Тікелей эфир

Елордалық еріктілер ардагерлерге тегін азық-түлік таратты

Фото astana.gov.kz сайтынан
Фото astana.gov.kz сайтынан
"Астана жастары" мемлекеттік мекемесінің еріктілері жаңа жыл қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" акциясын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Астана жастары" ЖРО еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің жетекшісі Эльвира Есмұқанова бүгінгі шара аясында 11 ардагерге азық-түлік себеті таратылғанын атап өтті.

– Жаңа жыл қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" және "Адреса заботы" акцияларын өткізуді жөн көрдік. Бұл акцияны біз 3 жыл бойы тұрақты ұйымдастырып келеміз. Шара аясында еріктілер жалғызбасты не қараусыз қалған қарт ардагерлерге азық-түлік таратамыз және қыстыгүні аула қарын тазалауға көмектесеміз. Бүгін біз 11 ардагерге азық-түлік себетін сыйға тарттық. Олардың арасында аз қамтылған және тыл ардагерлері бар. Бүгінгі шараға 10 волонтер белсене қатысты. Жалпы, жыл басынан бері азық-түлік тарату жұмысына 200-ге жуық волонтёр қатысты, – деді ол.


Фото http://astana.gov.kz/ сайтынан

"Астана жастары" ЖРО еріктілері / фото astana.gov.kz сайтынан


Бөлім жетекшісінің айтуынша, биыл 145 азық-түлік себеті аз қамтылған, тыл ардагерлері және көпбалалы отбасыларға таратылды.

– Бізде қалалық ардагерлер кеңесі бар, біз олармен тығыз байланыстамыз. Аталған кеңес бізге көмекке мұқтаж жандардың тізімін береді, біз өз кезегімізде оларға қол ұшын созамыз. Біреуге азық-түлік алып берсек, екіншісіне үй ауласындағы қарды тазалауға көмектесеміз. Біз, негізінен, қар тазалау жұмысымен наурыз айында айналысатынбыз. Дегенмен, қар көп түсіп жатқандықтан, жұмыс көлемін азайту үшін осы бастан кірістік. Қар тазалау жұмысына қыс бойы 600-700 еріктіні тартамыз, – деді ол.


Фото http://astana.gov.kz/ сайтынан

Ардагерге азық-түлік себетін беру сәті / фото astana.gov.kz сайтынан


Бөлім басшысының мәлімдеуінше, бір күнде еріктілер 2-ден 10-ға дейінгі үйдің қарын тазалайды.

Серіктестер жаңалықтары