Бүгін – халықаралық киік күні.
Қазақстанда киіктердің негізгі үш популяциясы бар. Олар:
- Бетпақдала;
- Орал;
- Үстірт.
"Киіктің қазіргі заманғы жайылым аймағы еліміздегі он әкімшілік облыстың аумағын қамтып, тіпті Өзбекстан мен Ресей Федерациясының көршілес облыстарына да таралады", – делінген Экология министрлігі таратқан хабарламада.
1970 жылдары киіктер саны 510 мыңнан 1 млн 200 мың дараққа дейін жетсе, 1990 жылдары 148 мыңнан 976 мың дараққа дейін азайған. ХХІ ғасырдың басында олардың саны тағы да едәуір төмендеп, 2003 жылы 21,1 мыңға жетті.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда киіктерді қорғауға арналған акция өтеді
Қазіргі уақытта киіктердің саны қалпына келе бастады. Алайда 2020 жылы пандемияға байланысты есеп жүргізілген жоқ. Қазір есеп қайта жанданды және нәтижелері биыл жылдың соңында белгілі болады.
Киіктерді қорғау үшін Комитет, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл сайын браконьерлікпен күрес бойынша "киік" табиғатты қорғау акциясын өткізеді. Сондай-ақ, Қазақстанда киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салу 2023 жылға дейін ұзартылды.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында 805 дана киік мүйізін алып бара жатқан браконьерлер ұсталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев киіктерді атқаны үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтқан болатын. Қазақстанда браконьерлік үшін қылмыстық заңнама күшейтілді. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 339-бабы киікті, оның бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде киік мүйіздерін заңсыз олжалағаны, иемденгені, сақтағаны, өткізгені, әкелгені, әкеткені, жібергені, тасымалдағаны немесе жойғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеуді не одан айыруды көздейтін жаңа бөлікпен толықтырылды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
324
-
0
-
0
-
-
2🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
303
-
0
-
0
-
-
3🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
-
290
-
0
-
1
-
-
4🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр
-
279
-
0
-
1
-
-
5🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
-
300
-
0
-
6
-
-
6💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
280
-
0
-
3
-
-
7👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
258
-
0
-
1
-
-
8🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
242
-
0
-
11
-
-
9🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
233
-
0
-
5
-
-
10👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
228
-
0
-
5
-