Гаймориттің менингитке әкелетін қаупі бар болғандықтан, өз бетінше емделмей, міндетті түрде дәрігердің кеңесіне жүгінген абзал. Ал менингит қаупі туралы осы жерден оқуға болады.
"Мұрынды кез-келген тәсілмен булауға болмайды. Өйткені, біріншіден, шырышты күйдіру қаупі бар. Екіншіден, мұрын қуысында ірің жиналса, ауруды асқындыруы мүмкін. Сол үшін де гайморитке шалдыққанда дәрігерге қаралып, анықтау керек. Диагностика үшін тиісті анализдер алынып, мұрынның риноскопиясы жасалады. Кеңсіріктің қосалқы қуыстары рентгенге түсіріледі. Бұл ауруды антибиотиктермен және әртүрлі ерітінділермен мұрын қуыстарын жуу арқылы емдейді. Мұрынға арналған тамшылар мен физио ем тағайындалады. Гайморит әбден асқынып кеткен жағдайда ғана дәрігер инемен тесу не ота жасау арқылы ем жасайды", – дейді "Жанұя" отбасылық дәрігерлік орталығының хирургы Әділхан Бахонов.
Мұрын қуысын тесіп жуу – емдеудің ең ауыр және басқа ем нәтиже бермейтін жағдайда қолданылатын түрі. Егер дәрігер қабынудың себебін дұрыс анықтаса және дұрыс дәрі-дәрмектерді ұсынса, бұл тәсілге жүгінудің қажеті жоқ.
Оқи отырыңыз: Көзілдірік және линза: қайсысын таңдаған дұрыс?
Гаймориттің пайда болу себептері:
- Суық тию нәтижесінде мұрынның ұзақ уақыт бітелуі;
- Вирустар (вирус жұқпасынан болған гайморит, қалыпты ЖРВИ сияқты өтеді. Аса емделуді қажет етпейді және көп жағдайда өздігінен жазылады);
- Бактериялар (мұрын қуысының бактериялы жұқпасынан болған гайморит әлдеқайда қауіпті. Себебі, кеңсірікке көп мөлшерде ірің жиналып, тыныс алу жолдарын бітейді. Соның салдарынан вирустар әлсіреген басқа дене мүшелеріне әсер етеді);
- Дер кезінде емделмеген тіс жегісі (кариес) де гайморитке әкеліп соғады. Ауру қабынған қан тамырларының әсерінен де болуы мүмкін;
- Инфекциялар (қан арқылы ағзаға түскен инфекциядан гайморит пайда болуы мүмкін. Бұл көбінесе балаларда кездеседі).
- Аллергендер. Аллергиядан болған гайморит аса ұзақ уақытқа созылып, науқастың дұрыс тыныс алуына кедергі келтіреді.
Дәрігердің айтуынша, бұл дертпен адамдар көбінесе суық мезгілде ауырады. Яғни, қыс және көктем-күзде гайморитпен сырқаттанудың қаупі жоғары. Әсіресе, жеңіл киініп, денсаулығына немқұрайлы қарайтындар ауруға тез шалдығады. Сондықтан, гаймориттің алғашқы симптомдарын байқаған соң, бірден отоларинголог маманға көріну керек.
Оқи отырыңыз: Жөтелді үй жағдайында қалай емдеуге болады?
Гаймориттің белгілері:
- Ұзақ уақытқа созылған мұрын ауруы және бітелуі;
- Көздің жасаурауы;
- Басты төмен еңкейткенде маңдай тұсының солқылдап ауыруы;
- Дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілуі (кейде созылмалы гайморит кезінде дене температурасы қалыпты болады);
- Әлсіздік пен тез шаршау (мұрын қуысының үнемі бітіп тұру салдарынан оттегі жетіспеушілігі себепті жағымсыз сезімдер пайда болады, тәбет төмендеп, көңіл-күй нашарлайды);
- Мұрыннан сары-жасыл түсті сұйықтықтың көп мөлшерде бөлінуі;
- Бет сүйегінің ауыру сезімі. Бұл, әсіресе, қабынған жақ тұсынан байқалады.
- Кейде осы негізгі белгілерге ауыздан жағымсыз иіс шығуы, тіс пен құлақ ауруы қосылады.
Хирург Әділхан Бахоновтың айтуынша, гаймориттің тұқым қуалайтын ауру. Мұрын қуыстарының анатомиялық орналасуы ген арқылы беріледі. Демек, ата-ананың бірі бұл сырқатпен ауырса, балаға да берілуі мүмкін. Мұндай жандар гаймориттен сақтану жолдарын қатаң есте ұстау керек. Олар: салқын тигізбеу, тұмау ауруының кез келген белгісі байқала салысымен емдеу және салауатты өмір салтын ұстанып, иммунитетті ұдайы нығайту. Гайморитпен ауырғанда ағзаға физикалық күш түсіруге болмайды және физио емнен соң суыққа бірден шығуға тыйым салынады.
Оқи отырыңыз: Қандағы гемоглобин деңгейін көтеру үшін не жеген пайдалы?
Гайморитті үй жағдайында емдеу жолдары:
- Лимонды шырынмен мұрын қуысын жуу. 1 тал лимонды 1 стакан қайнаған суға қосып, шприцтің көмегімен кезек-кезек танау қуысына жіберу керек. Судың температурасы қанжылым болуы шарт.
- Картопты қабығымен қайнатып суын төгіп тастап, басыңызды бүркеп картоп буымен тыныстаңыз. Барынша мұрынмен демалған жөн. Ескере кететін жәйт, бу қатты ыстық болмауы тиіс.
- Он шақты лавр жапырағын қайнатып, үстіне 1 ас қасық ас содасын және осы мөлшерде ас тұзын қосып жылы күйде мұрын қуысын жууға болады. Ескеретін жәйт, мұрын қуысын жуған соң далаға шығуға болмайды.
- Бір шай қасық глицеринді төрт шай қасық сумен араластырып, үстіне 10 тал мумие таблеткасын ұнтақтап қосасыз. Жақсылап араластырып, күн сайын үш мезгіл мұрын қуысына тамызу керек. Емдеу курсы үш апта. Бес күн үзіліс жасап, қайталау қажет.
- Табиғи таза балды зәйтүн майымен тең мөлшерде алып жақсылып араластырып, шалқаңыздан жатқан бойда әр танау қуысына 3-4 тамшыдан тамызу керек. Бұл емнен соң барынша 2 сағаттай далаға шықпаған абзал.
- Егер температура жоғары болмаса, таза ауамен дем алып серуендеу де ем.