Тікелей эфир

Баянауылда туристер көбейді

Сурет автордікі
Сурет автордікі
Баянауыл – киесі мен иесі бар, табиғаты тамаша құт мекен. Әулиелер мен ғұламалар туралы аңыз көп. Тастар қалашығы мен өзен-көлдері ғажайыпқа толы.

Шілде айы болғанда...

Қазақстан – төрт маусымы айқын, табиғаты алуан түрлі қойны-қонышы қазба байлыққа толы мемлекет. Батысында алып Каспий, шығысында Алакөл мен Балқаш көлі жайылып жатыр. Алатауды, Тарбағатай және Алтай тау сілемдерін бойлай өскен қарағайлы орман мен сарқырай аққан өзендерге қарасаң, көз тоймайды. Бұйрат–бұйрат құмдары бар құпия сырды ішіне бүгіп жатқан Орталық аймақ пен Қызылорда өңірі, құба белді сайын даласы әсем Ертіс пен Жайықты жайлай қонған қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігі өзгеше.

Орталық Қазақстанда Қарқаралы мен Баянауыл тауларының арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабынды сынды көлдер, бұлақтар мен өзендер бар. Одан да кереметі – жақпар-жақпар жастық тастардан құралған тас қалашықтардың ғажайып көріністері көргеннің көзін сүріндіріп, ғажайып күйге бөлейді. Сол киелі де кіреуке мекенге біз де барып қайттық.

Баянауылға қалай жетеміз?

Баянауылдың ауданы – 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының солтүстік-шығысында – Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында – Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында – Қарағанды облысымен шектеседі. 30 мыңнан астам адам тұрады.


Астанадан Баянауылға бару жолы

Астанадан Баянауылға екі – Қарағанды және Алаш тас жолы арқылы баруға болады / Скриншот informburo.kz


Астана – Павлодар тасжолы арқылы Екібастұз қаласынан оңға бұрылып, Майқайың арқылы баруға болады. Сонымен бірге Қарағанды немесе Теміртауды басып, Ботақара арқылы да жету ыңғайлы. Алайда бірінші бағыттың жолы жаңа. Астана – Екібастұз автобусына билет 2000 теңге, такси 2500 теңге. Астанадан Екібастұзға дейін электричка мен пойыз де бар. Олар 1500 теңгеден. Екібастұздан Баянауылға 1000 теңгемен жетіп аласыз. Онда такси де, автобустар да көп.


Баянауылдағы үш көлге барар жол

Баянауылдағы үш көлге апарар жол / informburo.kz


Баянауыл ауылы – Баянауыл ауданының әкімшілік орталығы. Сабындыкөлдің жағасына орналасқан. Халқы 5-6 мың адам айналасында.


Баянауыл ауылына кірер жерге орнатылған мүсін

Баянауыл ауылына кірер жерге орнатылған мүсін / Сурет автордікі


Асан Қайғы бабамыз Баян тауын көргенде "Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней кетемін деген адам, бір жұмаға қалады" деген екен.


Баянауыл ауылына келдік

Баянауыл ауылына келдік / Сурет автордікі


Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі – көлемі 60 мың шаршы шақырымнан асады. Мол орман қорынан тыс, тумысы бөлек тасты шоқылар, бұлақтар мен көлдердің шоғыры бар. Түрлі аңдар мен құстардың мекені.

  • Баянауыл орманшылығы – 19 188 га;
  • Жасыбай орманшылығы – 22 904 га;
  • Далба орманшылығы – 8 596 га;
  • Кеңейтілген парк аумағы – 17 764,8 га.

Баянауыл ауданының орталық мешіті

Баянауыл ауданының орталық мешіті / Сурет автордікі


Баянауыл – әулиелер мен ғұламалар көп шыққан киелі мекен. Олар:

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) – ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, арқалы жырау, қабырғалы би, мемлекет қайреткері.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781)
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) / Сурет автордікі

Mәшhүp Жүсіп Көпейұлы (1858- 1931) – XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, шежіреші, философ. Халыққа әулиелігі арқылы да белгілі.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931)

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) / Сурет автордікі


Сұлтанмахмұт Tорайғыров (1893-1920) – ақын, жазушы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) / Сурет автордікі


Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) – геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Қаныш Сәтбаев

Қаныш Сәтбаев / Сурет автордікі


Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы.

Әлікей Марғұлан (1904-1985)

Әлікей Марғұлан (1904-1985) / Сурет автордікі


Шәкен Айманов (1914-1970) – кинорежисер, актер.

Шәкен Айманов (1914-1970)
Шәкен Айманов (1914-1970) / Сурет автордікі

  • Жаяу-Мұса Байжанұлы (1835-1929) – ақын сазгер, әнші.
  • Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) – жазушы, ақын, драматург.
  • Жұмат Шанин (1892-1939) – қазақтың тұңғыш театр өнерін ұйымдастырушы, режиссер.
  • Көшмұхамбет Кемеңгеров (1894-1937) – әдебиет зерттеуші, жазушы, аудармашы.
  • Диқан Әбілев (1907) – майдангер ақын, жазушы.
  • Зейтін Ақышев (1911-1991) – жазушы, ақын, драматург.
  • Зейін Шашкин (1912-1966) – жазушы, драматург.
  • Қалмұқан Исабаев (1925) – жазушы.
  • Кәукен Кенжетаев (1916)– әнші, режисер, актер.
  • Садық Кәрімбаев (1918-1975) – композитор.
  • Қуат Әбусейітов (1925) – кинорежисер.
  • Суат Әбусейітов (1929-1992) – кионактер, әнші.

Сабындыкөл

Сабындыкөл – Баянауыл тауларындағы тұщы көл. Баянауыл ауылының жанында, теңіз деңгейінен 452,7 м биіктікте орналасқан. Аумағы – 7,08 км², ұзындығы – 4,5 км, ені – 2,8 км, жағалауының ұзындығы – 15 км, тереңдігі – 9,5 м. Шарасының көлемі – 9,9 млн. м3. Тектоникалық көлдерге жатады. Көлді пішіні домалақ гранит жартастар қоршаған. Оңтүстік жағалауында балалардың демалу-сауықтыру лагерлері орналасқан.


Сабындыкөл

Сабындыкөл / Сурет автордікі


Сабындыкөлдің суы тұнық, тұщы. Сонымен қатар жергілікті халық оның суын денедегі тері ауруларына ем деп санайды.


Сабындыкөл. Суы тұнық, асты құмды.

Сабындыкөл. Суы тұнық, асты құмды / Сурет автордікі


Баянауылға Қарағанды – Павлодар тасжолы арқылы Қарағанды жақпен де келуге болады.


Көлге келе жатқан демалыс көліктері жүйткіп жүр

Көлге қарай демалыс көліктері жүйткіп жүр / Сурет автордікі


Баянауыл бұлақтары

Екібастұз бен Баянауыл тасжолының бойындағы Сарыадыр бұлағы. Жолаушылар жол бойы түсіп, сусындайды және құйып әкетеді.


Сарыадырбұлағы

Сарыадыр бұлағы / Сурет автордікі


Қазақта "судың да сұрауы бар" деген сөз бар.


Сарыадыр бұлағынан су алып жатыр

Сарыадыр бұлағынан су алып жатыр / Сурет автордікі


Шөлін қандырып, көңілін сергіткен қайнар суына деген рахметін жағасындағы ағаштарға ақтық байлау арқылы білдіреді. Таза бұлақты "Құдайдың берген несібесі" ретінде қарайды. Көне түркілерден келе жатқан бұл ғұрыпты қазақтар ғана емес, бұлақтың суын ішкен басқа ұлт өкілдері де сақтауға тырысады.


Бұлақтан су алғаннан кейін ақтық байлап жатыр

Бұлақтан су алғаннан кейін ақтық байлап жатыр / Сурет автордікі


Бұлақ жағасында арнайы дәмхана, дүкен және балалардың ойын алаңы бар.


Бұлақтан су алып кетіп бара жатқан ақсақал

Бұлақтан су алып кетіп бара жатқан ақсақал / Сурет автордікі


Торайғыр ауылына келдік

Торайғыров – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Торайғыров ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырымдай жерде.

Халық саны 2 мыңға жуық.


Торыайғыр ауылына келдік

Торыайғыр ауылына келдік / Сурет автордікі


Осы өңірде туып-өскен қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровтың есіміне байланысты жерлердің бірі. Ақын бейіті осында.


Әулиебұлақ жағасы туристік зонаға айналыпты

Әулиебұлақ жағасы туристік зонаға айналыпты / Сурет автордікі



Торайғыр ауылындағы Әулиебұлақтан су алатындар өте көп

Торайғыр ауылындағы Әулиебұлақтан да су алатындар өте көп / Сурет автордікі


Әулиебұлақ ауыл жанындағы таудың етегінде. Баяғыда бұлақтың басында бір емші әже тұрған екен. Әже ауырған адамдарды осы бұлақтың суымен ұшықтап, дертінен сауықтырып жіберетін болыпты. Әже қайтыс болғаннан кейін де, оның аруағы елді емдеп, демеп жүреді екен дейді аңызда. Ем үшін келіп, су ішетіндер өте көп. Бұлақ басына келіп жатқан адамдар тобы үзілмейтінін көзімізбен көрдік. Кей адамдар ыдыстарын суға толтырып, әкетіп жатты.


Бұлақ жағасындағы демалыс үйлері

Бұлақ жағасындағы демалыс үйлері / Сурет автордікі


Кезінде Кеңестік үкіметінің қызыл белсенділерінен қашқан Сұлтанмахмұт атамыз төмендегі шоқының басына тығылыпты деседі.


Кеңестік қызыл үкіметтің қуғынына түскен Сұлтанмахмұт атамыз осы тауларға тығылыпты

Кеңестік қызыл үкіметтің қуғынына түскен Сұлтанмахмұт атамыз осы тауларға тығылыпты / Сурет автордікі


Жабысқақ қандыағаш – Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енген ағаш түрі.


Қызыл кітапқа енген жабысқақ қандағаш осы жерде өседі

Қызыл кітапқа енген жабысқақ қандыағаш осы жерде өседі / Сурет автордікі


Тоғай арасында туристердің атқа мініп, серуендеуіне жағдай жасалған.


Жабысқақ қанды ағаш тоғайы арасында жүрген атқа жайдақ мінген бала

Жабысқақ қандыағаш тоғайы арасында жүрген атқа жайдақ мінген бала / Сурет автордікі


Торайғыр көлі

Торыайғыр көлі – Павлодар облысының Баянауыл ауданы Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Ақбет тауының етегінде орналасқан. Ауданы 0,88 км², ұзындығы 1,8 км, ені 0,6 км. Орташа тереңдігі 3,1 м. Суын оңтүстігінде таулы (абсолюттік биіктігі 800-1000 м), солтүстігінде ұсақ шоқылы (салыстырмалы биіктігі 15-50 м) алаптан жинайды.


Торайғыр көлі. Көлдің арғы бетіндегі демалыс орындары

Торайғыр көлі. Көлдің арғы бетіндегі демалыс орындары / Сурет автордікі


Көл тектоникалық ойыста пайда болған, жағасы жақпартасты, тік. Суында мөңке, алабұға, т.б. балықтар кездеседі. Көл – осы өңірде туып-өскен қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровтың есіміне байланысты жерлердің бірі. Ақын бейіті осы көлдің маңында. Көлге жақын жердегі тау бөктерінен демалып жүрген туристерді де кездестірдік.


Торайғыр көлінің бір бұрышындағы демалыстан бір көрніс

Торайғыр көлінің бір бұрышындағы демалыстан бір көрініс / Сурет автордікі


Торайғыров ауылы.


Торайғыр ауылы осы

Торайғыр ауылы осы / Сурет автордікі


Биыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толды. Үлкен жолдың қиылысындағы төмендегі құлаған үйді Сұлтанмахмұт бабамыздың суреті әсемдеп тұр. Аудан басшылығының да, ауыл басшылығының да кемшілігін Сұлтанмахмұт атамыз әлі жасырып келе жатқандай көрінді. Әрине ұяты білсін!

Жол шетіндегі банер

Жол шетіндегі баннер / Сурет автордікі


Торайғырдан Жасыбай көліне 12 шақырым

Жасыбайға жол тарттық.


Торайғырдан Баянауыл мен Жасыбайға кететін жол айырығы

Торайғырдан Баянауыл мен Жасыбайға кететін жол айырығы / Сурет автордікі


Тасжол жаңадан төселген. Тау бөктерлеп жүретіндіктен көрінісі әсем де ғажайып.


Торайғыр мен Жасыбайкөлі арасындағы жол

Торайғыр мен Жасыбайкөлі арасындағы жол / Сурет автордікі


Сан тарихты ішіне бүккен тау шоқылары қасқайып әлі тұр.


Тас шоқы және тау жолында жүйткіген көліктер

Тас шоқы және тау жолында жүйткіген көліктер / Сурет автордікі


Тас дуалдар. Тастар қалашығына кіріп кеткендей әсер қалдырады.


Тас қалашықтан бір көрініс

Тас қалашықтан бір көрініс / Сурет автордікі


Су ішіп отырған маймыл

Әркім тасты әр нәрсеге ұқсатады. Төмендегі суреттің біріншісін жол бойынан түсірдік. Суреттен қолдары үлкен маймылдың әлденені құшақтап отырғанын аңғаруға болады. Екіншісін маймылдың қолына шығып тұрып түсірдік.


Тасқа өрмелеп бара жатқан Оранготонның басын көріп тұрмын

Үлкен қолымен қаумалап отырған маймылды көріп тұрмын / Сурет автордікі


Ал төмендегі сурет маймылдың бір қолының үстіне шығып тұрып түсірген сурет. Әсілінде су толтырған үлкен кесені ұстап отырған екен.


Тау арасындағы шалшық көлшік

Тау арасындағы шалшық көлшік / Сурет автордікі


Төменде аттан алып қоя салған ертоқымды көріп тұрмын.


Мұнда бір ертоқымның жатқанын кім байқар екен?

Мұнда бір ертоқымның жатқанын кім байқар екен? / Сурет автордікі


Су мен жартас қабысқан. Еліктей секірген балалар. Төмендегі тастың су жақ жиегіне "Нурбол" деген замандасымыз есімін өңі кетпейтін бояумен жазып кетіпті...


Тасқа шығуда өнер

Тасқа шығу да – өнер / Сурет автордікі


Ойықтар мен үңгірлер. "Нағыз жасырынбақ ойнайтын жер екен" дейді балалар.


Бұл тас та бір нәрсеге ұқсайтын секілді

Бұл тас та бір нәрсеге ұқсайтын секілді / Сурет автордікі


Тау арасында жүйткіген көліктерді жиі кездестіресің.


Кемпіртасқа барып келе жатқан көліктер

Кемпіртасқа барып келе жатқандардың көліктері / Сурет автордікі


Төменде жол бойында жатқан алып жануарға ұқсайтын секі тас. Кейде дәу теңіз тасбақасын елестетеді.


Кәдімгі кодтеж үй секілді

Кәдімгі коттедж үй секілді / Сурет автордікі


Өсімдіктерге бай өлке. Төмендегі суретте қасқыр жидекті көріп тұрсыз. Кейде "мойыл" деп те атайды. Бір аңызға қарағанда, жаратқан құдайдан қасқыр "Қандай тамақ жейін" деп сұрапты. Құдай: "Мойыл же!" депті. Сонда қасқыр: "Мойыл ма, мойын ба?" депті. Қасқырдың ұстаған аңның не малдың мойынынан тістеп, тамағынан қылғындыратыны содан деп айтылады.


Қасқыр жейтін Мойыл деген шөп осы

Қасқыр жейтін мойыл (қасқыр жидек деп те атайды) деген шөп осы / Сурет автордікі


Тобылғы – торы, ырғай – күрең!


Тобылғысы бүрлеп, ырғайы гүлдеген екен

Тобылғысы бүрлеп, ырғайы гүлдеген екен / Сурет автордікі


Жасыбай көлі

Жасыбай – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы (Жасыбай аулынан 8 км) табиғаты көркем, тұйық көл. Жасыбай – Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабындағы жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр басқарған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған. Көл Жасыбай батыр есімімен аталған. Батырдың Жасыбай жағалауында зираты бар.


Жасыбай демалыс аймағына кіру ақылы

Жасыбай демалыс аймағына кіру ақылы / Сурет автордікі


Жасыбай көлі – Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде, Баянауыл ауылынан 15 км жерде тауаралық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен 397 м биіктікте. Аумағы –4 км², ұзындығы – 3,5 км, енді жері – 2,4 км, ең терең жері – 14,7 м. Суының көлемі – 25 млн м3, су жиналатын алабы – 31,2 км².

Көл тектоникалық қозғалыстың әсерінен пайда болған. Жағалауы биік жартасты, солтүстік-батыс бөлігі жайпақ келген. Түбі тегіс, лайлы. Суы тұщы, мөлдірлігі 0,5 – 3 м, көкшіл сұр түсті. Жағалауында демалыс үйлері, Баянтау туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем.

Суында тұқы, алабұға, шортан, т.б. балықтар кездеседі. Құстардың 50 шақты түрі (қаз, үйрек, тырна, аққу, т.б.) мекендейді.


Жағасы адамға толғанмен көл беті тыныш

Жағасы адамға толғанмен, көл беті тыныш / Сурет автордікі


Тау-тас пен көл, ағаш пен аспан үндескен өңірде тауға шығып серуендеп қайту да бір ғанибет.

Арша – ағаш текті мәңгі жасыл ағаш. Микробтар мен жаман иістерді жоғалтатын қасиеті болғандықтан жұрт жуынатын суларына салады. Кейде үйге тұтатады.


Көл жағасында арша да бар екен. Арша жемісін теріп жүрген балалар

Көл жағасында арша да бар екен. Арша жемісін теріп жүрген балалар / Сурет автордікі


Көл бойында киім алмастыратын және демалатын орын жеткілікті.


Көл жағасындағы ойын алаңы

Көл жағасындағы ойын алаңы / Сурет автордікі


Тау жағалай ресторандар мен дүкендер.


Көл мен тау арасындағы ресторандар тізбегі

Көл мен тау арасындағы ресторандар тізбегі / Сурет автордікі


Өрттен сақтану және қауіпсіздікті сақтау бекеттері де бар.


Сақшы бекеті

Сақшы бекеті / Сурет автордікі


Жасыбайда 28 демалыс үйі бар.


Санаториялар да жеткілікті

Санаториялар да жеткілікті / Сурет автордікі


Астаналықтар мен Павлодарлықтар демалыс кездерінде осында келіп, дем алады.


Көлге кетіп бара жатқан туристер

Көлге кетіп бара жатқан туристер / Сурет автордікі



Бұл бала осы жердің иесі секілді

Бұл бала осы жердің иесі секілді / Сурет автордікі


Жасыбай көлінің маңындағы құрылыстар


Жасыбай ауылынан бір көрініс

Жасыбай ауылынан бір көрініс / Сурет автордікі


Ауылға әр күні екі рет автобус қатынайды. Жаз мезгілінде күніне 10-20 автобусқа дейін келіп кетеді. Оның сыртында жеке көліктерімен келетін қонақтар да көп.


Жасыбай автобекеті

Жасыбай автобекеті / Сурет автордікі


Көл шеті жыпырлаған адам болғанмен, айдында адам да, қайық та аз.

Қызмет көрсетуді дұрыстау керек

Баянауылға демалуға келетіндер негізінен қазақстандықтар екенін адамдар тобынан білдік. Ресейлік туристер де кездесті. Ал Түркия мен Дубай секілді елдерде дем алып жүрген адамдар үшін Баянауыл өңірі басқаша әсер қалдырары сөзсіз. Алайда тым қарабайыр қызмет көрсету жүйесі көңіл көншітпейді. Бұл – жалпы отандық туризм саласындағы ортақ кемшілік.


Көлдегі қайықтар

Көлдегі қайықтар / Сурет автордікі


Баянауыл үшін тас қалашықтарды көрсетудің, жол бойында жақсы дем алу мен тамақтанудың және қымыз-саумалмен емделіп, атқа мінудің де мүмкіндіктерін жасаса шетелдіктер мен қалтасы қалың қазақтар ағылар еді. Тек көл есебінен туристік саланы дамытуға болмайтынын түсіну керек. Себебі, су ақпайтын болғасын тазалығынан күмәндатанын кірпияз туристер үшін басқа да экзотикалық жолдар ұсыну керек.

Туристер өз шатырларымен де келеді

Туристер өз шатырларымен де келеді / Сурет автордікі


Келесі жылы Баянауылға ұшақтар қатынайды

Бұл туралы 2018 жылы 17 шілдеде Инвестициялар және даму министрлігі хабарлаған болатын. Министрліктің ақпаратына қарағанда Баянауылдағы әуежай жаңартылып жатыр. Келесі жылы саяхат маусымы кезінде Астана, Алматы және Павлодар қалаларынан Баянауылға арнайы жолаушылар ұшағы қатынайтын болады.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары