USDUSD: 519.1 / 521.3
  • EUREUR: 606.5 / 610.5
  • RUBRUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері жарияланды

Бүгін – Батырхан Шүкеновтың туған күні. Көзі тірі болғанда 59 жасқа толар еді.

Нұр-Сұлтан әкімдігі жариялаған Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады.

"Әзірге алғашқы үш эскизі жасалды, онда композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы – саксофонмен де бейнеленген", – делінген елорда әкімдігінің ресми хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылады. Үздік эскизге конкурс жарияланды


№1 эскиз
№2 эскиз
№3 эскиз

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасында – оң жағындағы төменгі бұрышта "Кері байланыс" арқылы, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.

Айта кетейік, қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Жоба демеушілер қолдауы есебінен жүзеге асырылады.


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары