Тікелей эфир

Бүгін "Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды

Биыл 1 055 стипендия бөлінген.

"Болашақ" хлықаралық бағдарламалар орталығы Facebook парақшасында бүгіннен бастап магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстың басталғанын хабарлады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bolashaq Scholarship (@bolashaq.cip)

Құжаттар 2021 жылғы 4 мамырдан бастап 28 қазанға дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін 1 055 стипендия бөлінді.


Оқи отырыңыз: "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алуға болатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді


 "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізімі және басым мамандықтар тізімімен ресми сайтта танысуға болады. 

 

 

2021-2023 жылдары "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде оқу үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №200 бұйрығымен  бекітілді.

Алғаш рет жоғары оқу орындардың тізімі бірден 3 жылға бекітілді. Бұл формат үміткерлерге "Болашақ" стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысуды жоспарлау мен дайындалуда қолайлы жағдай жасау мақсатында енгізілді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына енгізілген өзгерістердің арқасында 2021-2023 жылдарға арналған шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі сапалық және сандық жағынан да өзгерді.

Тізімге екі және одан да көп академиялық рейтингтердің (QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education) топ-250 позициясына кіретін 207 шетелдік жоғары оқу орны кіреді.

Тізімде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқытудың басым бағыттары бойынша көшбасшылық орындағы 27 елдің жоғары оқу орындары ұсынылды. Үміткерлер 2021 жылға арналған Басым мамандықтар тізбесіне енгізілген мамандықтардың біреуі бойынша осы ЖОО біріне түсіп, "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға өтінім бере алады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары