қадам.
|
Жоқ |
Қазақстан Халық Кеңесі туралы жаңа бап енгізілді. Ол – Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. |
|
Жоқ |
Конституциялық сот – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында ел Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган екені нақтыланды. |
|
Жоқ |
Бас прокурорды президент тағайындайтыны және бір адам бір реттен артық бас прокурор болып тағайындалмайтыны нақтыланды. |
|
Жоқ |
Адам құқықтары жөніндегі уəкілді президент тағайындайтыны нақтыланды. |
|
Жоқ |
Адвокатура туралы жеке бап енгізілді. |
Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары:
– Конституцияның сегізінші бөлімі – "Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері" аясында сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілді. Сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты, судьялардың тәуелсіздігі нығайды. сот жүйесінің кадр мәселелері шешілді. Сондай-ақ адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет Конституцияда нақты бекітілді. Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін арттыруға, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Конституцияның жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелеріне арналған тоғызыншы бөлімі Құрылтайдың құрылуы және елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаны ескере отырып қайта қаралды".
|
Жоқ |
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жеке бөлім енгізілді. Оған сәйкес, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жалпыхалықтық референдумда енгізіледі. |
USD:
500.7 / 503.7
EUR:
592.0 / 596.0
RUB:
6.45 / 6.57