Тікелей эфир

Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасы туралы ақпарат берудің бұрынғы форматына оралды

Ведомствоның хабарлауынша, мұны ДДСҰ стандарттары талап етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі өзінің ресми ресурсында коронавирус инфекциясының  алғашқы күндерінен бастап ағымдағы күнге дейін тіркелген жағдайлардың саны бойынша статистикалық деректерді, оның ішінде сырқаттанушылық және өлім-жітімнің өсу көрсеткіштерін көрсете отырып, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап, 2020 жылғы КВИ өлім-жітімі бойынша ақпарат берудің бұрынғы форматына оралды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, мамыр айының басында Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен үш дереккөз – Денсаулық сақтау министрлігі, Әділет министрлігі және Ұлттық статистика бюросы негізінде қалыптастырған 2020 жылға арналған коронавирустың өлім-жітім бойынша түпкілікті ресми мәліметтерді жариялады.

"Жыл сайын статистикалық жұмыстардың бекітілген жоспарына сәйкес өткен жыл бойынша аталған рәсім ағымдағы жылдың сәуір айының соңында аяқталады. Ағымдағы жылдың төрт айында және соңғы тәулікте КВИ-ден сырқаттанушылық және өлім-жітім бойынша Министрліктің жедел деректері жеке көрсетілді. Алайда ДДСҰ КВИ-пен ауырғандардың және қайтыс болғандардың тіркелген жағдайларының саны бойынша статистикалық деректерді тіркеудің алғашқы күнінен бастап ағымдағы күнге дейін артуымен жариялауды ұсынады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда 21 мамырда бірқатар екпе алу орындарында ұтыс акциясы өтеді


Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен сырқаттанушылық және өлім-жітімі туралы ақпарат берудің бұрынғы форматына оралады.

"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылдың қорытындысы бойынша КВИ-ден қайтыс болғандар саны 4 729 адамды құрады, оның ішінде"+" КВИ-ден – 1 783, "-" КВИ-ден – 2 946. Денсаулық сақтау министрлігінің жедел мәліметтері бойынша, 2021 жылғы 4 айда және 2021 жылғы мамырдың 20 күнінде КВИ-ден қайтыс болғандар саны 2 373 адамды құрады, оның ішінде "+" КВИ-ден – 1 984, "-" КВИ-ден – 389", – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Серіктестер жаңалықтары