IT-маман: Біздің индустрияға жаңа бағдарламалар емес, дұрыс жүйелер қажет

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бизнес-талдау сарапшысы және IT-маман Аида Мейрбековамен сұхбат.

Орта және үлкен кәсіптер цифрлық трансформация туралы сөйлескенде көбінесе қозғалатын тақырыптар автоматтандыру, замануи платформалар, интеграциялар, жасанды интеллект. Алайда табысты цифрландырудың шынайы іргетасы байқалмаса да, ол адамдар, процестер және жүйелер арасындағы байланысты басқаратын құрылым. 

Осы құрылымды ең терең меңгерген еліміздегі ең беделді мамандардың бірі – Аида Мейрбекова.

Бизнес-талдау сарапшысы және IT-маман Аида Мейрбекова

Инженерлік білім алған, бизнес-талдау саласын толықтай меңгерген, ал өзінің аналитикалық әдістері мен жұмыстарын халықаралық компаниялар корпоративтік стандарт ретінде қабылдаған сарапшы. Халықаралық PwC, KPMG, EPAM Systems және АҚШ-тағы Corastone компаниясындағы мол тәжірибе оны өңіріміздегі цифрлық өзгерістерге қатысты пікірталастардың маңызды дауысына айналдырды.

Бұл сұхбатта Аида компаниялардың неге трансформацияда жиі қателесетінін, аналитикалық тәртіптің неге соншалықты маңызды екенін, және неге біздің нарыққа жаңа бағдарламадан бұрын  жаңа құрылым қажет екенін ашық айтып берді.

– Аймақтық нарықтағы және АҚШ-тағы тәжірибеңізді салыстырғанда, компаниялардың цифрландыруға көзқарасындағы қандай айырмашылықтарды байқайсыз?

– Айырмашылық көп, бірақ ең үлкені  құрылым болып саналады. Біздің нарықта талант өте көп: инженерлер, аналитиктер, дизайнерлер және бәрі жылдам үйренеді, жаңа шешімдерді тез табады, қиын тапсырмалардан қорықпайды. Бірақ сол талантты толық іске асыратын біртұтас құрылым әрдайым бола бермейді.

АҚШ-та тіпті орташа деңгейдегі компаниялардың өзінде аналитикалық жұмысқа қатысты нақты тәртіп бар. Қажеттіліктер қалай жазылады, тәуекел қалай бағаланады, өзгерістер қалай бекітіледі, техникалық командалар бизнеспен қалай әрекеттеседі секілді бәрінің қалыптасқан жүйесі бар.

Ал біздің нарықта процестер кейде тым ауыспалы: жобалар ауызша келісімдерге сүйенеді, құжаттардың нұсқалары бірнеше рет өзгереді, әр бөлім талаптарды өз түсінігімен қабылдайды. Нәтижесінде, тамаша мамандар болғанымен, олардың жұмысы тұрақты әрі болжамды жүйеге түспей жатады.

Қысқаша айтқанда мәселе  талантта емес, тәсілде. Жүйе болмаған жерде тұрақты нәтижеге жету қиын.

– Көп компаниялар талдау бұл артық құжат деп жатады. Неліктен талаптардың анықтығы соншалықты маңызды?

– Себебі талап  жай құжат емес, ал өнімнің архитектурасы. Егер оның негізі дұрыс болмаса, бүкіл құрылыс қисаяды. Бұл бағдарламалық жасақтамаға да дәл келеді.

Мен компанияларға үнемі бір мысал келтіремін. Ешкім бірнеше сөйлеммен жазылған эскиз бойынша көпқабатты үй салмайды. Бірақ көптеген ұйымдар күрделі платформаларды дәл солай, жеткіліксіз сипаттамала және болжамдар арқылы қуруға тырысады.

Талап анық болмай, әр бөлім оны өз түсінігімен талқылайды. Әзірлеушілер өздері естіген нұсқаны жасайды, тестілеу кеш қателер табады, ал бизнес нәтижені көргенде, бұл біз ойлаған нәрсе емес деп таң қалады. Бұл жерде қате әзірлеушілерде мәселесі емес, ал әлсіз аналитикалық негіздің нәтижесі. Талап дұрыс болмаса, өнім де дұрыс болмайды. Бұл қарапайым ақиқат.

– Сіздің BIFFY әдістемеңіз соңғы жылдары кең танылды. Бұл жүйені жасауға не түрткі болды?

– Шынымды айтсам BIFFY нақты қажеттіліктен туды. Мысалы мен жасаған күрделі жобаларда қойылған талаптардың толық еместігі өте көп қиындық тудырды. Командалар әр детальді қайта-қайта сұрайды, тестілеушілер құжатқа енбеген жағдайларды табады, ал клиенттер құжат пен шындықтың сәйкес еместігін байқайды.

Содан кейін мен талап және тапсырмаларды бірнеше қабатқа бөлетін жаңа құрылым BIFFY-ді  ойлап шығардым. Бұл әдістеме бизнес логиканы техникалық талаптан бөліп көрсетеді, инженерлік тілмен айтқанда нақты қандай жұмыс ‘front-end’, қандайы ‘back-end’ екенін белгілейді, тестілеуге жарамды қабылдау критерийлерін береді, ал бүкіл ‘user story’ бизнес контекстке байланыстырылады.

Нәтиже бірден байқалды және түсінбеушіліктер, қателер азайды және жоспарлау тұрақтанды. АҚШ-тағы Corastone компаниясына келгенде де BIFFY енгіздік және ол біздің корпоративтік стандартқа айналды.

Мен үшін ең құндысы – бұл әдістеме туған жерімдегі тәжірибемнен басталып, халықаралық деңгейде өз тиімділігін дәлелдегені!

– Біздің аймақта көптеген секторлар кең көлемде жаңару үстінде. Индустриядағы қандай қиындықты ең өткір деп санайсыз?

– Ең үлкен қиындық жүйелердің ретсіз болуы. Көптеген компанияларда әр бөлім өздігінше өмір сүреді. Мысалы операциялар  бір жүйеде, маркетинг – екіншіде, қаржы – үшіншіде, ал IT олардың арасында байланыстырушы көпірге айналады. Деректер қайталанады, шешім қабылдау баяулайды, процестер бір-біріне сәйкес келмейді.

Бұл жасырын шығындар тудырады. Қанша күш, уақыт және ақшаның тек жүйелердің бір-бірімен “сөйлесе алмауынан” жоғалатынын көбісі байқамайды.

Менің ойымша осы салада жасаған ең үлкен үлесімнің бірі - аналитикалық экожүйелер құру.  Мысалы ортақ құжат стандарттары, бірыңғай бизнес ережелері, трассировка модельдері, өзгерістерді басқару жүйелері. Компаниялар бір тілде сөйлей бастағанда, олар әлдеқайда жылдам, тиімді жобаларды іске асырады. 

Бизнес-талдау сарапшысы және IT-маман Аида Мейрбекова

– Инженерлік біліміңіз талдау тәсіліңізге қалай әсер етеді?

– Инженерлік білім маған тәртіп пен логиканы сыйлады. Инженерияда жүйенің мінез-құлқы, құрылымы, тәуелділіктері болады. Егер соларды елемесеңіз, жүйе міндетті түрде істен шығады. Менің талап жазу, модельдеу, қабылдау критерийлерін құру, тәуекелді бағалау тәсілдерім модульдік құрылым, тестілеу мүмкіндігі, деректер ағынын картаға түсіру, функционалдық тәуелділіктерді есептеу  секілді инженерлік принциптерге сүйенеді.

Сонымен қатар талдау тек логика емес қой, ол коммуникация. Менің міндетім және қабілетім бизнес стратегиясын техникалық шешімге айналдыру. STEM маған дәлдік әкелді, ал бизнес маған бағыт берді. Менің жұмысым осы екі әлемнің тоғысқан жерінде жүреді  және шынайы трансформация дәл сол жерде орын алады.

– Біздің нарықта шынайы модернизацияны қалай бастау керек? Компанияларға қандай кеңес берер едіңіз?

– Ең алдымен айқындық керек. Жаңа жүйе сатып алудан бұрын немесе жаңа команда жалдаудан бұрын  ағымдағы процестерді түсініп, құжаттап, реттеп алу қажет. Бөлімдер арасында ортақ анықтамалар мен бірыңғай талап форматы болуы керек. 

Технология тек құрал ғана. Егер аналитикалық негіз мықты болса, технология компанияны тездетеді. Егер негіз әлсіз болса, технология проблемаларды көбейтеді. Сондықтан шынайы модернизация тәртіптен және құрылымнан басталады.

Аймағымыздың бизнестік ортасы жылдам дамуда. Компаниялар бәсекеге қабілетті болу үшін жылдамырақ жұмыс істеуі, дәл шешімдер қабылдауы және клиенттің жаңа талаптарына сай болуы керек.

Бірақ барлық өзгерістің негізінде бір нәрсе жатыр – ол айқындық.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары