Тікелей эфир

Бүгіннен бастап тұрмысы төмен адамдарға 5556 теңгеден көмек беріледі. Оны кімдер алады?

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
2 АЕК мөлшеріндегі бұл көмек азық-түлік және тұрмыстық жинақтардың орнына 1 миллионнан астам қазақстандыққа беріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2020 жылдың шілдесінде азық-түлік және тұрмыстық жинақтар үшін қаражат төлеуді көздейтін бұйрықты әзірленіп, қабылданды. Қазақстандықтар 20 шілдеден бастап ай соңына дейін банк карталарына төлем ала бастайды.

"Бұйрық күшіне енген кезде 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алушылар болады. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алуға тиісті адамдардың тізімін жасайды. Содан кейін шілде айына, яғни шектеу шараларының қолданылу кезеңінде алушыларға сомасы 2 АЕК мөлшерінде төлем жіберіледі" делінген министрліктің сайтындағы хабарламада.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алатындарға нұсқаулық. Өтініш бүгіннен бастап қабылданады

Көмек алатын азаматтардың 5 әлеуметтік тобы:

  1. атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
  2. медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  3. медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
  4. мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;
  5. жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

"Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында адамдардың тікелей байланысын болдырмау үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар 2 АЕК-тен кем болмайтын мөлшерде алушылардың банк карталарына аударылған төлемге ауыстырылды" делінген министрліктің сайтындағы хабарламада.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары