Эверест шыңын бағындырған әлемдегі алғашқы мүгедек әйел Мария Әуезова елге оралды

Ол екі аяғының жоқтығына қарамастан Эверестке жетіп, 5 364 метр биіктікке көтерілді.

Эверест базалық лагерін бағындырған екі аяғы жоқ әлемдегі алғашқы әйел, елорда тұрғыны Мария Әуезова бүгін Нұр-Сұлтанға келді. Халықаралық әуежайдан оны елордалық спорт басқармасының өкілдері мен туыстары қарсы алып, құттықтауларын білдірді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марияның қиындыққа толы өмірі алты жыл бұрын, екі аяғынан айырылған кезден басталған. Соған қарамастан, қайсар қыз қиындыққа мойымайды. Алдымен Бурабайдың шыңына шығып, кейін Эверестке жетеді. Сөйтіп әйгілі таудың 5 364 метр биіктігіне дейін көтеріліпті. Мария өзін әуежайдан қарсы алған делегацияны көріп, қуанышын жасыра алмады.

"Бұл істі біз – қазақстандықтар жасағанымыз үшін өте қуаныштымын! Егер бір адамға жігер беріп, алға қарай ұмтылуына әсер етсем менің үлкен жеңісім сол болмақ. Мен сондай қуаныштымын! Үйіме оралғаныма қуанамын. Мен шынымен бақыттымын", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Мүгедек балалардың жәрдемақысын көбейтуге 3,5 миллиард теңге бөлінеді. Жәрдемақы қашан өседі?


Спортшының айтуынша, ол тау шыңын бағындыруға 1,5 жыл бойы дайындалыпты. Тіпті осы уақыт аралығында артық салмақтан да арылған. Арбаға таңылған Марияға Эвересттің шыңына жету үшін, жолдағы тас пен құм да қиындық туғызыпты. 

"Бурабайды бағындырғаннан кейін тоқтап қалмасымды білдім. Ары қарай ұмтылып, Синюхадағы Таз тауына шықтық. Енді одан да биікке шығуымыз керек деген шешім қабылдадық. Бір жарым жыл уақытымыз дайындыққа кетті. Туыстарым мен достарым мен үшін қатты уайымдады. Дегенмен, биікке шығу, қозғалу менің жағдайымдағы адам үшін қиын. Жолымызда тас та, құм да кездеседі. Бір жерден арбамен жүріп өтетін мүмкіндік болса, енді бір тұста керісінше. Өз күшіммен өте алатын жерден өзім өтсем, қиындау тұстарында бірге шыққан достарым көмектесті. Командалық жұмыс өз нәтижесін берді. Жалпы, 10 күнде жоспарымызды жақсы орындадық. 5 мың метрге жақындағанда, тау ауруы аздап сезіле бастады. Бірақ жылдам өтті. Барлығы кәсібилік пен командалық жұмыстың арқасында. Мені көрген непалдықтар: "Сіз не істейін деп тұрсыз? Мұны істеу мүмкін емес. Жоқ. Қажет емес! Болмайды! Бұл қауіпті!" деді. Олар бізді райымыздан қайтарғысы келіп, қатты уайымдады. Бұл елге ризамын, бізді жылы қабылдап, қолдарынан келгенше көмектесті", – деді Мария Әуезова.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары