Еңбекке жарамсыздық парағы жұмысшыны еңбек міндеттемелерін орындаудан босатады. Бұдан бөлек, ауруханаға жүгінгенін растайтын анықтама қағазы да жұмыс орнында болмауының себебі бола алады. Тек еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлейтін құжат болып табылмайды.
Еңбекке жарамсыздық парағын қандай клиникалар береді, ауырған азамат қандай мерзімге және қандай жәрдемақы алуға құқылы, төмендегі мақалада толығырақ түсіндіреміз.
№1. Еңбекке жарамсыздық парағы дегеніміз не?
Жұмысшыны уақытша еңбекке жарамсыз деп тану туралы лицензиясы бар медициналық ұйыммен берілген құжат. Ол жәрдемақы алуға құқық береді және қызметкердің жұмыс орнында дәлелді себеппен болмағанын растайды.
Құжат ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыз күнгі №183 бұйрығымен бекітілген.
Заңды құжатты кез келген медициналық ұйым бере алмайды – мекеменің міндетті түрде лицензиясы болуы тиіс. Жедел жәрдем дәрігерлерінің, қан құю стансасының жұмысшыларының, ауруханадағы қабылдау бөліміндегілердің және кейбір жеке клиникадағылардың еңбекке жарамсыздық парағын жазып беруге құқы жоқ.
№2. Құжат қандай жағдайларда беріледі?
Еңбекке жарамсыздық парағы төмендегідей жағдайларда рәсімделеді:
- Өткір созылмалы ауру кезінде, олар асқынғанда;
- Жарақат алып, уланып қалып еңбекке жарамдылығынан уақытша айырылуына байланысты ;
- Жасанды жолмен жүктілікті тоқтатқанда;
- Ауру баланы күту кезінде;
- Жүктілік және бала туу кезінде;
- Жаңа туған баланы асырап алған жағдайда;
- Емдеу-сауықтыру ұйымдарында ем алса;
- Карантин кезінде;
- Ортопедиялық протездеу кезінде.
№3. Ауру адамға не істеу керек?
Еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін пациентті бейінді дәрігер қарауы тиіс. Ол емханаға баруы немесе дәрігерді үйіне шақыртуы керек. Дәрігер келесі қабылдау күнін көрсете отырып, еңбекке жарамсыздық парағын ашады.
Қазақстанда еңбекке жарамсыздық парағының қағаз нұсқасы электронды форматқа ауыстырылды.
№4. Еңбекке жарамсыздық парағы қанша күнге беріледі?
Ауырып қалса, жарақат алғанда құжат үш күнге беріледі. Жедел респираторлық-вирустық инфекциялар тараған уақытта бұл мерзім 6 күнге дейін ұзартылады.
Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін медициналық көмекке жүгінгендерге еңбекке жарамсыздық парағында жұмыстан босату мерзімі деп келесі күнді белгілейді.
Ауруханаға жатқызылған жағдайда құжат стационарға жатқан күннен бастап беріледі. Егер амбулаториялық тұрғыда емделетін болса, еңбекке жарамсыздық парағы дәрігерге жүгінген күннен бастап ашылады.
№5. Құжаттың мерзімін қалай создыруға болады?
Еңбекке жарамсыздық парағы көп дегенде 20 күнге беріледі. Одан көп уақытқа тек дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша ұзартылады.
Құжатты ең бірінші жүгінген медициналық ұйымда ғана создыруға болады. Егер пациент шетелде емделуге жіберілсе, ол ол жақтан келгеннен кейін еңбекке жарамсыздығы туралы парақ пен анықтаманы дәрігерлік-кеңес беру комиссиясы рәсімдейді. Ол үшін басқа елдің дәрігерлері берген құжаттарды қоса тапсыру керек.
Қазақстанның басқа қалаларына, сондай-ақ шетелге емделуге баратын жолға кететін күндерге де еңбекке жарамсыздық парағы беріледі. Құжатты комиссия қорытындысы бойынша емделуге жіберіп отырған клиника рәсімдейді. Жолға берілетін уақыттың ең ұзақ мерзімі – бес күнтізбелік күн.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Больничный лист: как правильно оформить и что делать в форс-мажорных ситуациях?
№6. Масаю салдарынан еңбекке жарамсыз болу
Ішімдік ішіп немесе есірткіге елітіп, мас болып жарақат алса, сондай-ақ ағзасы өткір уланса еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты алуға болады.
Ол үшін дәрігерге жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру керек, құжат дәрігерлік көмекке жүгіннен бастап рәсімделеді.
№7. Ауру баланы күту кезінде еңбекке жарамсыздық парағын қалай алуға болады?
Дәрігер береді. Құжатты баланы бағып отырған адамның заңды тұлғаларының өкілі немесе жақын туысы ала алады.
Еңбекке жарамсыздық парағы мұндайда баланы күтуге қажетті уақытқа, алайда 10 күннен көп емес мерзімге беріледі. Егер бала өзі тұрақты тұратын мекен-жайдан басқа жерде ауырып қалса (басқа қалада қонақта болғанда, шетелде демалу кезінде) басқа қаланың тұрғыны ретінде емдеуші мединицалық ұйымның жетекшісінің қолы қойылған анықтаманы ала алады.
№8. Жәрдемақы қалай төленеді?
№9. Еңбекке жарамсыздық парағы кімдерге берілмейді?
- Медициналық куәландырудан, әскери органдардың жолдамасымен медициналық тексерістен өтіп жатқандарға;
- Тұтқындауда немесе әкімшілік қамауда отырғандарға;
- Асқынудан тыс созылмалы аурулары бар, тексеруден өтіп жатқан, амбулаториялық-емхана жағдайында түрлі процедура қабылдап жүрген тұлғаларға;
- Уақытша еңбекке жарамсыздық белгілері анықталмастан медициналық ұйымға жүгінгендерге.
Informburo.kz осы материалды дайындау барысында көмектескені үшін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне алғыс білдіреді.
Авторы Зарина Жақыпова.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.