Төрт түлікке азық таппай, қуаңшылықтан бес жүзден аса малы қырылған Қызылорда облысы Арал ауданында бүгіннен бастап төтенше жағдай жарияланды. Ал әкімдік өкілдері аштықтан қырылған малға өтемақы төлемейді, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қызылорда облысында биыл жем-шөптің тым қымбаттауы, одан қалды мал азығына бөлінетін субсидияны алудың қиындығы малшыларды әбден тығырыққа тіреп отыр. Ашынған шаруалар облыс әкімінен көмек сұрап келді. Шаруалар биыл жем-шөптің бірден 2 есеге қымбаттауынан қиналып отыр.
"Жем-шөп жеткізе алмай малдары өліп жатқан шаруалар бар. Былтыр күзде дұрыс бөлінбеген. Кейбіріне жетпей февральда береміз деген. Қазір қай уақыт екенін көріп тұрсыздар. Қай февраль екенін білмей қалдық", – дейді шаруа қожалығының иесі Рүстембек Сәрсенбаев.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
USD:
460.3 / 463.1
EUR:
540.0 / 545.0
RUB:
5.95 / 6.07