Қазақстандықтардың ертеңін жақсартатын жобалар

Informburo.kz "Шеврон" энергетикалық корпорациясымен бірлесіп, компанияның қоғам үшін оң әсері бар әлеуметтік инвестициялары жайлы әңгімелейді.

Корпоративтік мәдениет – бұл әлеуметтік инвестициялар. Ол ұзақ уақыттан бері көптеген компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің бөлігі болып келеді. Тек тәсілдері мен қолдану салалары ғана бөлек. "Шеврон" компаниясының ұстанған бағытты туралы Informburo.kz "Шеврон" компаниясының Қазақстандағы әлеуметтік инвестициялар бағдарламаларының үйлестірушісі Лейла Айтмұхановамен және елімізде іске асырылып жатқан жобалардың басшыларымен сұхбаттасты.

"Шеврон" компаниясы 1993 жылдан бастап үлгілі корпоративтік азамат болуға тырысып келеді және ол қолымыздан келетінін дәлелдедік. Бұл тек жобаларды жүзеге асыру ғана емес, біздің күнделікті жұмысымыз, қауіпсіздік техникасын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кадрларды іріктеу, қызметкерлермен жұмыс, қоғаммен өзара әрекеттестік сияқты көптеген кешенді іс-әрекеттерімізде де көрініс табады", – деді сөз басында Лейла Айтмұханова.

"Шеврон" әлеуметтік инвестициялар бағдарламаларының үйлестірушісі келтірген деректер бойынша, жылына 15-тен 20-ға дейін әртүрлі ауқымдағы жоба жүзеге асырылады. Олардың көпшілігі бірнеше жылға есептелген. Бұл – қоғамда болып жатқан сапалы өзгерістерді бағалаудың үлгісі десе де болады.

Бір қызығы, қаржы көлемі әрқашан тиімділіктің өлшемі бола бермейді.

"Тіпті бюджеті аз жобалардың да табысты болатынын көрдік. Ең маңыздысы – компания ретінде қандай шаруаларды шешкіміз келетінін, серіктесіміз қандай нәтижелерге қол жеткізетінін, қоғам үшін қандай пайда келтіретінімізді түсіну. Жүзеге асырып жатқан жобаларымыз немесе бағдарламаларымыз теңізге құйған тамшыдай болғанын қаламаймыз. Бірақ кейде олардың да пайдасы бар. Ол барлық жағынан тұрақты болуы тиіс", – дейді Лейла Айтмұханова.

Әрине, әр жобаның басы-қасында мамандар жүреді.

"Қазақстанда идеяларды кәсіби түрде жүзеге асыруға дайын, белсенді және шын құмартып, қызығушылықпен іске кірісетін осындай жаны жарық жандар бар екеніне қуанамын. Әлеуметтік инвестициялар негізінен бейүкіметтік ұйымдармен, әлеуметтік-мәдени кәсіпорындармен, білім беру мекемелерімен, азаматтық қоғам және бизнес өкілдерімен серіктестікте жүзеге асырылады", – деп сөзін жалғады Лейла Айтмұханова.

Бүгінде "Шеврон" компаниясы әлеуметтік инвестицияның негізгі үш бағыты бойынша жұмыс істейді. Олар: экономикалық даму (кәсіпкерлік және кәсіпкерлік ынтаны дамыту), білім беру және денсаулық саласы. Қоршаған ортаны қорғау және мәдени мұраны сақтау саласындағы жобалар да бар.

Басымдық берілетін бағыттар қалай белгіленеді? Бір жағынан, жобаларды таңдау компанияның мақсат, міндеттеріне қарай реттеледі, ал екінші жағынан  ол қазіргі жағдайды толық көрсете алмайды. Мәселен, өткен жыл барлық жоспарға елеулі өзгерістер енгізді.

