Тікелей эфир

Елордада балаларға арналған алғашқы экологиялық театр ашылды

Фото "ӨКМ Операторы" баспасөз қызметі ұсынды
Фото "ӨКМ Операторы" баспасөз қызметі ұсынды
Спектакльге мектеп жасындағы актерлер мен орыс драма театрының екі кәсіби қоюшы-режиссері қатысады.

19 мамырда астанада ең алғашқы EcoQolday экологиялық театры салтанатты түрде ашылды. Шымылдығын түрген мәдениет ошағының ашылуына Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының өкілдері, ӨКМ Операторы, елорданың білім беру мекемелері, экобелсенділер, оқушылар мен  ата-аналар қатысты.

Теңдесі жоқ эко-театр өз көрермендеріне тұрмыстық қалдықты бөліп тастау тақырыбында қойылымдар мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты интерактивті түрде шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Театр ұжымы алғашқы маусымдағы премьерасын "Гринейктер хикаясы" атты эко-ертегінің желісінеқұрылған спектакльмен ашты. Шығармашылық ұжым балаларға экологиялық мәдениетін өнер арқылы жеткізуді көздеп отыр.

Спектакльге мектеп жасындағы актерлер мен орыс драма театрының екі кәсіби қоюшы-режиссерлері қатысады. Мамыр айында эко-театр көрермендерге экологиялық ертегінің негізінде тағы екі спектакль ұсынуды жоспарлап отыр. Спектакльді көруге немесе актерлік шеберлік курстарына қатысуға билет сатып алу үшін  қайта өңделетін макулатура, пластик және шыныны тапсыру керек.

Сондай-ақ, инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында театр қабырғасында "Эко-шеберхана" әлеуметтік жобасы іске қосылды. Сыныпта ҚТҚ-ны бөлек жинау бойынша сабақтар өткізіледі және ескі тұрмыстық электр техникасын бөлшектеп, оны қайта өңдеуге жібереді.

Эко-театр базасында ойын аймағы ұйымдастырылды. Мұнда балаларға экологиялық мәдениет негіздері, қайта өңделетін қалдықтарды үйде сұрыптау, сондай-ақ қоршаған орта үшін бөлек жинаудың артықшылықтарын үйретеді. Мұның барлығы оқушыларға қызықты әрі ұғынықты болу үшін ойын түрінде өткізіледі.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы мектеп оқушыларының инновациялық экологиялық жобалары ұсынылды.

"ЭкоАсар – игі істер марафоны" акциясы шеңберінде елорда оқушылары 2,5 млн теңгеден астам сомаға 92 тоннадан астам қайталама шикізат жинады. Барлық жиналған қаражат қайырымдылық пен мектеп аумақтарын көгалдандыруға бағытталды.

Серіктестер жаңалықтары