Тікелей эфир

Саурықтағы сауықты "оптика" қалай байытты?

Фото: Жайнар Дәркембаев
Фото: Жайнар Дәркембаев
"Қазақтелеком" АҚ Қазақстан даму банкінің қолдауымен ел өңірлерін сапалы интернетпен қамту жобасын жүзеге асырды.

"Қазақтелеком" АҚ Қазақстан даму банкінің қолдауымен ауылдық елді мекендерге жүргізген талшықты-оптикалық байланыс желісі не ауызекі тілдегі "оптика" шаруашылықты айтарлықтай жеңілдетті. Ауылға кірген жүйрік интернет тұрмыс-тіршілікті түбегейлі өзгертті. Ауыл халқы онлайн кәсіпкерлікті игеріп, ортақ чатта мазалаған мәселесін жылдам шешуге үйренді. Бұл жоба екі жыл бойы қарқынды жүріп, 2020 жылдың желтоқсанында межесіне жеткен еді. Нәтижесінде 14 514 шақырым жерге жүйрік оптика тартылып, 828 ауыл халқы интернет игілігіне қол жеткізді.

"Қазақтелеком" АҚ Қазақстан даму банкімен жеті жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Бұл ынтымақтастық "Қазақстан аумағында LTE/GSM/UMTS желілерін енгізу" жобасынан басталған болатын. Әріптестік "ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" жобасы арқылы жалғасын тапты. ҚДБ қолдауымен "Қазақтелеком" салған ТОБЖ инфрақұрылымы ұялы байланыс операторларына желімен қамту аймақтарын кеңейтуге және мобильді интернет сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп, базалық станциялар санын көбейтті. Қазақстан халқын кең жолақты интернетпен қамту 2 жылда 99,3 %-ға дейін артты.

ТОБЖ инфрақұрылымын жүргізу процесі. Фото: kdb.kz сайты

Алматы облысына Қазақтелеком 2 345 шақырым оптика тартты. Бүгінгі күні аймақтағы 159 ауыл байланыс қызметтерімен қамтамасыз етіліп, телекоммуникация желісіне қосылған. Жобаның басты мақсаты – цифрлық алшақтықты жою. 

Алысты жақын еткен игілік

Саурық батыр ауылы Алматы облысының Жамбыл ауданында, қаладан небәрі 60 шақырым жерде орналасқан. Алайда, былтырға дейін бұл болмашы ара қашықтықтың өзі ауылды ғасырлық алшақтыққа әкеп тіреді. Өйткені, ауылда интернет те, байланыс та болмады. Ауылдың 600-ге жуық тұрғыны ғаламторға жету үшін ең жақыны 20 шақырым жердегі ауылға қатынауы керек еді.

Саурық батыр ауылына Алматыдан Ұзынағаш арқылы жетуге болады. Ауыл бар-жоғы 2-ақ көшеден тұрады екен. Ал ең үлкен ғимараты – 2 қабатты қызғылт түсті мектеп. Ауылды толық интернетпен толық қамтамасыз ету процесі дәл осы мектептен бастау алған.

Аймұрат Әуелбеков Жамбыл облысында 17 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір ол "Қазақтелеком" АҚ Жамбыл желілік-техникалық цехінің басшысы. "Саурық былтыр талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылуы керек Жамбыл облысындағы 12 ауылдың бірі болды, құрылысты сәуірде аяқтадық", – деді ол.

"Қазақтелеком" АҚ Жамбыл желілік-техникалық цехінің басшысы Аймұрат Әуелбеков. Фото: Жайнар Дәркембаев

Айтуынша, оптиканы алдымен мемлекеттік мекемелерге тартқан. Бірақ, артынша карантин мен онлайн білім алу процесі ауылды түгелдей дерлік интернетпен қамту қажеттігін көрсетті. 147 оқушының қашықтан білім алуын ұйымдастыру үшін кезек күттірмес мәселеге айналды.

"Біз интернет-трафикті көп нүктелі сымсыз желі арқылы таратып, радио көпір ұйымдастырдық және бірегей технологияны қолдана отырып, 102 үйдің 85-ін интернетке қостық", – деді Аймұрат Әуелбеков.

Бүгінде ол ауылдастарының қазіргі заманғы технологияларды қаншалықты жылдам игеріп жатқанын көріп отыр. Телекоммуникация, медициналық кеңес, білім беру, әкімшілік және қаржылық қызметтер, интернет-дүкен, интернет-бизнес – бұлардың ешқайсы бір жыл бұрын қолжетімді емес еді.

"Сапалы интернет ауыл тұрғындарының жұмысын және оқуын бір апта ішінде онлайн режимге ауыстыруға, Саурық тұрғындарының сауық уақытын қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік берді", – деп түсіндірді Аймұрат Әуелбеков.

Үйде Wi-Fi – дүкенде шәй-пай

Ауыл тұрғыны Нәзира Ибраимова басқа да шағын және орта бизнес өкілдері сияқты өткен жылғы шектеулердің салдарын толық сезінді. Оның кәсібі тоқырауға сәлақ қалған. Бірақ, ауылға кірген интернет оның ісін мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Кәсіпкер Нәзира өзінің жеке интернет-дүкенін ашты, тауарларын әлеуметтік желілер арқылы таныстырып, сол жерде клиенттерімен байланыс халқы да сатып алушылар қатарын ұлғайтты.

Нәзира Ибраимова тіпті сұхбат беріп тұрып та қолындағы смартфоннан көз алмайды.

"Мен үнемі желідемін. Үйде Wi-Fi бар, ауыл тұрғындарының арасында алғашқылардың бірі болып интернетке қосылдым. Осының арқасында бизнесті жүргізуде ешқандай шектеу жоқ. Дүкенге қажетті тауарды Қытай мен Түркиядан интернет арқылы тапсырыс беремін. Клиенттеріме әлеуметтік желілер арқылы жаңа өнімдер туралы ақпарат беремін. Жүйрік интернеттің арқасында клиенттерім жіберілген файлдарды жылдам жүктеп, сол арқылы маған тез тапсырыс беруге көмектеседі. Қазір интернет менің басты қажеттілігім – менің дүкенім де, құрды. Аз уақыт ішінде тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқтар мен киімдерді сату және жеткізуге арналған танымал сауда алаңына айналды. Ал бүгінде кәсібі кеңейіп, енді тек ауылдастары ғана емес, көрші аудандардың клиенттермен байланыстың басты арнасы да осы жерде", – дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер Нәзира Ибраимова. Фото: Жайнар Дәркембаев

Нәзираның онлайн дүкенінен бөлек, ауылда екі дүңгіршек бар екен. Үй алдынан ашылған кішкентай ғана кәсіп. Мұнда тек негізгі қажеттілік-нан, шәй, қант алуға болады. Дегенмен ауылдағы технологиялық прогресс бұл дүкендерге де әсер етіпті. Сатып алушы Kaspi арқылы төлем жасай алады.

Белсенді блогер

Ауылдағы интернет онлайн дүкенді дамытып қана қоймай, жергілікті блогерлердің пайда болуына жағдай жасауда. Ұлпан Жеңіс ауылға интернет келгелі әлеуметтік желіде кеңінен таныла бастады. Қысқа уақыт ішінде жас блогер 12 мың тіркелуші жинап үлгеріпті.

"Мен 2018 жылы әлеуметтік желілерде тірлдім, бірақ, интернеттің жоқтығынан парағымды белсенді жүргізе алмадым. Ауылымызға оптика келісімен, SMM және әлеуметтік желілерге видео монтаждау бойынша арнайы курстардан өттім. Сапалы мазмұн мен тұрақты интернеттің арқасында парақшам тез таныла бастады. Қазіргі уақытта Жамбыл ауданының дүкендерінен менің парақшама жарнама орналастыру туралы көптеген ұсыныс түсіп жатыр", – дейді блогер.

Блогер Ұлпан Жеңіс. Фото: Жайнар Дәркембаев

Көршілер чаты көңілді

Ауыл іші тып-тыныш. Көшеде көлік те аз. Халық та көп көрінбейді. Тек кешкі 17.00- ден бастап ауыл тіршілігі қыза бастайды. Жайылымнан сиыр, жылқы қайтады. Ауылда әрбір үйде төрт түлік бар. Көшеде малын күткен ер адамның телефонға үңіліп, жазып жатқанын байқап, қасына келдік. Бұл кісіден Саурық батырдың тағы бір мақтанышы – ауыл чаты туралы білдік.

WhatsАpp-тағы "көршілер" чаты күйбең тіршілікті әжептеуір жеңілдетіпті. Бүгінде күнделікті және іскерлік мәселелер бойынша ауыл тұрғындарының арасындағы ең танымал байланыс құралының біріне айналған. Смартфонмен малға шыққан адам фермер Серік Жұмабеков екен. Оның айтуынша, телефон мен интернет мал бағуды және сатуды айтарлықтай жеңілдеткен.

Бұған дейін мал сату үшін мал базарына бару, жалдау ақысын төлеп, көрші ауылдардың өзі секілді мал сатуға келген фермерлерімен бәсекелесу керек еді. Енді WhatsApp желісіндегі чаттың көмегімен көршілермен байланыс жасау әлдеқайда жеңілдеді. Тұрғындар мал саудасы туралы онлайн көріп-біліп отырады және көбіне сатып алу мәмілесін сол күні жасасады.

Көршілер чаты. Фото: Жайнар Дәркембаев

"Кез-келген қазақ мал бағуды біледі. Кез-келген фермер, кез-келген шаруа жақсы бұқа өсіре алады. Бірақ, біздің басты проблемамыз – осы өнімімізді сату. Енді онлайн чаттың арқасында біз көр шілермен тез байланысуға тамаша мүмкіндік алдық. Былтыр күзде "көрші" чатты пайдаланып, екі бұқа саттым. Бұл мен үшін мүлдем жаңа тәжірибе болды. Ауылдастарымның чатында суретке түсіруді және ақпарат орналастыруды үйрендім", – дейді Серік Жұмабеков.

Ал Ербол Қуанышбаевқа бұл чат жоғалған сиырын тез табуға көмектесіпті.

"Менде шағын ферма бар, ірі қара өсіремін. Өткен желтоқсанда сиырымды жоғалттым. Ауыл шағын, сиыр ауылдастарымның қорасына қателесіп кіргеніне сенімді болдым. Бірақ, қыстыгүні ауылдың барлық тұрғындарының үйін түнде айналып өту өте қиын, бізде 102 үй бар. Менің мәселем "көрші" чаттың арқасында тез шешілді. Арнайы белгілермен фотосурет жарияладым. Нәтижесінде сиырымды тез таптым", – дейді ол.

Жүйрік интернетке қол жеткізу – қалада ғана емес, ауылда да өмір сапасының маңызды көрсеткіші. Саурық батыр ауылының аға буынына жаңа технологияларды игеру әлі де қиын. Дегенмен, өмір салтын жеңілдеткен интернет игілігін олар тез үйреніп алуға тырысады. Технологияның арқасында ауыл өмірінің өзгеріп жатқанының жарқын мысалы – Саурық батыр ауылы.

Серіктестер жаңалықтары