Күрделі жыл – шұғыл шаралар

Qolda бағдарламасын "Шевронның" қолдауымен Орталық Азияның "Еуразия" қоры әзірледі. Ол туралы Қордың жоба менеджері Ажар Алтынсақа әңгімелеп берді:

"Qolda 1.0 бағдарламасының бірінші кезеңінде 2020 жылдың сәуірінен тамызына дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда гуманитарлық көмек көрсету, қоғамдық және волонтерлік ұйымдарды қолдау, сондай-ақ БАҚ арқылы халықты құлағдар ету есебінен пандемияның кері әсерін азайту міндеті тұрды. Біз бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсетеміз деп шешім қабылдадық. Өйткені, жалған ақпарат көп болды. Сол себепті сапалы контент, әсіресе қазақ тілінде дұрыс ақпарат тарату маңызды болды".

Ажар Алтынсақаның айтуынша, карантиннің тағы бір жағымсыз әсері Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің 41,7%-ға артуы. Қазақстандағы зорлық-зомбылық құрбандары сот төрелігі жайлы ақпараттан алшақ және өз құқығы жайлы көп біле бермейді. Үйдегі зорлық-зомбылыққа әрекеттердің көпшілігі қала (белсенді, көзтүрткі болудан ада, дамыған) тұрғындарына арналған, ал ауылды қамтымайды.

Qolda 1.0 тағы бір көңіл көншітпейтін нәтижені көрсетті. Ол – гуманитарлық көмек масылдықтың артуына алып келетіні және тиімді қолдау механизмінің болмауы. Жобаның ауқымын кеңейтіп, Qolda 2.0 аясындағы тәсілді өзгертуге тура келді. Яғни, қоғамның төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ету және жұмыла білу қабілетін арттыру, бұрын "көзге түсе бермейтін" топтар – тұрмысы төмен жандар, медицина қызметкерлері, еңбек мигранттары, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, шағын бизнес өкілдері, мүгедектер, иммун жетіспеу вирусына шалдыққан және бұрын сотталған адамдарға көмек көрсету үшін волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарын дамытуға ден қойылды.

2021 жылғы маусымда Qolda 3.0 басталды. Оның аясында өңірлерде 15 жобаға қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Qolda бағдарламасы "Шевронның" көмегімен төтенше жағдайдың жағымсыз салдарын жеңуге көмектесіп қана қоймай, гуманитарлық көмек көрсетіп, елдегі волонтерлікті дамытуға жаңа серпін берді және халықты төтенше жағдайға дайындады. Жекелеген бейүкіметтік ұйымдар азаматтар мен жеке компаниялардан 133 млн теңге қаржыны қоса тартты. Волонтерлер бірігіп, тізе қосты. Өз процестерін қайта қарап, жаңа шешімдер тапты, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар арасында ынтымақтастық орнатты және баршаға үлгі әрі мотивация болды.

  • 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың мамырына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 23 үкіметтік емес ұйым және 11 БАҚ-қа 73 млн теңге сомасында грант бөлінді.
  • Үкіметтік емес ұйымдар 1 800 волонтер және 70 серіктес ұйыммен бірлесіп Қазақстанның 14 облысындағы 30 000 бенефициарға көмектесті.
  • Гуманитарлық көмекті 7 000 отбасы алды.
  • Әлсіз тұлғаларға 1 788 психологиялық көмек, ШОБ өкілдеріне 1 400 кеңес берілді.
  • Зорлық-зомбылық құрбандарына заң аясында көмек көрсету арқылы 119 әйел өмірін жаңа арнада бастауға мүмкіндік алды.
  • Қазақстанның 14 өңірінде ТЖ болған жағдайда өзара көмек көрсетуге арналған үш қоғамдық қызмет құрылды.
  • 1 000 волонтер алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық машықты оқыды. Еліміздің 14 емханасында 2 000-ға жуық пациент волонтерлік көмек алды.

Әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау

Лейла Айтмұханованың айтуынша, "Шеврон" бұл бағытты қолдаған алғашқы компания еді және ол басқаларға үлгі бола алады. Осылайша, әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған алаң пайда болды. Ол  алаңның негізін қалаушы Индира Шах өз қызметі туралы ой бөлісті. 

"Impact Hub Almaty – бүкіл әлемдегі 100-ден астам алаңнан тұратын Impact Hub халықаралық желісінің бөлігі. Посткеңес елдерде мұндай хабтар Мәскеуде, Одессада, Ереванда және Тбилисиде бар. Біз Орталық Азиядағы алғашқы хабпыз. Жалпы, мұндай желі мен жергілікті хабтардың міндеті – әлеуметтік инновациялардың экожүйесін дамыту. "Шеврон" осы жолдың бастауында бізбен бірге болды және біз ынтымақтастығымызды жалғастырамыз".

Бүгінде хабта екі негізгі бағыт бар. Ол – әлеуметтік және креатив кәсіпкерлікті дамыту. Қолдау  аясында Social Impact Award бағдарламасы жұмыс істейді. Оған оқыту мен тәлімгерлік, іс-шаралар мен шеберлік сабақтары, сараптамалық қолдау және халықаралық қоғамдастықпен байланыс кіреді. Қаржылық көмек те көрсетіледі.

"Impact Hub Almaty пайда болғанға дейін әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау бойынша тұрақсыздау алаңдар болған. Біздің хаб тартылыс нүктесіне айналды десек те болады. Біздің мүшелер идеядан үлкен істерге ұмтылған кәсіпкерге айналып, дамып, кеңейіп, жұмыс орындарын ашып жатқанын көріп отырмыз", – дейді Индира Шах.

Social Impact Award бағдарламасы аясында үш жыл ішінде 65 жұмыс орны ашылды. Бұл бағдарлама жалпы алғанда 150 000 адамды қамтыды. Жобалардың тұрақтылығын атап өту маңызды. Атап айтқанда: SIA 45 қатысушысының 12-і әрекет етіп, дамып келеді (ал халықаралық практикада 1%-дың өзі табысты болып саналады).

Биыл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен және азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, "Шеврон" компаниясының қолдауымен Ozgeris Ustasy ("Өзгерістерді жасаушы") сыйлығы екінші рет тағайындалды. Осы сыйлықтың арқасында әлеуметтік кәсіпкерліктің мәнін жеткізуге мүмкіндік туды.

"Егер төрт жыл бұрын адамдарда бұл туралы мүлдем түсінік жоқ болса, тіпті кейбір кәсіпкерлер өз сапасы туралы өзі де білмесе, қазір қоғам мақсат, міндеттерін түсіне бастады. Бұл салаға көптеген жастар келуде. Олар үшін бұл қызық, өйткені маңызды әлеуметтік мәселелерді коммерциялық жолмен шешуге болатынын көрді. Жобалардың ауқымы да кеңеюде. Сонымен қатар, маңызды міндеттердің де шешімі табылды. Мысалы, "әлеуметтік кәсіпкерлік" терминін мемлекет ресми түрде мойындады және мұндай санаттағы кәсіпкерлер үшін артықшылықтар енгізілуде. Бұл бір ұйымның ғана еңбегі емес, бұл ортақ жұмыс", – дейді Индира Шах.

Биыл Social Impact Award бүкіл Қазақстан бойынша өтеді. Оған  онлайн-формат мүмкіндік береді. "Егер бұрын біз қатысушыларды өзіміз тартатын болсақ, қазір оған қажеттілік жоқ. Бұл біздің жұмысымыздың тиімділігінің ең үлкен дәлелі шығар. Қатысушылардың ойлау тәсілі де өзгерді. Дүниетанымның мұндай өзгеруі біз үшін ең зор үлес. Өйткені, бұл жастар болашақта Қазақстанның бет бейнесіне айналады және әлем ұмтылып жатқан тұрақты дамуға қол жеткізе алады", – деп сөзін түйіндеді Индира.

IT және әлеуметтік кәсіпкерлік ынтымақтастығы

ITeachMe білім беру бағдарламасының авторы және негізін қалаушы –  Захира Бегалиева мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдемақы мен оңалтатын техникалық құралдар түріндегі қолдау ғана емес, сонымен қатар "қармақ" та қажет екенін әрдайым өз тәжірибесінен біледі. Қолына балық емес қармақ алған жандар өз бетінше ақша таба алады, өздерін қоғамға қажет сезінеді, өз әлеуетін жүзеге асырып, қоғамның тең құқылы мүшесі бола алады.  Дәл "Шеврон" компаниясының осы қолдауы 2019 жылы үлкен істердің бастауы болды. Бірінші маусымдағы 23 адамды қамти алған ITeachMe шағын қанатқақты жобасы, бүгінгі күні ITeachMe қоғамдық қорына айналып, жасөспірімдер мен жастарға арналған бірқатар білім беру бағдарламаларын іске асыратын "Құзыреттерді дамыту орталығы" болды.

"Шеврон" бұл жобаға сенді. Бүгінгі таңда біздің түлектер бәрі де қолдарынан келетінін дәлелдеп келеді. Біз жылына 100-ден астам адамды қамтып отырмыз. Біз мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кәсіби машық алуына, олардың тұлға болып қалыптасуына, өз күшіне сенуіне көмектесеміз. Осылайша олардың әлеуметтенуіне ықпал етеміз. IT саласы – қимыл-қозғалыс шектеулері бар адамдар үшін ең оңтайлы нұсқа. Цифрлық әлемде "қол жетпейтін орта", "шектеулі мүмкіндіктер" сияқты ұғымдар жойылады және әрқайсысының әлеуетін ашуға барлық жағдай бар. Біздің курстар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балаларға ыңғайлы және барлық санатқа бейімделген. Біз сабақтарды қазақ тіліне аударып, субтитрлер мен ым тіліне аудармамен сүйемелдейміз. Сондай-ақ, біздің барлық бағдарламаларымыз көзі нашар көретін адамдардың (көруі шамамен 15%) қажеттіліктерін ескере отырып жазылған", – дейді Захира Бегалиева.

ITeachMe-дің бесінші маусымы аясында 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі адам сұранысқа ие мамандық алады. "Жалпы, біз 160-тан астам адамды қамтыдық. Бұл – тек жобаға тікелей қатысушылар ғана. Біздің білім беру бағдарламамыз олардың отбасыларының, туыстарының және жалпы қоғамның өміріне әсер етеді. Біздің студенттер бағалы қызметкерлер. Кейбіреуі кәсіпкер болды, ал біреулері фриланста ақша табады. Бұрын мүгедек арбасында отыратын адам жұмыс істеп, жақсы табыс табатынын елестету қиын болатын. Оларға әрдайым ауру және ерекше қарым-қатынасты қажет ететін адамдар сияқты қарады. Біз соқырларға арналған таяқ немесе мүгедек арбасы – жеке адамның қабілеттеріне әсер етпейтін, жоғалған функцияларға сүйеніш құрал ғана екенін дәлелдей отырып, стереотиптерді бұзамыз", – дейді қуанышы қойнына сыймаған Захира.

"Біз қоғамдық сананы жаңғыртудамыз. Студенттеріміздің арқылы біз медициналық диагноз бен мүгедектік адамның дамуына және бір іске машықтануына, жұмысқа орналасуына және табысқа жетуіне кедергі келтірмейтінін дәлелдедік. Біз әлеуетті жұмыс берушілермен бірталай жұмыс жүргізудеміз. Олар қазірдің өзінде мүгедек қызметкерлерге сақтана қарамайды. Олардың сұранысқа ие болуға деген ұмтылысын және қаржылық тәуелсіздікке деген құлшынысын байқайды. Орта және ірі бизнес өкілдері студенттерді жұмысқа орналастыру үшін бізге вакансия ұсынып отырады. Бұл – нағыз серіктестік және қоғамның ой-өрісін оң жаққа өзгерту", – деп сөзін түйіндеді білім беру жобасының авторы.

STEAM энтузиастарынан STEAM амбассадорларына дейін

Жоқ, бұл ойын алаңы жайлы емес, "болашақтың білімі" деп аталатын жүйелі оқыту тәсілі туралы. Бастапқыда STEM – science (ғылым), technique (техника), engineering (инженерия) and math (математика) төрт әріптен тұрды, содан кейін оған А – art (өнер) қосылды. Қазақстанда Caravan of Knowledge ("Білім керуені") жобасының арқасында дамыды.

"Steam күн тәртібі бірнеше жыл бойы белсенді болғанына қарамастан, нарықтағы барлық қатысушылар негізінен робототехника зертханалары компоненттердің бірі ретінде назар аударды. Мемлекеттік маңызы бар көптеген құжаттарда, мемлекеттік бағдарламаларда бұл тәсіл айтылған, бірақ мұндай анықтама бірыңғай түсіндірілген жоқ. Біз бұл бастаманы қолға алып, бізді қолдаған "Шеврон" компаниясының идеясын ұсындық", – дейді Caravan of Knowledge жобасының жетекшісі Зарина Бүйенбаева.

Сол кездегі бастамашыл топтың қатысушылары бел буған бірінші нәрсе – шағын эксперимент жүргізу және тәсілдің қаншалықты жақын екенін түсіну болды. STEAM менеджментпен, элективтік курстармен, қосымша білім ретінде, жалпы білім беретін мектептердің жұмысы, инклюзия, педагогика және тағы басқа контексте қарастырылды. Қазақстанның 16 өңіріндегі зерттеу көрсеткендей, оқушылар мен олардың ата-аналары, мұғалімдері бұл тәсілді қалай түсінетінін, оның қандай әдістермен ұсынылғанын және перспективалары бар екенін көрсетті.

"Пандемия – өте қиын кезең болды. Онымен қатар зерттеу және мұғалімдер үшін тегін біліктілікті арттыру бойынша онлайн-бағдарлама жүргізідік. Ол жеті аптаға созылды. Күн сайын шетелдік және жергілікті сарапшылардың эфирі өтіп жатты. Бір уақытта бір дәрісті тыңдаушылар саны 700-800-ден асып кетті. Ол кезде коронавирус өршіп тұрды. Біз жобаны тоқтата тұруға дайын болдық. Себебі осындай қиын кезеңде оның қажеттігі таразыға тартылды. Білім және ғылым министрлігі, керісінше, бізді қолдап, жобаны жалғастыру керек деді. Өйткені ол ақпараттық кеңістікте балама ретінде қызмет етеді және негативтен алшақтатады. Бұл дұрыс шешім болды: жеті аптада біз 200 000 мұғалімді оқыттық. Дәрістер таңғы жетіде де, кешкі тоғызда да болуы мүмкін уақыт айырмашылығына қарамастан, сабаққа қатысушылар арта түсті. Бұл бағдарламаны қамтуды ұлғайту және қолжетімді ету үшін әр дәріске біз орыс және қазақ тілдеріне екі ілеспе аудармашы ұсындық", – деп еске алады Зарина Бүйенбаева.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері бойынша STEAM-тәсіл қызықты, ал оның жеке компоненттері оқытушылық ортада интуитивтік түрде қолданылады. Сонымен қатар, өзекті мәселелер де айқындалды. Ол: кәсіби әдіскер зертханашылардың жоқтығы, мұғалімдер мен оқу бағдарламаларының тиісті машығының болмауы. Шығар жол біреу ғана. Ол – Білім және ғылым министрлігі. "Келіссөздер барысында біз мемлекеттік маңызы бар он құжатта бұл тәсіл аталатынын немесе көрсетілгенін дәлелдедік және "Шевронмен" бірлесіп, бюджет қаражатын пайдаланбай, Қазақстанда STEAM-білім беруді дамытудың бес жылға арналған Жол картасын әзірлеуді ұсындық. Құжат steam конференциясы аясында қоғамдық тыңдаудан өтті және қазір сараптамада", – дейді Зарина.

Steam білім беруді дамытудың жол картасы бес жыл ішінде қалпына келтірілуі керек төрт бағытты айқындайды. Құжат бойынша осы уақытта Қазақстанда білікті педагогтар, тату орта мен инфрақұрылым, мектеп және қосымша білім беру бағдарламалары, электив курстар әзірленетін болады деп болжанады. Егер бұл мектептерге енгізілсе, қазіргі жетінші сынып оқушылары мен жоғары сынып оқушылары университетке және еңбек нарығына басқаша ойлау жүйесімен, өзгеше құралдармен келеді.

Алғашқы "Білім керуені" 2020 жылдың қыркүйегінде аяқталғаннан кейін, команда Жол картасын жасаумен шектелмей, мақсатты аудиториямен жұмысты жалғастыру керек екенін түсінді.

"Шеврон" екінші грант аясында педагогтер арасында STEAM-тренерлер даярлауға конкурс жариялады. "Шеврон" Таиландта осындай бағдарламаны қолдайтындығының арқасында бұл әдістемені жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, отандық оқытушыларды даярлау үшін беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 110 өтінім келіп түсті, нәтижесінде 40 үздік өтінім ашық дауыс беру арқылы іріктелді. Қазір бұл кадрлық резерв жылдық сертификаттау бағдарламасынан өтуде. "Білім керуені" оқу және сертификаттау шығындарын толық төлейді, ал оқытушылар келісім-шартқа сәйкес жыл ішінде алған білімдерін өз өңірінде таратады, жаттықтырушы ретінде өз имиджін қалыптастырады және жаңа білім беру тәсілін паш етеді. Ұйымдастырушылар үлкен аймақтық қауымдастықтар құрылады деп үміттенеді. Ол бойынша мұғалімдер өзін-өзі реттеу қағидаты бойынша белгілі бір контентті дамытады.

Сонымен қатар, "Білім керуені" ретроспективті талдау, салалардағы STEAM әлеуеті және басқа елдерде тәсілді енгізу әдістемесі сияқты зерттеулерді жалғастыруда. Барлық нәтижелер зерделеу және одан әрі жұмыста қолдану үшін Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі.

Практикалық бағыттар да бар.

  • Tanym блогы аясында оқытушылар құрамасы орыс және қазақ тілінде 75 бейнесабақ жасап, ол республиканың барлық мектептеріне берілді. Блок ойын түрінде жүзеге асырылады: оқу барысында оқушыға аватар беріледі, ол оны жүктеп алады.
  • Jana Talap бағыты оқытушыларды сертификаттау және педагогика құндылықтары мен кәсіби мәдениет туралы "Координаттар жүйесі" бағдарламасын қамтиды. Сондай-ақ, инфрақұрылым жасау –зертханалар мен STEAM кабинеттерін құру аясында жаңа шаруаларды шешу қажет.
  • Шілде айында "Ғаламды құру" тақырыбында STEAM-camp басталады. "Шевронның" қолдауымен Нұр-Сұлтандағы әл-ауқаты төмен отбасылардың балалары және Алматыдағы хоспис пен балалар үйі қатыса алады. 
  • Art Factor – тәжірибесі бар оқытушылардың өнер және шығармашылық бойынша дәрістері.
  • Science Talk – жасөспірімдер мен жас ғалымдардың ғылымның өмірдегі рөлі туралы сенімді әңгімелер форматы.
  • School Update Programme аясында Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен Жаңа Тұрмыс кентінің №42 мектебінің басшылығы ауданы 90 м2 STEAM-кабинетті жабдықтау және осы жылдың қыркүйегінен бастап тәсілді енгізу туралы үшжақты меморандумға қол қойды. 

Команда "Үшінші керуенге" корпоратив қор ретінде кіреді. Тағы бір конференция, ғылыми-техникалық олимпиада және Қазақстандағы бағыттың дамуына үлкен үлес қосқандарға STEAM-амбассадор ордендерін тапсыру да жоспарда бар.

Экологиялық жобалар: өсімдік майынан отын және вегетариандарға арналған ет

Екі жыл бұрын Назарбаев Университетінде "Шеврон" компаниясының қатысуымен Sustainability Living Lab экологиялық жобаларды қолдау бағдарламасы бастау алды. Мұндай бағдарламалар әлемнің көптеген университеттерінде бар, олардың әрқайсысы ғылыми және академиялық базаға, сондай-ақ университеттердің қаржылық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктеріне байланысты ерекше болып келеді.

"Біздің университет негізі қаланғаннан бері "Шевронмен" ынтымақтастықта. Компанияның әлеуметтік бастамалары, сондай-ақ олардың қоршаған ортаны қорғау және өзінің көміртегі көлемін төмендету саясаты құрметке лайық. SLL бағдарламасы экологиялық жобаларды қолдайды және адам капиталын дамытуға үлес қосады. Бізді "Шевронмен" осы бағдарламаның миссиясы біріктіреді. Біз компанияның о бастан оған сенім артып, қолдау көрсеткеніне өте қуаныштымыз", – дейді Назарбаев Университетінің Тұрақты даму кеңсесінің басшысы Гүлжан Ермекова.

Бағдарлама аясында энергия тиімділігін арттыру, қалдықтарды қайта өңдеу, көгалдандыру, суды үнемдеу бойынша ғылыми-қолданбалы, инновациялық және креатив жобалар және қоршаған ортаны экологиялық таза әрі жайлы ететін басқа да бағыттар іске асырылуда. Гүлжан Ермекованың айтуынша, SSL университеттің академиялық, ғылыми, инновациялық базасын операциялық қызметінің басын қосады. Оның пайдасын барлық қатысушылар көріп отыр. Жоба авторлары теориялық білімдерін практикалық дағдыларға айналдыра отырып, тәжірибе жинайды, университеттің өзі және оның қоғамдастығы "жасыл" және ыңғайлы болады. Қатысушыларға әкімшілік, сараптамалық және қаржылық қолдау көрсетіледі, ал университет жобалар үшін тест алаңына айналады.

Бүгінде Назарбаев университетінде 20-ға жуық жоба жүзеге асырылды, олардың ішінде:

  • пайдаланылған өсімдік майынан биодизель отынын синтездеу;
  • органикалық қалдықтарды компосттау;
  • вегетариандарға арналған ет жасау;
  • микроб жоятын пленка жасау;
  • электр генерациялайтын велотренажер және басқалар бар.

Өткен жылы бағдарлама Қарағанды университетінде бастау алды. Бүгінде пластик қалдықтарды қайта өңдеу, нетворкинг бөлме құру, студенттерге арналған экологиялық курс және басқа сияқты бес жоба жүзеге асырылуда. 2021 жылы бағдарлама өз аясын кеңейтті және қазір Алматы энергетика және байланыс университетінде, Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде, Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істейді. SLL іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның түрлі қалаларында жүзден астам студенттер мен оқытушылар қатысты.

"Бізге өтінімдер көптеп түсуде. Ол – бағдарламаға үлкен қызығушылық бар екенін көрсетеді. Өткен жылы біздің бағдарлама оқытушыларға тұрақты даму саласында өздерінің академиялық курстарын әзірлеуге мүмкіндік беретін академиялық бағытқа кеңейді. Негізгі талаптардың бірі – олар жеткілікті интерактив және практикалық сабақтар мен тәсілдерді (field trips) қамту. Қазірдің өзінде екі курс әзірленді: тұрақты энергия түрі және көліктегі тұрақтылық. Олар жақын арада біздің университеттің академиялық бағдарламаларына енгізіледі", – дейді Гүлжан Ермекова.

Пайда туралы айта келе, Назарбаев Университетінің Тұрақты даму кеңсесінің басшысы бағдарлама шығармашылық әлеуетті ашу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қатысушылар өз идеяларын қоғам мен қоршаған орта игілігі үшін жүзеге асырады. Ал жобалардың қала мен ел деңгейінде масштабтауға барлық мүмкіндік бар. SLL сонымен қатар тұрақты даму саласындағы болашақ стартаптар үшін алдын-ала инкубатор қызметін атқарады.

"Білім беру процесінің өзі қоғамның дамуында үлкен рөл атқарады. Оқу орындарының көштен қалмай, өзекті проблемалар мен кедергілерді еңсеруінің өзі маңызды. Экологиялық апаттар мен климаттың өзгеруіне байланысты проблемалар – бұл біздің көз алдымыздағы ақиқат, проблема ертең одан сайын күшейе түседі. Біздің міндетіміз – қабілетті жас ұрпақты осы мәселелерді тиімді шешуге дайындау. Біздің мақсатымыз – болашақта мұндай бағдарламалар білім беру жүйесінің бір бөлігіне айналып, еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен мектептерінде қолдау табуы", – сөзін деп түйіндеді сарапшы.

Әрекет синергиясы

"Біз әрқашан басқа компаниялар және салалармен коалицияларды қолдаймыз. Мүддесі бірдей компаниялар қоғамға пайда әкелу үшін біріккен кезде, бұл қозғалыс әлдеқайда зор нәтиже береді. Осылайша, біз Microsoft, KCell және Coca-Cola-мен бірлескен жақсы жобалар жасадық", – деп сөзін жалғады Лейла Айтмұханова.

Мемлекетпен де тиімді ынтымақтастық орнап тұрады. Дәлірек айтқанда, бейінді министрліктер "Шеврон" қолдайтын жобаларға назар аударады, соның арқасында жүйелі өзгерістер енгізіледі. Мысалы, "Білім керуені" жобасын Білім және ғылым министрлігі қолдаған кезде осылай болды. ITeachMe жобасының жетекшісі Захира Бегалиева Еңбек министрінің Қазақстандағы мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі кеңесшісі болды. "Бұл қуантпауы мүмкін емес және өз жемісін беретініне сенімдімін", – деп пікірін қорытындылады "Шеврон" компаниясының өкілі.

Көбінесе бастамалар бір-бірімен қиюласып жатады. "Шеврон" компаниясы жобалардың интеграциясына осылай ықпал етеді. "Білім керуені" және Impact Hub Almaty командалары жүйелі ойлау бойынша бірлескен курстан өтіп, ең күрделі мәселелерді пысықтады. Нәтижесінде, жоғарыда аталған Жол картасына стратегиялық жоспарлаудың әртүрлі құралдары кірді.

Демеушілер көмегі 

"Бұл –  біздің бюджетіміздің шағын қалташасы. Егер өтініш шын мәнінде жақсы негізді және біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізбен қауышатын болса, онда біз бұл өтініштерді қарастырамыз. Қайталай кетейін, бізде жобаларды, серіктестер мен бағыттарды іріктеу критерийлері бар. "Шеврон" белсенді позициясы бар және қоғамдағы қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді талдауға, ұлттық басымдықтарға, компанияның міндеттері мен мақсаттарына негізделе отырып, қандай жобалар мен бағдарламалар іске асырылатынын шешеді", – дейді Лейла Айтмұханова.

Сонымен, қандай да бір идея немесе жоба болса, жағдайды талқылап, бағытты айқындайтын мәселе туса – "Шевронның" есігі әрқашан ашық.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары