Тікелей эфир

EXPO-ға келушілер үш ай ішінде мың жарымнан астам зат жоғалтқан

Фото informburo.kz
Фото informburo.kz
Көрме жабылғанымен, жоғалтқан затыңызды алып кетуге болады. Ол жерде мыңнан астам зат өз иелерін күтеді. Табылған жеке куәліктер тізімін осы мақаладан табасыз.

278 мың теңгені ұмытқан

– Күніне орта есеппен 18-20 зат келіп түседі. Бүгінге дейін 1500-ға жуық зат табылып, тіркелді, оның 500-дейі иелеріне қайтарылды, – дейді жоғалған заттар бюросының операторы Айнаш Ақшалова.

Айтуынша, адамдар өздерімен жеуге алған тамағына дейін тастап, ұмытып кетеді екен. Ол – ол ма, іші ақшаға толы әмиянын да қалдырып кеткендер бар.

– Ішінде 278 мың теңгесі мен құжаты болды. Иесі хабарласып, зат анық сол кісінікі екені расталған соң ғана, өзіне қайтардық.

60-тан астам жеке куәлік

Бүгінде келушілер жоғалтқан 63 жеке куәлік, 45 басқа құжат түрлері тіркеліпті. Ішіндегі ең көбі жеке бас куәліктері.


Бір күнде төрт-бес жеке куәлік келіп түседі

Бір күнде жоалған төрт-бес жеке куәлік келіп түседі / Фото informburo.kz


Айнаш Ақшалованың айтуынша, күнде екі-үш адам келіп, табылған жеке куәліктерін алып кетеді екен. Қалғандары сақталып тұр.

– Корей азаматының да төл құжаты келіп түскен. Өзі бірден қоңырау шалып, құжатын алып кетті, – дейді ол.

Туу туралы куәліктер де бар...


цуакпернг

Туу туралы куәліктер / Фото informburo.kz


Әзірге сұраусыз қалғаны үшеу ғана.

Хамидулла Аруна Арманқызы, 2009 жылы 10 сәуірде дүниеге келген, Алматы қаласының тумасы.

Мадиярұлы Диас, Қарағанды облысы Балқаш қаласында 2006 жылы 25 наурызда дүниеге келген.

Қиясова Айлана Ерлановна, 2001 жылы төртінші қыркүйекте Алматы қаласында туған.

Бұл құжаттарды әлі ешкім іздеп келмеген.

Жапондар 1 теңгені де тапсырады

Жоғалған заттарды ең көп тапсырған Жапония павильоны екен. 500 теңге, мың теңге, тіпті 1 теңге де әкелген кездері болыпты.

Айфон, көзілдірік, киім-кешек

– Қазіргі таңда жоғалған заттар бюросында иесі табылмаған телефон мен планшеттер саны – 16, ішінде бір айфон да бар. Сағат, сырға сияқты әшекейлер 40-қа жуықтады. 13 әмиян бар. Мұнда ең көп табылғаны киім-кешек – 246 дана. Дені балалардың киімі. Барлық әмияндардың ішіндегі ақшалардың жалпы сомасы 90 мың теңге шамасында.


ывмаиптр

Көзілдіріктер саны 60-тан асады /Фото informburo.kz


Заттарды көбінесе жұмыс жасап жүрген еріктілер және полиция қызметкерлері әкеліп тапсырады. Ақша, әмияндарды солардың қолдарынан аламыз.


Жоғалтқан әмияныңызды алу үшін оны сипаттап, ішінде не бар екенін және жоғалтқан күніңізді айтуыңыз керек

Жоғалтқан әмияныңызды алу үшін оны сипаттап, ішінде не бар екенін және жоғалтқан күнді айтуыңыз керек / Фото informburo.kz


Жалпы ұмыт қалған заттардың ішіндегі ең ірісі шабадан, балалар арбасы, велосипед.


Шабаданның ішінде не бар екенін айтқан адам алады

Жол сандықты ішінде не барын айтқан адам алады / Фото informburo.kz


Бір-екі шөлмек шараптарын, ішуге алған суларын да ұмытып кеткендер бар.


Қағазқапшыққа салынған шарап Қытай павильонында ұмытылған

Қағаз қапшыққа салынған шарапты Қытай павильонында тастап кетіпті / Фото informburo.kz


– Көрме түнгі 01:00-ге дейін істейді ғой. Келушілер кеткен соң таңғы 7-ге дейін барлық камераларды тексеріп, ұмыт қалған заттарды осында әкелеміз, – дейді Айнаш Ақшалова.

Жоғалған затыңызды қайтару үшін не істеу керек?

– Бізге 93-91-22 телефон нөміріне қоңырау шалып, жоғалтқан затыңызды сипаттап бересіз де, тапсырыс қалдырасыз. Егер затыңыз бізге сіз жазып кеткен соң түсіп жатса, базадан осындай зат ізденісте бар деген мәлімет тұрады. Егер де зат бізде болса, суреттеп берсеңіз, бірден қайтарып бере аламыз.

Көрме аяқталды. Табылған заттар қайда барады?

– Көрме аяқталғанымен, бюро әлі біразға дейін жұмыс істейтін болады. Кейін барлығы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің ақпараттық аналитикалық орталығының жанындағы жоғалған заттарды сақтайтын бюроға жіберіледі. Онда заттардың қалай, қайда орналастырылатынын білмейміз. Біздің міндетіміз тапсыру ғана.

Жоғалған заттардың болашағы әзірге белгісіз...

Жалпы ІІД жоғалған заттар бюросы жұмыс істейтіні рас. Алайда ол жерде жоғалған құжат қана сақталады. Ал EXPO алаңынан табылған заттарды иелеріне қалай қайтаратынымыз әлі шешілген жоқ, заттар бізге өткеннен кейін ойластыратын боламыз, – дейді ІІД баспасөз хатшысы Софья Қолышбекова.

Негізі Астана қаласы бойынша жұмыс істейтін басқа да жоғалған заттар бюросы бар

– Сауда үйлері, темір жол вокзалы, әуежай, кинотетрлар – барлығы біз арқылы жұмыс істейді, – дейді Астана қаласындағы табылған заттар бюросының қожайыны Баймуканова Жанар. – Бірақ, біз EXPO-мен жұмыс істемейміз. Алғашында олардың тарапынан ұсыныс болған, алайда кейін олардың біздің жүйе негізінде жеке бюро ашқандарын естідім. Ал ішкі істер департаментімен тығыз қарым-қатынастамыз. Бізде екі айдай уақыт тұрып қалған құжат соларға өтеді.

Жалпы құжаты жоғалып, қалпына келтіргісі келген адам болса, бізден анықтама алу міндеттеледі. Яғни ол адам іздеді, хабарландыру берді, таба алмады дегендігін растайтын қағаз ғой. Қала бойынша тұрақты жұмыс істегендіктен бізге жібереді. Негізі (жоғалған заттар бюросының) ашылып, жабылып жатқандары да бар. Онлайн ашып та көргендерді білемін, халықпен тікелей байланыста болмаған соң, істері жүрмейді.

Біздің жүйе мынадай…

– Мысалы сіз бір құжат тауып алдыңыз делік, иесіне қайтарғыңыз келіп, бізге хабарласасыз. Біз сізден суретін жіберуіңізді сұраймыз. Сіз жіберген суреттерді біз әлеуметтік желілерге жолдап, газеттерге хабарландыру беріп, иесін іздей бастаймыз. Бұл тегін.

Ал жоғалтқан болсаңыз, сәл өзгешелеу. Хабарласып, аты-жөніңізді айтасыз, біз базаға енгізіп, БАҚ-та жариялаймыз. Егер тіркеп, бір газетте жариялау керек болса, 1000 теңге төлейсіз. Республикалық газетте жариялау, тіркеу міндетті, өйткені жоғалған затты алаяқтар пайдаланып жатады. Ал егер тіркеліп, екі газетте және әлеуметтік желілерде жариялаймын десеңіз, екі мың теңгеңізді дайындаңыз.

Мысалы салық комитеті құжатты қалпына келтірерде, жоғалғаны туралы хабарландырудың тек республикалық газетте жариялануын талап етеді. Сондықтан біз республикалық газеттермен келісімшартқа отырып қойдық. Адамдарға жеңілдеу болсын деп. Бізге анықтама алу үшін келгендер хабарландыруын да осы жерге беріп кетеді. Коммерциялық газеттер тағы бар. Ол енді жоғалған құжатқа байланысты, айталық, жеке куәлік үшін, коммерциялық газеттерге беру де жеткілікті.

Әдетте, бір құжатты жалғыз жоғалтпайды. Куәлік, жүргізушінің куәлігі, техникалық паспорт, мөрлер, үйдің құжаты, әскери билеттер, әскери тіркелу туралы куәлік.

Астаналықтар әдетте не жоғалтады?

– Соңғы кездері қалта телефондар көп келіп түседі. Айфондар. Біз тез арада қайтарамыз. Егер бұғатталмаған болса, өзіміз ішіндегі байланыс нөмерлеріне хабарласып, айтамыз. Немесе қуаттап қоямыз, сосын иесі хабарласып жатады. Ұялы телефонды қайтарып беру – 5 мың теңге.

Жалпы бізге әкелмейтін нәрсе жоқ. Өткенде бір дорба әкеліпті. Ішінде іліп алар заты жоқ. Маржан жіп, ұсақ түйек қана.

Жауапкершілігі өте мол адамдар да кездеседі. Бірде немересі мен әже әмиян әкеліп тұр. Ішінде 355 теңге бар. Бәрін мұқият қарап, бізге жаздырып, қайта келіп, тағы бір бұрышында бес теңге жатыр деп айтып кетті.

Айтпақшы соңғы кездері алтын бұйымдарды да көп әкеле бастады. Біз оларды қолымызға алмаймыз. Суретке түсіріп алып, оларды телефон номерлерін қосып жариялаймыз.

Әр жерде белгілі бір заттарды ұмытады. Мысалы, кинотеатрларда бас киім мен қолғаптарды жиі қалдырады.

Ал жуырда мынадай бір жағдай болды, бір жас жігіт үйі мен көлігінің кілттерін жоғалтып алыпты. Осылай екі-үш күн жүрген. Қайда қалдырғанын білмей, бізге хабарласты. Бар кілттердің ішінен өзінікін танып алды.

Келесі азаматтардың жеке куәліктері EXPO-ның жоғалған заттар бюросында сақтаулы:

Артюшкина Ольга Юрьевна, 20.12.1980 жылы туылған;

Нұрсеиітова Ақжан Мырзановна, 13.02.1977 жылы туылған;

Елизаров Михаил Петрович, 11.10.1973 жылы туылған;

Сарсенов Ерболат Абаевич, 23.12.1979 жылы туылған;

Ашубаев Қуаныш Еркешевич, 14.04.1960 жылы туылған;

Уалиева Анель Ағыбаевна, 17.01.2000 жылы туылған;

Рысбек Әкежан Саматұлы, 13.04.2001 жылы туылған;

Белозерова Ксения Юрьевна, 20.08.1991 жылы туылған;

Қоспаев Қуаныш Борамбаевич, 20.07.1995 жылы туылған;

Байзақ Оразалі Иманәліұлы, 11.02.1994 жылы туылған;

Қалтаев Данияр Мықтыбекович, 14.08.1980 жылы туылған;

Hubert Nathan, 26.01.1997 жылы туылған. Германия азаматы;

Сағынған Бақыттгул, 25.05.1972 жылы туылған;

Өшірбеков Мақсат Тұрсынбекұлы, 26.02.1979 жылы туылған;

Алипбков Сакен Тұрапбекович, 10.12.1985 жылы туылған;

Балғалиев Батырхан Амандықович, 07.08.1983 жылы туылған;

Андақұл Азиза Бахтиярқызы, 22.02.1998 жылы туылған;

Сембеков Мурат Аидарович, 16.01.1994 жылы туылған;

Қауметова Құралай Талғатқызы, 28.12.1991 жылы туылған;

Жақсыбева Бибінұр Кенжебекқызы, 28.05.1996 жылы туылған;

Боровик Кирилл Владимирович, 12.12.1989 жылы туылған;

Рахишев Жанат Умерханулы, 30.06.1985 жылы туылған;

Төкен Дастан Серікұлы, 17.07.1996 жылы туылған;

Досбол Жамбыл Мұратқанұлы, 18.02.1998 жылы туылған;

Мағзұм Дархан Әлімжанұлы, 18.07.1995 жылы туылған;

Байдосова Айжан Ертайқызы, 09.11.1991 жылы туылған;

Соловьянов Олег Викторович, 05.12.1997 жылы туылған;

Ізімов Шәкіржан Шамуратович, 11.11.1992 жылы туылған;

Маратова Дана Маратқызы, 09.12.1998 жылы туылған;

Қараулова Аяулым Мұсахановна, 25.12.1995 жылы туылған;

Көкенова Айнагүл Қожаназарова, 11.03.1983 жылы туылған;

Кумашев Жайлаубай Қосаханович, 23.01.1956 жылы туылған;

Яров Дамир Талғатович, 29.12.1961 жылы туылған;

Мусина Гүлзира Катрановна, 06.09.1970 жылы туылған;

Башимов Тимур Маратович, 15.12.1995 жылы туылған;

Сағындықова Гүлнара Рустемовна, 02.10.1981 жылы туылған;

Сахметова Гүлден Мұратовна, 17.09.1973 жылы туылған, Гульден Муратовнаның атына жүргізуші куәлігі де бар.

Ескерту: Бұл тізімде әмиянның, сөмкелердің ішіндегі жеке куәліктер жоқ. Егер EXPO-ны аралап жүріп, жеке куәлігіңізді жоғалтсаңыз, бірақ фамилияңыз бұл тізімде жоқ болса, 93-91-22 телефон нөміріне қоңырау шалып, жеке куәлігіңізбен бірге жоғалған басқа затты түстеп табуыңызға мүмкіндік бар.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары