Мұндай жағдайда тұтынушыларға алданып қалмаудың қандай жолдары бар және олар өз құқын қалай қорғай алады? Бұл туралы "Қазақстанның тұтынушылар ұлттық лигасы" басқарма төрайымы С.Романовская айтып береді.
№1. Тауардың сөредегі бағасы басқа, ал чекте одан да қымбат баға көрсетілсе, не істеу керек?
Бірінші сөредегі бағаны, одан кейін мерзімін, қолыңыздағы чекті суретке түсіру керек. Мұндай жаңдайда 190 бап – "Есептен жеу, таразыдан жеу, кем өлшеу" бойынша 80 АЕК дейін жаза қарастырылған. Сондықтан, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша полиция шақыруға болады. Мұның бәріне хаттама толтырылады, бұдан кейін сізге баға айырмасын қайтаруға міндетті. Ондайда менеджерлердің "тауарлар әр түрлі партиядан немесе бағасын ауыстырып үлгермедік" деп ақталғанына құлақ аспау керек. Сізге тауарды сөреде ұсынған бағамен сатуға міндетті.
№2. Сауда орындарында фото, видео түсірілім жасауға бола ма?
Әрине. "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" ҚР Заңының 24 бабына сәйкес жеке меншік болса да оферта келісім-шарты бар барлық қоғамдық орындарда фото, видеоға түсіруге болады.
№3. Егер дүкеннің күзетшісі сөмкеңізді кіре берісте тастап кетуді немесе оның ішін көрсетуді талап етсе, не істеу керек?
Әкімшіні шақыру керек. Дүкенге кіре берісте сөмкесін тастай ма жоқ па, сатып алушы өзі шешуі керек. Ал сіздің пакетіңіздің ішін тексеруге ешқандай негіз де, құқық та жоқ. Бұл – сіздің конституциялық құқығыңызды бұзу болып саланады.
№4. Егер дүкеннен шыққанда дабылды сигнал ойнаса, күзет қызметкері сізден күмәнданып, сөмкеңізді көрсетуді сұраса
Күзет қызметкерінің жетегіне ермеңіз. Сіздің ешнәрсе көрсетпеуге толық құқығыңыз бар. Күзетші сізді арнайы кабинетке апарып, полиция шақыра алады. Осындай жағдайда ғана полиция қызметкері қолыңыздағы сөмкені ашып қарайды. Ал, полицияны шақырмаса, сіз оны көрсетуден бас тарта аласыз.№5. Өлшенетін тауарларға қандай құжаттар ұсыну қажет?
Егер сіз өлшенген тауардың (мәселен, ет) шыққан жері мен мерзіміне көз жеткіңіз келсе, оның сатушысы, мекен-жайы немесе басқа да ақпараттар көрсетілген сертификатты, анықтама немесе ветеринарлық куәлік пен жүк құжаттарын талап ете аласыз және сізге оны ұсынуға міндетті.
№6. Мерзімі өтіп кеткен тамақтарды қайтаруға бола ма?
Егер сіз оның мерзіміне мән бермесеңіз, оны қайтадан дүкенге өткізе аласыз. Қисынға келмесе де, заң бойынша мұндай тамақтарды дүкенге бір айдың ішінде қайтарып өткізуге құқыңыз бар. Мұндайда міндетті түрде тауарды дәл сол дүкеннен сатып алғаныңызды және мерзімі өтіп кеткен тауарды алғаныңызды растайтын чек керек.
№7. Қоғамдық тамақтану орындарында (асхана, кафе, ресторандарда) тұтынушы ондағы тамақтардың құжаттарын талап ете ала ма?
Иә. Мұндай орындарда барлық тағамдардың құжаттары болуы тиіс. Ал, Тұтынушылар құқын қорғау ұлттық лигасының мүшелері қызметкерлердің санитарлық кітапшаларын тексере алады.
№8. Қоғамдық тамақтану орындарында қандай жағдайда ақы төлеуден бас тарта аласыз?
Егер сіз өзіңіз тапсырыс берген тамақтан бөгде заттар көрсеңіз: шаш, тарақан және т.б. Егер тамақ дұрыс дайындалмаса (піспеген не жартылай күйіп кеткен). Айғақ үшін фото, видео түсірілім жасау қажет немесе куәгерлерден сұрау керек (сіздің сөздеріңізді растау үшін жаныңызда болған адамдардың мәліметтерін жазып алыңыз).
№9. Ас мәзірінде не көрсетілуі тиіс ?
- тамақтың аты
- неден жасалғаны (құрамының бәрі көрсетілуі тиіс, өйткені тұтынушының қандайма бір тағамға аллергиясы болуы мүмкін)
- салмағы
- бағасы
№10. Ресторанда тамақты кем өлшесе, не істеу керек?
Егер, тапсырыспен алдыңызға келген тамақтың көлемі мәзірде көрсетілгендегісінен кем болса, сіз оны қайта өлшете аласыз. Тамақты кем өлшеген жағдайда – полиция шақырып, моралдық және материалдық шығын талап етуге әбден болады.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.