Kaspi Red қызметін екінші жылдан бастап қолдану ақысы 3 995 теңгеге дейін азайды

Енді сатып алған сайын есептелетін 0,5% бонусты алып тастап, жоғарылатылған Kaspi Бонуспен акциялар өткізіледі.

Kaspi.kz Kaspi Red – бөліп төлеуге зат сатып алғанды жақсы көретіндердің клубына қатысқаны үшін жарнаны екінші жылдан бастап 3 995 теңгеге дейін азайтты. Ал бірінші жыл қызметті бұрынғыша тегін пайдалануға болады. Сондай-ақ, тауарды сатып алған сайын есептелетін 0,5% бонусты алып тастап, жоғарылатылған Kaspi Бонуспен акциялар өткізіледі.

"Енді 50 мың, 100 мың немесе 150 мың теңге лимитіңізге қарамастан, жарна сомасы клубқа қатысудың екінші жылынан бастап бірдей болады. Бірінші жыл тегін", – делінген Kaspi.kz facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, бұрын Kaspi Red қызметін екінші жылдан бастап қолдану ақысы 50 мың теңге лимит үшін 5 995 теңге, ал 100 мың теңге лимит үшін 10 995 теңге болатын. 


Оқи отырыңыз:


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары