Блогер Әлішер Елікбаев Facebook парақшасында Алматы мен Нұр-Сұлтанда Mega Park, Mega Alma-Ata және Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталықтарында екпе алғандар арасында екі Hyundai Accent автокөлігі ойнатылатынын хабарлады. Автокөліктерді Astana Group холдингіне кіретін Astana Motors компаниясы ұсынып отыр.
Елордада ұтыс ойынының финалы Mega Silk Way-дің Instagram желісіндегі ресми аккаунтында тікелей эфирде өтеді. Сондай-ақ, 23 шілде мен 31 тамыз аралығында әр апта сайын Mega Silk Way сыйлықтардың аралық ұтыстарын өткізіп отырады.
USD:
457.9 / 460.7
EUR:
535.5 / 540.5
RUB:
5.95 / 6.07