Тікелей эфир

Байғали Серкебаев: "Джулия" қойылымы – туған шаһар Алматыға деген ыстық ықыласымыз

14 маусымнан бастап Джулия мюзиклы жалғасын табады.

"Джулия" мюзиклы Қазақстанда жасалған ерекше жаңа жоба, жылдың ең ауқымды музыкалық іс-шарасы – "Джулия" мюзиклының билеттері сатыла басталды. Туындының тұсаукесері 2022 жылдың желтоқсан айында ашылды. 

Аты аңызға айналған алматылық топ A’Studio-ның "Джулия", "Так же, как все", "Сердцем к сердцу", "Любовь-река", "Тик-так", "Еще люблю", "Грешная страсть", "Улетаю", "Папа, мама" және т.б. көптеген халық сүйіп тыңдайтын ең танымал әндері спектакльге негіз етіп алынған. 

 "Қойылымның жазғы маусымын, және көрермендерімізбен қауышатын сәтті асыға күтіп жүрміз. Орасан зор жұмыс атқарылды. Музыка мен өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын осынша дарынды, талантты жастың басын қоса алғанымыз қандай керемет еді. "Джулия" – жай ғана мюзикл емес, қаламызға ұсынған тартуымыз, туған шаһар Алматыға деген ыстық ықыласымыз", – деді Байғали Серкебаев.


Оқи отырыңыз: Нартай Бекежанов атындағы театрдың Алматыға сапары. Көрермендерді қандай қойылымдармен қуантады?


Қойылымның музыкалық ұжымында 120-дан астам адам жұмыс істейді. Желтоқсан айынан бері 72 рет көрсетіліп, оны 49 мыңнан астам көрермен тамашалаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty Theatre (@almaty.theatre)

Қойылым не туралы?

"Джулия" — уақыт пен қашықтық сынынан өткен махаббат, сондай-ақ музыка туралы романтикалық комедия. Сюжет желісі 90-шы жылдары ел аузында болған музыкалық топ төңірегінде. Туындының негізгі арқауы көрерменді ерекше сезімге, шытырман оқиғаға бөлеп, шынайы сезімге сенуге итермелейді. Қойылым жас аралас күлкі, сағыныш, шабыт пен батылдық секілді жан тебірентер сәттерге толы. Мұның бәрі – махаббат жолында жасалған дүние. Кейіпкермен бірге қуанып, мұңайтатын қойылым көрерменнің көзайымына айналатыны сөзсіз.  

"Джулия" мюзиклы отбасыңызбен бірге есте қаларлықтай кеш өткізудің, сүйіктіңізге ең жақсы сыйлық жасап, кездесуге шақырудың үздік тәсілі. Қазақстан тарихындағы маңызды мәдени оқиғаның бір бөлігі болыңыз, жүрегіңізге жақын музыка тыңдап рахаттаныңыз.


Оқи отырыңыз: "Театр актерлері сериалға амалсыз түседі". Қаллеки театрының көркемдік жетекшісі Қуандық Қыстықбаевпен сұхбат


 Жазғы маусым 2023 жылы 14 маусымда Almaty Theatre өтеді.

Қойылымды жарыққа шығарушылар: 

  • Продюсерлер – Қайрат Құлбаев және Байғали Серкебаев;
  • Сопродюсерлер – Владимир Миклошич пен Борислав Володин;
  • Қоюшы режиссер – Василий Бархатов;
  • Пъеса авторы – Михаил Дурненков.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары