Психолог Сая Бакимова отбасы құндылықтары туралы үш фильм, екі сериал ұсынды.
Кейде отбасындағы қарым-қатынасты реттеуге, құндылықтарды қайта қарастыруға көрген кино да ой салып жатады.
Бүгінгі материалда психолог Сая Бакимованың кеңесіне сүйене отырып, отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала қарым-қатынасы туралы 5 кинотуындыны ұсынамыз.
Август Раш (August Rush)
- Жыл: 2007
- Ел: АҚШ
- Бөлім саны: толықметрлі фильм
– Бұл кинода біз, ересектер, сене бермейтін бір ғажайып бар. Кішкентай баланың ешқашан көрмеген, білмеген анасын іздегені, екеуінің арасындағы нәзік байланыс әдемі көрінеді. Киноны балалармен көруге болады.
Фильмді осы сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады.
Ғажайып (Wonder)
- Жыл: 2017
- Ел: АҚШ
- Бөлім саны: толықметрлі фильм
– Бұл кино Ракель Паласионың аттас кітабының негізінде түсірілген. Кітаптың өзін де, киноны да барлық ата-анаға, мейірімді болып өскісі келетін балаларға ұсынамын.
Фильмді осы сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады.
Біз зообақ сатып алдық (We Bought a Zoo)
- Жыл: 2011
- Ел: АҚШ
- Бөлім саны: толықметрлі фильм
– Бұл киноны ұсынған себебім, біздің қоғамда көбіне анасы жалғыз өзі балаларын бағып, тәрбиелеп отырғанын көреміз. Ал рөлдік модел ретінде мұндай әкелерді сирек көретін сияқтымыз, өкінішке қарай. Бұл кино – мәселеге басқаша қарауға жақсы мүмкіндік.
Фильмді осы сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады.
Бұл біз (This Is Us)
- Жыл: 2016-2022
- Ел: АҚШ
- Бөлім саны: әзір 5 маусым, 88 бөлімі шыққан
– Бұл сериалда ата-ананың балалары үшін қандай қиындықты да жеңе алатыны өте әсерлі көрсетілген. Өздерінің балалық шағы оңай болмаса да, балалар үшін жаңа дәстүр, мүмкін, жаңа өмір қалыптастырғысы келеді. Осындай тәрбиені көріп өскен бауырлар есейгенде де бір-бірін қолдап, қорғап жүреді. Бала асырау жайлы ойланып жүрген адамдар да көрсе көп нәрсе алады деп ойлаймын.
Фильмді осы сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады.
Даунтон Абаттығы (Downton Abbey)
- Жыл: 2010-2015
- Ел: Ұлыбритания
- Бөлім саны: 6 маусым, 52 бөлім
– Сериал Ұлыбританияның лордтар отбасындағы махаббат, жанжал, жаңа уақытқа бейімделу жайлы баяндайды. Бәрінің ортасында отбасының бір-біріне деген махаббаты, сенімі жайлы басты оқиға өрбіп жатады. Отбасындағы дәстүрге берік, талапшыл әженің образы өзіміздің әжелерімізге қатты ұқсайды. Тіл үйреніп жүргенде сериалды түпнұсқада көріп, әйгілі британ ағылшынының дыбысталуымен танысуына болады.
Фильмді осы сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-